Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында дайындалды. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақ ұсыныстық сипатта берілген: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларды толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге болады.

Қосымша ресурстар

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында пайдаланылған ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

I тоқсан

  • Бөлім: VI–IX ғасырлардағы Қазақстан

II тоқсан

  • Бөлім: X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан

III тоқсан

  • Бөлім: XIII–XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан
  • Бөлім: Қазақ халқының қалыптасуы
  • Бөлім: Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы

IV тоқсан

  • Бөлім: Қазақ хандығының XVI–XVII ғасырлардағы дамуы
  • Бөлім: XVI–XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет

I тоқсан: VI–IX ғасырлардағы Қазақстан

Тақырып Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Оқу мақсаты

6.3.1.1 Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау

Бағалау критерийі

  • Түрік қағанатының құрылуының басты оқиғаларын ажыратады.
  • Түрік қағанатының құрылуының тарихи маңызын анықтайды.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Тапсырма 1: Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз

  • «Теле» сөзінің мағынасы қандай?
  • Түрік қағанаты қай жылы құрылды?
  • Түрік қағанатын құрған қаған кім?
  • Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?

Тапсырма 2: Сөйлемдерді жалғастырыңыз

Мемлекетті күшейтудегі қызметін сипаттап жазыңыз.

Мен, Бумын қаған
Мен, Шегу қаған
Мен, Білге қаған
Мен, Мұқан қаған

Дескриптор

  • «Теле» сөзінің мағынасын анықтайды.
  • Түрік қағанатының құрылған жылын анықтайды.
  • Түрік қағанатын құрған қағанды анықтайды.
  • Түрік қағанатының екіге бөлінген жылын анықтайды.
  • Бумын қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды.
  • Шегу қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды.
  • Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды.
  • Мұқан қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды.
Тақырып Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Оқу мақсаты

6.3.2.2 Ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау

Бағалау критерийі

Түрік қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Дерек

Түріктер Бумыннан бастап Мұқан қаған тұсында жужандарды бас көтерместей етіп жеңді. Олар билігін батыс бағытта да жүргізе бастады. Бұл жорықта Бумын қағанның інісі Иштеми 10 түмен әскерді басқарды.

Иштеми күшімен «ху еліне» (соғдылықтарға) жорық жасап, Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды. 555 жылы түріктер Арал теңізіне дейін жетіп, жол бойы айтарлықтай қарсылық көрмеді.

Орта Азияның ішкі аумақтарына бағытталған жорықтарда эфталиттер қатты қарсылық көрсетіп, түріктер уақытша тоқтауға мәжбүр болды. Дегенмен 563–567 жылдары оларды бағындырды. 581 жылы (Тобо қаған қайтыс болғаннан кейін) қағанат ішінде өзара соғыс басталды.

Тапсырма

Мәтінге және өз біліміңізге сүйеніп, Түрік қағанатының сыртқы саясатындағы әр бағыттың маңызын сипаттап, кестені толтырыңыз. Жауабыңызды дәлелдермен негіздеңіз.

Нақтылаушы сұрақ

Түрік қағанатының сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған шығыс және батыс бағыттарды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.

Дескриптор

  • Түріктердің шығыс бағытта жүргізген саясатын атайды.
  • Түріктердің батыс бағытта жүргізген саясатын атайды.
  • Маңызды бағыттарды анықтап, дәлелдер келтіреді.
Тақырып Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Оқу мақсаты

6.2.1.3 Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану

Бағалау критерийі

Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану

Тапсырма

  • «Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашыңыз.
  • Ежелгі Қазақстан мен Орта ғасырлардағы Қазақстан карталарын салыстырып, қандай өзгерістер болғанын сипаттаңыз.

Ежелгі Қазақстан картасы

Орта ғасырдағы Қазақстан картасы

Дескриптор

  • «Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашады.
  • Территориялық өзгерістерді анықтайды.
  • Мемлекеттер арасындағы сабақтастықты анықтайды.
Тақырып Көне түркі жазуы

Оқу мақсаты

6.2.3.1 Көне түркі жазуларын түсіндіру

Бағалау критерийі

Көне түркі жазуының маңызын түсінеді.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Тапсырма 1: Суретке сүйеніп жауап беріңіз

Сурет орны (руна/Орхон–Енисей жазуы).
  1. «Руна жазуы» ұғымы нені білдіреді?
  2. Орхон–Енисей ескерткіштерінен қандай мәліметтер алуға болады?
  3. Неліктен зерттеушілерді түркі жазулары қызықтырады?

Тапсырма 2: Маңызын негіздеңіз

«Себебі…» бөлігін дәлелмен толықтырыңыз.

1. Көне түріктер руна жазуын құлыптастарға, тұрмыстық заттарға, қолжазбалар мен хаттар әзірлеуде қолданды, себебі…
2. Көне түркі жазуы түріктердің саяси тарихы туралы ақпарат береді, себебі…
3. Көне түркі жазуы түріктердің мәдениетін көрсетеді, себебі…
4. Көне түркі жазуы түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін сипаттайды, себебі…

Дескриптор

  • «Руна жазуы» ұғымын анықтайды.
  • Орхон–Енисей ескерткіштеріндегі мәліметті саралайды.
  • Зерттеушілердің қызығу себептерін көрсетеді.
  • Жазудың қолданылуын түсіндіреді.
  • Саяси тарихқа қатысты ақпараттық құндылығын түсіндіреді.
  • Мәдениет пен сауаттылықты көрсететінін түсіндіреді.
  • Дүниетанымдық ерекшеліктерді танытатынын түсіндіреді.
Тақырып Атлах шайқасы

Оқу мақсаты

6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау

Бағалау критерийі

Атлах шайқасының тарихи маңызын талдайды.

Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей дағдылары

Мәтін

VIII ғасырдың 30-жылдары арабтар Сырдария түбінде түріктерді талқандады. Бұл көшпелі түрік империясының ыдырауына әкелді.

751 жылы Талас түбінде араб әскерлері қытай әскерлерін жеңді. Бұл шайқас Түркістанда мұсылман немесе қытай мәдениетінің үстемдігі орнауы мәселесін шешті.

Арабтар тұтқынға алынған қытайлықтардан қағаз жасауды үйреніп, оны бүкіл әлемге таратты. Сондай-ақ батыстан Түркістанға мата өндірісін әкелді.

Парсылар Түркістанға келіп қоныстана бастады. Соғды тілінің біртіндеп жойылуы осы үдеріспен байланысты болуы мүмкін. Парсылар өңірде қала мәдениеті мен өндірістің дамуына ықпал етті.

Сұрақтар

Қытайлықтар үшін маңызы

Арабтар үшін маңызы

Түріктер үшін маңызы

Дескриптор

  • Атлах шайқасының қытайлықтар үшін маңызын анықтайды.
  • Атлах шайқасының арабтар үшін маңызын анықтайды.
  • Атлах шайқасының түріктер үшін маңызын анықтайды.
Тақырып Түркі әлемі қалыптасуының басталуы

Оқу мақсаты

6.3.2.1 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру

Бағалау критерийі

Түркі халықтарының миграциясын анықтайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану

Тапсырма

Төмендегі суретті пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Сурет орны (миграция/көш-қон үдерісі).
  • Бұл қандай үдеріс?
  • Бұл үдерісте Ежелгі Қазақстан мен ерте ортағасырлық мемлекеттер арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

Дескриптор

  • Суреттегі оқиғаның атауын атайды.
  • Суреттегі оқиғаның Ежелгі Қазақстан мен ерте ортағасырлық кезеңдермен байланысын көрсетеді.
Тақырып Түркі әлемі қалыптасуының басталуы

Оқу мақсаты

6.1.1.1 Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың картада территориялық орналасуын көрсету

Бағалау критерийі

Ерте ортағасырлық тайпалардың көші-қон бағытын анықтайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану

Тапсырма

Төменде берілген тайпалардың орналасуын және көші-қон бағыттарын стикерлер қолдана отырып, картада белгілеңіз.

  • Ғұн тайпаларының миграциясы
  • Түркі тайпаларының миграциясы
  • Оғыз-қимақ тайпаларының миграциясы
  • Қыпшақ тайпаларының миграциясы

Дескриптор

  • Ғұн тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді.
  • Түркі тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді.
  • Оғыз-қимақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді.
  • Қыпшақ тайпаларының миграциясын картадан көрсетеді.

II тоқсан: X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан

Тақырып Х ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы саяси процестер

Оқу мақсаты

6.3.1.3 Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Бағалау критерийі

  • Дамыған ортағасырлық мемлекеттерді анықтайды.
  • Ерте ортағасырлар картасымен салыстырады.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну, Қолдану

Тапсырма 1

Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің атауларын және хронологиялық шеңберін тірек-сызба арқылы анықтаңыз.

Тапсырма 2: Картамен жұмыс

  • Мемлекеттердің аумағын, көршілерін және астаналарын картаға түсіріңіз.
  • Ерте орта ғасырмен салыстырғанда қандай өзгерістер болғанын картаға сүйеніп сипаттаңыз.

Дескриптор

  • X–XIII ғасырларда өмір сүрген мемлекеттердің атауын және хронологиялық шеңберін атайды.
  • Мемлекеттер мен олардың астаналарын картаға белгілейді.
  • Дамыған және ерте орта ғасыр кезеңдері арасындағы өзгерістерді анықтайды.
Тақырып Қарахан мемлекеті

Оқу мақсаты

6.3.1.3 Мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Бағалау критерийі

Қарахан мемлекетінің саяси құрылысын анықтайды.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну, Қолдану

Тапсырма

Тұжырымдардың мағынасына қарай атау беріңіз.

Дескриптор

  • Ең жоғарғы билеуші титулын анықтайды.
  • Қағанның мемлекеттік саяси-әкімшілік басқару жүргізген орнын атайды.
  • Жер үлестерінің билеушілерін атайды.
  • Көмекші әрі кеңесші қызметін атқарған лауазым иелерін көрсетеді.
  • Мемлекеттегі тәртіптің сақталуын қадағалаушы лауазымды атайды.
Тақырып Қарахан мемлекеті

Оқу мақсаты

6.2.1.2 Ислам дінінің қоғамдық өмірге ықпалын анықтау

Бағалау критерийі

Ислам дінінің түрік қоғамына тигізген әсерін көрсетеді.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Тапсырма

Көмекші сөздер мен өз біліміңізге сүйене отырып, Қарахан мемлекетінің исламды қабылдау себептерін және қоғамға енген өзгерістерді анықтап, тиісті сала бойынша топтастырыңыз.

Көмекші сөздер

Ел ішіндегі жағдай, сыртқы саяси жағдай, араб жазуы, вакфтық жер иелену, билік үшін күрес, монша, кесене, намаз оқу, адам келбетін салуға тыйым салу, Атлах шайқасы, медресе білімі, сәлде орау және т.б.

Себептер

Мұса ханның исламды мемлекеттік дін деп жариялауына түрткі болған 3 себепті жазыңыз.

Өзгерістер

Ислам дінінің енуімен болған өзгерістерді салалар бойынша сипаттаңыз.

Мемлекеттік басқаруда
Құрылыста
Мәдениетте
Тұрмыста

Дескриптор

  • Мұса ханның исламды мемлекеттік дін деп жариялауына түрткі болған 3 себепті көрсетеді.
  • Мемлекеттік басқарудағы өзгерістерді атайды.
  • Құрылыс саласындағы жаңалықтарды атайды.
  • Мәдениет саласына келген өзгерістерді атайды.
  • Тұрмыста енген өзгерістерді атайды.
Тақырып Қыпшақ хандығы

Оқу мақсаты

6.3.2.4 Қыпшақтардың Еуразия тарихындағы орнын анықтау

Бағалау критерийі

Қыпшақтардың көрші елдермен қарым-қатынасын сипаттайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану

Тапсырма: Кестені толтырыңыз

Елдер Қарым-қатынас түрлері
Киев Русі
Хорезмшах мемлекеті
Венгрия
Еуропа елдері
Египет

Дескриптор

  • Киев Русімен қарым-қатынасты сипаттайды.
  • Хорезмшах мемлекетімен қарым-қатынасты сипаттайды.
  • Венгриямен қарым-қатынасты сипаттайды.
  • Еуропа елдерімен қарым-қатынасты сипаттайды.
  • Египетпен қарым-қатынасты сипаттайды.
Тақырып Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Оқу мақсаты

6.4.2.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау

Бағалау критерийі

Ұлы Жібек жолының саяси, экономикалық және мәдени рөлін анықтайды.

Ойлау дағдылары

Қолдану

Тапсырма

Кадрларға бөлінген мәтінді сөйлемдердің логикалық ретімен құрастырыңыз, содан кейін сұрақтарға жауап беріңіз.

Иран шахы Түрік қағанатына 40 мың алтын динар салық төлеп тұруға міндеттеледі.
Византияға баратын жолды бақылап отырған Иран шахы елінің қауіпсіздігі үшін бұған наразылық білдірді.
568 жылы Иранмен келісімге келе алмаған түрік қағаны Естеми соғды көпесі Маниахтың басшылығымен елшілікті Константинопольге аттандырады.
Елшіліктің ізінше жібек артқан сауда керуендері батысқа ағылды, ал Қытайға Византия, Кавказ және Орта Азия елдерінен тауарлар әкеліне бастады.
Уақыт өте Византияның соғысқа кірісу ниеті болмағанын сезген Естеми қаған 571 жылы Иранмен келісімге қол қояды; шекара Әмудария өзені болып белгіленеді.
Б.з.б. 138 жылы аттанған қытай елшілігі көптеген қызықты әрі қауіпті оқиғаларды бастан кешіріп, өз еліне 13 жылдан кейін ғана оралған.
Византия мен Түрік қағанаты арасында әскери одақ құрылып, сауда келісімі жасалады.
Византия императоры түріктерге жауап ретінде Земарх басқарған елшілікті жібереді.
Елшілік Сырдария жағалауларынан Тянь-Шань етегіне қарай төмендеп, Талас аңғарындағы қаған ордасына келді.
Екі ел арасында сауда және әскери одақ құру туралы келісім бекітіледі.
Ежелгі түріктер Ұлы Жібек жолының бір бөлігін бақылай отырып, қытай жібегін Византияға тиімді жолмен сатуға тырысты.
Жібек жолы бөліктерінің біріктіріліп, тұтас желіге айналуы Қытай елшісі Чжан Цзянь есімімен тығыз байланысты.
Қытай императоры У-Ди елшіге жүз адамдық керуенді бастап, батыстың беймәлім елдеріне сапар жасауды тапсырады.

Сұрақтар

  • Түріктер қытай жібегін қай елге тиімді жолмен сатуға тырысты?

  • Византия мен Түрік қағанаты қандай келісім жасады?

  • Византия елшілігі қаған ордасына қандай жолмен келді?

  • Естеми қаған қашан және неліктен Иранмен келісімге қол қойды?

  • Иран Түрік қағанатына салықты қалай төледі?

Дескриптор

  • Сөйлемдерді дұрыс ретпен құрастырады.
  • Қытай жібегін тиімді жолмен сатуға бағытталған елді көрсетеді.
  • Византиямен жасалған келісімнің мазмұнын көрсетеді.
  • Елшіліктің жүріп өткен бағытын сипаттайды.
  • Естеми қағанның Иранмен келісімге келу уақыты мен себебін анықтайды.
  • Иранның салық төлеу тәртібін сипаттайды.
Тақырып Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Оқу мақсаты

6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарды анықтау

Бағалау критерийі

Ұлы Жібек жолының шаруашылық түрлерінің дамуына әсерін сипаттайды.

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну, Қолдану

Дерек

Көшпенділер егіншілердің өніміне мұқтаж болса, отырықшылардың өндірісі көшпенділер сұранысымен анықталды. Көптеген қолөнер кәсіпшілігі ауыл шаруашылық шикізатын өңдеумен байланысты болды. Қолжазбалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византиямен, Иранмен, Орта Азиямен, Кавказбен, Алтаймен, Сібірмен, Шығыс Түркістанмен байланысын көрсетеді.

Тапсырма

Деректі оқып, көшпенділер мен отырықшылардың сауда-саттық үшін өндіретін бұйымдарын анықтаңыз да, кестеге жазыңыз.

Көшпенділер өндіретін бұйымдар Отырықшылар (егіншілер/қалалықтар) өндіретін бұйымдар