Тақырып Ынтымақтастық дағдыларын дамыту

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы (Дене шынықтыру, 6-сынып)

Құрметті мұғалім! Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әзірленді. Жинақ — мұғалімдердің ұжымдық еңбегінің нәтижесі.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге арналған үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақ ұсыныстық сипатта берілген: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларды толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге болады.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

1-тоқсан

  • 1 Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
  • 2 Командалық спорттық ойындар

2-тоқсан

  • 3 Құрал-жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру
  • 4 Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

3-тоқсан

  • 5 Шаңғы кросс-коньки дайындығы
  • 6 Шытырман оқиғалы ойындар

4-тоқсан

  • 7 Ойын арқылы дағдыларды жақсарту
  • 8 Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын жетілдіру

1-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

1-бөлім: Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

6-сынып

Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер

Оқу мақсаты
6.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну
Бағалау критерийі
Берілген жүктемелерді орындауда нормаларды және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтайды
Ойлау дағдылары
Білу және түсіну

Тапсырма

Қысқа және орта қашықтыққа жүгіру кезінде нормаларды және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Берілген жолақпен белгіленген арақашықтықты бәсекелестік жағдайында жүгіріп өтіңіз.

Дескриптор

  • Жұбымен пәрмен бойынша әрекет етеді.
  • Берілген қашықтықтағы сөре қалыптарын дұрыс орындайды.
  • Жарыста өз жолағымен жүгіріп өтеді.
  • Қауіпсіздік ережелерін сақтау тәсілдерін көрсетеді.

Жүгіру және секіру реттілігі

Оқу мақсаты
6.3.3.1 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету
Бағалау критерийі
Түрлі жаттығуларды орындайды және ағзаға әсерін сипаттайды; қозғалыс дағдыларының күнделікті өмірдегі маңызын энергетикалық жүйемен байланыстырып түсіндіреді.
Ойлау дағдылары
Білу және түсіну

Тапсырма

Шағын топтарда (жұптарда) екпін алып ұзындыққа секіру фазаларының әрқайсысын орындап, оның ағзаға әсерін сипаттаңыз. Жетілдіру жаттығуларынан кейін әр фазаны техника талаптарына сай ретімен көрсетіңіз.

Дескриптор

  • Ұзындыққа секіру фазаларын орындайды.
  • Ағзаға әсерін сипаттайды.
  • Әр фазаның орындалу техникасын көрсетеді.

Әртүрлі снарядтарды лақтыру

Оқу мақсаты
6.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау
Бағалау критерийі
Жалпы дамыту жаттығулары кешенінің реттілігін құрастырады және жаттығуларды талапқа сай орындайды
Ойлау дағдылары
Қолдану

Тапсырма

Кіші допты нысанаға лақтыру және негізгі дағдыны жетілдіру үшін жаттығулар кешенін орындаңыз. Дәлдеу нысанасы (жарға ілулі немесе аспалы) және лақтыру қашықтығы бірнеше деңгеймен беріледі. Салмағы 150 г допты әр деңгейде бірнеше рет қайталап орындаңыз.

Дескриптор

  • Лақтыру дағдысын жетілдіруге арналған арнайы жаттығулар кешенін орындайды.
  • Қимылдар мен жаттығулардың реттілігін сақтайды.
  • Әр деңгей бойынша әрекет түрлерін таңдауда қабілетін көрсетеді.

Эстафеталық ойындар

Оқу мақсаты
6.1.1.1 Аз ауқымды арнайы спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылау және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолдану
Бағалау критерийі
Спорттық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін және үйлесімділік дағдыларын қолданады
Ойлау дағдылары
Қолдану

Тапсырма

4–5 адамнан тұратын команда құрыңыз. Эстафеталық ойында сайысқа түсу үшін дайындық жүргізіңіз. Топта орындалатын жаттығулар: қысқа қашықтықта жүгіру және жүгіруден кейін эстафеталық таяқшаны жалғау. Дайындықтан кейін эстафетада дағдыңызды қолданып, сайысқа түсіңіз.

Дескриптор

  • Жүгіруде жылдамдықты арттыру үшін екпін алу қозғалыстарын орындайды.
  • Эстафеталық таяқшаны жалғау тәсілдерін техникаға сай орындайды.

2-бөлім: Командалық спорттық ойындар

Ойын техникасы дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты
6.1.3.1 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті таңдай білу
Бағалау критерийі
Арнайы спорттық техникалардың дағдылары мен орындалу реттілігін таңдайды
Ойлау дағдылары
Қолдану

Тапсырма

Футбол ойынындағы допты алып жүру және беру техникасын жетілдіруге арналған жаттығуларды қарама-қарсы екі лекте тізбектеліп орындаңыз және баламалы жаттығу түрін ұсыныңыз:

  1. Ойыншы допты қарсы тізбектегі әріптесіне аяқтың ішкі жағымен беріп, өз тізбегінің соңына тұрады.
  2. Ойыншы допты аяқтың ішкі жағымен беріп, жылдам қарсы тізбектің соңына тұрады.
  3. Екі тізбектің ортасында бір ойыншы тұрады: өзіне келген допты аяқтың ішкі жағымен сол допты берген ойыншымен алмастырады.
  4. Ойыншылар алма-кезек допты жүргізу, кеглилерді айналып өту және басқа ойыншыға доп беру әрекеттерін орындап, тізбектің соңына тұрады.

Дескриптор

  • Допты әріптесіне дәл бағыттап, қабылдауға қолайлы жағдай жасайды.
  • Допты алып жүреді, кедергілерден тиімді өтуді көрсетеді.
  • Допты аяқтың ішкі жағымен, биік көтермей береді.
  • Тапсырманы жылдам орындау жолдарын және жетілдіруге арналған баламалы жаттығуды ұсынады.

Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану

Оқу мақсаты
6.1.5.1 Бірқатар дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу
Бағалау критерийі
Жаттығуларды орындауда тактика, стратегия және композициялық идеяларды қолданады
Ойлау дағдылары
Қолдану

Тапсырма

Футбол ойынындағы «жинақылық» тактикасын сынақтан өткізіңіз. Командамен орындау үшін екі команда құрыңыз. Кезекпен негізгі қозғалыс дағдыларын орындай отырып, жинақылық тактикасын іске асырыңыз. Белгілі бір уақыт сайын үзіліс жасап, стратегияларды талқылаңыз және негізгі идеяны анықтаңыз.

Дескриптор

  • Тактикалық әрекеттің ойын нәтижесіне ықпалы туралы түсіндіреді.
  • Командада еркін әрекет етеді (рөлді орындау, орын ауыстыру және т.б.).
  • Командаға өз ұсынысы мен көзқарасын енгізеді.
  • Допты алып жүру және беру техникасының маңызын түсіндіреді.

Командалық жұмыста көшбасшылық дағдысын дамыту

Оқу мақсаты
6.2.1.1 Өзгермелі жағдайға жауап қайтара білу, қимыл әрекеттерімен байланысты білімді анықтау және қолдана білу
Бағалау критерийі
Әртүрлі жағдайдан шығу жолын көрсетеді және негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын анықтайды
Ойлау дағдылары
Қолдану

Тапсырма

Кедергілерден өту тапсырмаларын орындаңыз:

  • Белгіленген екі меже арасын жеңіл екпінмен жүгіріп өтіңіз.
  • Жүгіретін ойыншы алаңның ұзына бойына орналасқан, бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі қатардағы әріптестердің ортасымен жүгіреді.
  • Қатардағы ойыншылар жүгірушіге әртүрлі әдіспен доп береді, ал жүгіруші допты тез қабылдап, иесіне дәл қайтарады.

Дескриптор

  • Кедергілерден өту үшін негізгі қозғалыс дағдыларын көрсетеді.
  • Кенет келген доптарды тез қабылдап, дәл қайтарады.
  • Ширақ қимылдап, жылдам орын ауыстырады.

2-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

3-бөлім: Құрал-жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру

Қауіпсіздік ережесі. Саптағы жаттығулар элементтері

Оқу мақсаты: 6.3.4.1 • Бағалау критерийі: қауіпсіздік ережелерін сақтайды • Ойлау дағдылары: білу және түсіну

Тапсырма

Пәрменге сай саптық қозғалыстарды орындаңыз: «Түзел!», «Тіктел!», «Айнал!», «Залдың жоғарғы ортасынан төменгі ортасына 1(2,4)-лекпен жүріп бас!», «Бір лектен екі лекке саптан!», «Бір қатардан екі қатарға саптан!», «Мұғалімге қарсы қарап бір қатарға саптан!».

Дескриптор

  • Үлкен топта саптық жаттығулардың қажеттілігін түсіндіреді.
  • Жаттығуларды пәрмендерге сай орындайды.
  • Қысқа уақыт ішінде қатарға немесе лекке бой түзейді.

Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау

Оқу мақсаты: 6.1.2.1 • Бағалау критерийі: реттілік құрастырады, талапқа сай орындайды • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

Акробатикалық жаттығуларды тиімді ретімен орналастырыңыз (алдын ала дайындалған суреттер бойынша) және техникасына сай көрсетіңіз: жүрелеп отыру қалпынан артқа домалау; жартылай шпагатқа отыру; алға домалаудан кейін секіріп тұру; тепе-теңдікті сақтау үшін «қарлығаш» қалпы.

Дескриптор

  • Комбинациядағы жаттығуларды тиімді реттілікпен орындайды.
  • Жаттығуларды эстетикалық нормаларға сай көрсетеді.

Снарядтағы жаттығулар кезіндегі өзін-өзі реттеу

Оқу мақсаты: 6.1.4.1 • Бағалау критерийі: өзінің және өзгенің біліктілік сапасын түсіндіреді • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

  1. Төрттағанды гимнастикалық кіші ағаш атқа тіреліп секіруге дайындық: көпіршеде секіріп, тізені жоғары көтере отырып ағаш атқа қос аяқпен отырыңыз.
  2. Осыдан кейін жоғары және алға итеріле секіріп, қос аяққа қоныңыз.
  3. 1 және 2-тапсырманы екпін ала отырып үзіліссіз орындаңыз: 5–6 адым жерден жүгіріп келіп, көпіршені қос аяқпен басып, қолды тірей итеріле секіріп түсу тәсілін көрсетіңіз.

Дескриптор

  • Тіреліп секіруді сәтті орындауға арналған арнайы жаттығуларды тиянақты орындайды.
  • Секіру және қону фазаларының техникасын көрсетеді.
  • Өз жетістігі мен кемшілігін талқылап, қорытынды жасайды.

Топтық жиынтық

Оқу мақсаты: 6.2.2.1 • Бағалау критерийі: көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын қолданады • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

Гимнастика элементтерін қолданып, эстафеталық сайыста көшбасшылық пен командалық жұмысты көрсетіңіз. Сынып екі топқа бөлінеді. Команда мүшелері кезекпен кедергілерден өтіп, келесі қозғалыстарды орындайды: белгіленген межеге алға домалау арқылы жету; гимнастикалық бөрене үстімен жүріп өту; кіші ағаш аттан тіреліп секіруді орындап, межеге жету.

Дескриптор

  • Гимнастика элементтерін орындайды.
  • Көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді.

4-бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты: 6.2.7.1 • Бағалау критерийі: әділ ойын, патриотизм және ынтымақтастық • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

«Теңге алу» ұлттық ойынын спорт зал жағдайына бейімдеп ойнаңыз. Бірнеше команда лекке тұрып, белгіленген межеге дейін жүгіріп барып, межені айналып кері қайтады. Ойыншының мақсаты — жүгіру барысында шүберекке түйілген тиындарды жинау. Әр айналым сайын шүберектер саны және қашықтық өзгертіледі. Тапсырманы жылдам әрі мұқият орындаған команда жеңеді.

Дескриптор

  • Жылдам орындау үшін командаға идея ұсынады.
  • Ойынның негізгі ережелері мен ерекшеліктерін түсіндіреді.
  • Ойындағы әділдік ұғымы туралы пікірін жеткізеді.

Ұлттық ойындардағы тактика мен стратегияларды меңгеру

Оқу мақсаты: 6.2.6.1 • Бағалау критерийі: жарыс іс-әрекеттеріне төрелік етеді • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

Тоғызқұмалақ ойынында төмендегі қалыптардан ойынды бастап, тактикалық әрекеттерді сынап көріңіз және нәтижесімен бөлісіңіз:

  1. Екі ойыншы да тұздықсыз ойынды бастайды.
  2. Ойыншылардың біреуі ғана тұздықпен ойынды бастайды.
  3. Екі ойыншыда да тұздық бар: тұздықтардың қақтығысын әдейі ұйымдастырып көреді.

Сынақтан кейін сәтті болған тұстарын қарсыласыңызбен талқылаңыз және жетілдіруге қолдау көрсетіңіз (төрелік ету, негізгі терминдерді түсіндіру, ұсыныс білдіру және т.б.).

Дескриптор

  • Нәтижеге жету үшін бірнеше әрекет түрін жүйелі түрде жазады.
  • Тиімді нәтиже үшін қолжетімді ресурстарды пайдаланады (кітап, ғаламтор, сыныптасы, ата-анасы және т.б.).
  • Ұлттық ойынды дамытатын дағдылар туралы қорытынды жасайды.

3-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

5-бөлім: Шаңғы кросс-коньки дайындығы

Қауіпсіздік ережесі. Арнайы қозғалыс дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты: 6.3.4.1 • Бағалау критерийі: қауіпсіздік ережелерін сақтайды • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

  1. Карталардағы қауіпсіздік ережелерімен танысып, сәйкестендіру жұмысын орындаңыз (модельдеу әдісі).
  2. Жарақат алған жағдайға мысал келтіріп, алғашқы көмекті ұйымдастырыңыз.
  3. Шаңғышы қозғалысының бірнеше түрін топта талқылап, имитациялаңыз.
  4. Арнайы жаттығулардан кейін ағзаның қай функциясына әсер еткенін анықтаңыз.

Дескриптор

  • Қауіпсіздік ережелері карталарын дұрыс әрі жылдам сәйкестендіреді.
  • Алғашқы көмек көрсетудің негізгі қадамдарын ұсынады.
  • Арнайы жаттығулар топтамасын көрсетеді.
  • Жүктемеден кейін ағзаның жағдайын сипаттайды.

Күш пен шыдамдылықты дамыту жаттығулары

Оқу мақсаты: 6.3.1.1 • Бағалау критерийі: жүктеменің пайдасы мен қауіпін айтады • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

Айналма әдіспен жаттықтыруды орындаңыз. Бірнеше бекетте жаттығуларды бірінен екіншісіне ауыса отырып орындап, арасына белгілі бір уақыт салып қайталаңыз. Жаттығулар түрі:

  • Жатып қолға тірелу қалпынан қолды бүгіп-жазу.
  • Шалқалап жатып денені көтеріп-түсіру.
  • Бір орында секіргішпен секіру.
  • Қайталап жүгіру.

Дескриптор

  • Үлкен жүктеменің пайдасы мен ықтимал қауіпін түсіндіреді.
  • Жүктемені белгілеу, орындау және мөлшерлеу себептерін негіздейді.

Қашықтықты жүріп өтудегі шығармашылық тапсырмалар

Оқу мақсаты: 6.1.3.1 • Бағалау критерийі: техника дағдылары мен реттілігін таңдайды • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

1 км қашықтықты конькимен жүріп өтіңіз. Жүріп өту кезінде төмендегі техникалық тәсілдерді қолданыңыз:

  1. «Апельсин» техникасы: өкшелер бірге, аяқ ұштары екі жаққа қараған қалыпта конькидің ішкі қырымен аяқтарды жан-жаққа сырғытып, шеңберді тұйықтаңыз. Қозғалыс барысында аяқ астында шеңбер бейнесі пайда болады.
  2. «Шамдар» техникасы: «апельсинге» ұқсас, бірақ шеңберді тұйықтамайсыз. Ішкі қырмен жан-жаққа сырғыта отырып, аяқтарды толық жазбай, көбіне параллель қоюға тырысыңыз. Аяқ астында шам сәулелеріне ұқсас іздер пайда болады.

Дескриптор

  • Берілген қашықтықты жүріп өтеді.
  • Сырғанау барысында бірнеше техникалық тәсілді қолданады.
  • Жаттығуларды жеңілден күрделіге қарай орындау реттілігін сақтайды.

6-бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар

Ынтымақтастық дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты: 6.3.4.1 • Бағалау критерийі: қауіпсіздік ережелерін сақтайды • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

Қозғалмалы ойындар кезінде жарақаттың алдын алу шараларын тізімдеңіз. Сыныптасыңызбен талқылаңыз және ойын барысында қолданыңыз. Ойыннан кейін орындалмаған тармақтарды белгілеп, себебін анықтаңыз.

Ойын түрі: «Жүргізушіге допты бермеу»

Ойыншылар дөңгелек бойымен тұрады, арақашықтық — қол созым. Аяқтарының алдына сызық жүргізіледі. 2 немесе 4 жүргізуші ортаға шығады. Дөңгелек бойындағы ойыншылар допты әуеде немесе жермен бір-біріне береді. Жүргізуші допты қағып алуға тырысады. Егер допты ұстап алса, соңғы лақтырған немесе доптан айырылған ойыншы жүргізуші болады.

Дескриптор

  • Қозғалысты ойындарда қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
  • Команданы ұйымдастыруда жетекшілік қабілетін көрсетеді.
  • Ойынды ережеге сай жүргізеді.

Ойындар арқылы мәселені шешу

Оқу мақсаты: 6.1.4.1 • Бағалау критерийі: жетістіктері мен кемшіліктерін түсіндіреді • Ойлау дағдылары: қолдану

Тапсырма

«Дөңгелекке тарт» ойынын ойнап көріңіз. Алаң ортасына бір-бірінің ішінде орналасқан екі концентрлі шеңбер сызылады. Ойыншылар қол ұстасып, үлкен шеңбердің сыртына тұрады. Белгі бойынша ойыншылар қолдарын жібермей шеңбер бойымен бірде оңға, бірде солға қозғалады. Кенет белгі берілгенде ойыншылар тоқтап, көршісін үлкен шеңбердің ішіне тартып түсіруге тырысады. Үлкен шеңбердің ішіне түсіп кеткен ойыншы ойыннан шығады. Ал үлкен шеңберден аттап, кіші шеңберге түсіп, қайта сыртқа шыққан ойыншылар ойынды жалғастыра береді. Үлкен шеңбердің ішіне бірде-бір рет түспеген ойыншы жеңімпаз атанады.

Дескриптор

  • Ойын барысында туындаған қиындықтарды анықтап, шешу жолдарын ұсынады.
  • Тиімді қозғалыс реттілігін көрсетеді.
  • Өз жетістігі мен кемшілігін талқылап, қорытынды жасайды.

Шытырман оқиғалы ойындар арқылы сыни ойлауды дамыту

Оқу мақсаты: 6.2.3.1 • Бағалау критерийі: (мәтін үзіндісі толық емес)

Берілген үзінді осы бөлімде аяқталмайды. Қалған мәтінді жіберсеңіз, құрылымын сақтап, толық форматқа келтіріп беремін.