Серік Арайлым Аққу биі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы – өмір аясы»
Мақсаты
- 1 Оқушыларға Халықаралық отбасы күні туралы мәлімет беру.
- 2 Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке және рухани тазалыққа баулу.
- 3 Отбасы мен ата-ананы қадірлеуге, бағалауға үйрету.
Жабдықтар
- Компьютер
- Мультимедиалық жабдықтар
- Оқушылар бірлесіп жасаған шығармашылық газеттер
Тәрбие сағатының барысы
Кіріспе
Би: «Аққу биі» (Серік Арайлым)
1-жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші
Отбасы күніне арналған «Отбасы – өмір аясы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Негізгі ой
Отбасы – шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адамның өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі ең алдымен отбасында қалыптасады.
Отбасының тірегі
Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ой-сананың өсіп, ақыл-ойдың кемелденуі үшін ең алғашқы рухани нәр балаға отбасынан сіңеді.
Әке деген – биік шыңы адамның,
Әке деген – тірегі ғой ғаламның.
Әке деген – бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Құттықтау сөзі
Салтанатты кештің алғашқы құттықтау сөзі мектебіміздің директоры Абдимана Саматұлы Бралинге беріледі.
Музыкалық номер
Айғаным – «Жаңаарқа вальсі»
Тәрбиелік мазмұн
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап сол ортаға бейімделіп, оның ықпалымен ер жетеді. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке; бүгінгі қыз – ертеңгі ана: әрқайсысы өзінен үлкенге қарап бой түзейді.
Қазақ халқы өнегелі, бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз қазақ кем де кем.
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері – ұрпақ. Баланың негізгі тәрбиесі ең алдымен ата-анадан басталады.
Ата-анаға көз қуаныш –
Алдына алған еркесі.
Көкірекке көп жұбаныш –
Гүлденіп ой өлкесі.
Құттықтау сөзі
Отбасы күні мерекесіне орай құттықтау сөз мектебіміз директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тлеуова Шайзат Дүйсеновнаға беріледі.
Ән
Серік Жаңыл – «Балалық шақтың бекеті»
Көрерменмен интерактив
Ойын №1: «Жасырын би»
- Ортаға 4 ер азамат шақырылады.
- Әрқайсысы көрермен арасынан 1 қызды жұп етіп таңдайды.
- Жасырын қағазда жұптың билейтін биі жазылады.
- Бағалауды көрермен шапалағы анықтайды: ең көп қол соғылған жұп жеңімпаз атанады.
Ойын №2: «Мақалды тап»
- Ортаға жас отау иелері жұптарымен шақырылады.
- Жұбайының арқасына мақалдың басы жапсырылады.
- Ері бір аяқпен секіріп барып, мақалдың жалғасын дұрыс айтуы керек.
- Жылдам әрі дұрыс жауап берген жұп жеңіске жетеді.
Музыкалық номер
Үнді биі (Серік Махаббат пен Мүгірова Бифатимана)
Отбасы туралы ой-толғам
Негізгі тұжырым
Отбасы – қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар сабақтастығының, мәдениет пен рухани құндылықтардың қазынасы. Өнегелі отбасы бар жерде мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.
Ақ жаулығың қымбат маған, анашым.
Тілегімсің, сүйенішім, панамсың.
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол, мейірімді данамсың.
Би
«Кесу тобы» – биі
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрғанына,
Бишілерге қызығып қарасаңшы.
Көңілді сәт
«Күлкі – көңіл ажары». Ойын-сауық отауы – тамаша. Күлдірудің өзі – бір өнер.
Көрініс: «Тамаша» (сахнада)
О, ата-анам, таянышым, тірегім!
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
«Бізді жақсы болса екен» деп қашанда
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.
Қорытынды ой
Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтың бәрі баланың болмысына әсер етеді. Қазақ дәстүрінде отбасы тәлімі – ерекше құндылық.
«Отан отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мәні де осында: адам ұрпағынан елді сүйсіндірер игі іс күтеді, сол мақсатпен жақсылыққа баулиды.
Отбасы – қоғамның негізі, ұрпақтар сабақтастығының және рухани құндылықтардың алтын арқауы. Өнегелі отбасы бар жерде ел де еңсесін тіктейді.
Ән
«Қос бәйтерек» (Түркебай Мөлдір мен Уалишер Тоқтар)
Қорытынды
1-жүргізуші: Осымен «Отбасы – өмір аясы» атты Отбасы күніне арналған кешіміз аяқталды.
2-жүргізуші: Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!
Дереккөз: http:wwwsabak990-sabak.html?Like