Адренэргиялық жүйке жүйесі - вегетативтік жүйке жүйесінін жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін орналасқан (постганглионды) симпатикалық жүйке талшықтарынан кұралады
Адренэргиялық жүйке жүйесі
Адренэргиялық жүйке жүйесі — вегетативтік жүйке жүйесінің жүйке түйіндерінен (ганглийлерінен) кейін орналасқан постганглионды симпатикалық жүйке талшықтарынан құралады.
Негізгі қызметі
Бұл талшықтардың жүйке ұштары адреналин және норадреналин нейрогормондарын бөледі.
Қамтитын талшықтар
Адренэргиялық жүйке жүйесіне тер бездерін жүйкелендіретін талшықтардан басқа, адам мен жануарлар организмдеріндегі барлық симпатикалық жүйке талшықтары жатады.