Тәуелсіздігін жариялаған күн
«Қазақстан» деген сөздің құдіреті
«Қазақстан» деген ауыр да қастерлі сөздің мәнін осы жерде туған әр азамат терең сезінуі — парыз. Қазақ жері мен елі бізге ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұра.
Тәуелсіздікке апарар жол
Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігі бізге үлгі-өнеге болып қалды. Олар туған жері үшін жанын қиып, құрбан болды.
16 желтоқсан — ата-бабамыздың арманы орындалып, қазақ халқы өз Тәуелсіздігін жариялаған күн.
Біз бұл тәуелсіздікке қол жеткізу үшін талай қиыншылықты бастан өткердік. Енді егемендігімізді қадірлеп, қастерлеп, мемлекетке адал еңбек етуіміз керек.
Болашақ алдындағы жауапкершілік
Биыл тәуелсіздігімізге 24 жыл толады. Бұл күн — Қазақстан үшін ұлы күн. Тәуелсіздік — тек бүгіннің емес, ертеңгі өміріміздің де берік тұғыры.
-
Әрбір Қазақстан азаматы мемлекеттік тілді білуі тиіс.
-
Дәстүрімізді құрметтеп, ұлттық құндылықтарды сақтауымыз керек.
-
Отанымызды қорғау — бәрімізге ортақ міндет.
Қазақстан — біздің ортақ үйіміз, біздің Отанымыз. Мен осындай елде туғаныма мақтанамын!