Балаларыңызды ернінен сүймеңіз

Бала тәрбиесіне арналған 16 қысқа қағида

Төмендегі ойлар балаға қауіпсіздік, шекара, жауапкершілік және құрмет мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Әр тармақ — күнделікті өмірде қолдануға болатын нақты әрекет.

1) Шекараны ерте қалыптастырыңыз

  • 1

    Балаңызды ернінен сүймеңіз.

  • 4

    Балаңыз өзін сүйгізгісі келмесе, оған ренжімеңіз және ашуланбаңыз.

  • 5

    Балаңызға өз қалауынан тыс оның денесіне ешкімнің тиісуге құқығы жоқ екенін үйретіңіз.

  • 12

    Балаңызбен сөйлескенде оның көзіне қарап сөйлеңіз.

  • 13

    Балаңызды жиі құшақтаңыз. Бала қажетті махаббатты отбасынан ала алмаса, оны сырттан іздеуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

2) Қауіпсіздік дағдыларын күнделікті бекітіңіз

  • 2

    Қоғамдық көлікте «мына апайдың алдына отыр», «мына ағайдың жанына отыр» деп, балаңызды бейтаныс адамдармен жақын байланысқа итермелемеңіз.

  • 3

    Балаңызды басқа адамдармен дәретханаға жібермеңіз — туыс болса да.

  • 6

    Бағдаршамда қызыл жанғанда жол бос болса да, балаңызбен бірге жолдан өтпеңіз.

3) Үлгі көрсетіңіз: сөз бен іс бір болсын

  • 7

    Балаңыздың көзінше коланы ішіп отырып «кола өте зиянды» демеңіз. Айтқаныңыз бен ісіңіз сәйкес болсын.

  • 8

    Өзіңіз кітап оқымасаңыз, «балам кітап оқымайды» деп ренжімеңіз. Алдымен өзіңізден бастаңыз.

4) Қолдау мен талаптың тепе-теңдігін сақтаңыз

  • 9

    «Сен істей алмайсың» деп сағын сындырмаңыз. Оның орнына: «Істеп көргің келе ме?» деп жігерлендіріңіз.

  • 10

    Балаңызбен «дос» болуға тырыспаңыз — ең алдымен ата-ана болыңыз.

  • 11

    Тыйымды көбейтпеңіз. Неге болмайтынын зиянымен бірге, түсінікті тілмен түсіндіріңіз.

  • 14

    Балаңыздың намысына тимеңіз, үнемі кінәлай бермеңіз және ешқашан ешкіммен салыстырмаңыз. Әр баланың өз ерекшелігі бар.

  • 15

    Бірнәрсе үйреткенде қорқытып емес, түсіндіріп үйретіңіз.

  • 16

    Балаңыз қойған сұрақтарға қысқа да нұсқа жауап беріңіз.

Дереккөз: Елжас Ертайұлы, «Бақытты отбасы» отбасылық кеңес орталығы.