Бүгіннен қалмай кешпесек бәріміз бір - бір төбешік болып, төбеге томпаямыз

Этнографиялық әңгіме

Жұртқа келген «селебе» бар: «селебені елеме» десе де, халық елге келген обадан осы заманғы үйлерде хлорофостан қырылған тарақандай жайраған бір кердері кезең болса керек-ті.

Аурудан әбден ығыр болған жұрт Үкітайдың баласы Әлтай аяқ астынан қатты ауырып, сандырақтап жатыр дегенді естігенде, аза бойлары қаза болды.

Үдере көшу

Ауылдас ағайын жесір қатын мен жетім баланың жалғыз түйесін есігінің алдына әкеліп, тізіп тастады. Он шақты уақ малын бөліп, осы шетте отырған үйдің төңірегіне иірді де, басқалары апыл-ғұпыл үдере көшті.

Кім біледі, Әлтайдың аяқ астынан ауырғанына қарағанда, малға келген қарасандай елге тағы да оба, әлде сарымас сияқты, әрбір үйден ойбай шығарып, кейбіреулердің түндігі ашылмай қалатындай қысып-жаншитын бірдеңе келіп қалған болар. Ондайда ең дұрысы — іргені аулақ салып, түп көтеріле көшу.

Көш үстіндегі сөз

— Кім біледі, Үкітай, топырақтан тысқары болсақ, әлі-ақ кездесерміз. Әлі-ақ ондай күн туса, бүтін құртты бөліп жеп, жарты құртты жарып жеп отырармыз. Мына мал-жанға ие бол! — деді ат үстінен, үйге түспестен Жармақ шал.

Сырттан айтылған сөз Әлтайдың құлағына анық жетті.

— Мейлі, тағдырдың салғанын көрерміз, — деді де, үні бітіп, діңкесі құрып жатқан Әлтай іргеге қарай төсегінде аунап түсті.

Кедей үйдің тыныштығы

Кедей үйде ағаш төсек те, абдыра да, абажа да жоқ: екі қабаттап құрым киіз үстіне салған бірсалар текеметтен шиқылдаған, сықырлаған дыбыс шықпады. Сондықтан науқас адамның аунағаны да, дыбырлағаны да білінбейтін.

Ел іші «алтын бесік» десек те, сол ел бұларды бесіктен домалатып түсіріп тастап, өздері «шықпа жаным, шықпа» деп күйіттеп бара жатса, енді олардан не үміт, не қайыр? Мұндайда «хал қайыр, жарлы байыр; көтке тисе — кендік, басқа тисе — елдік» дегеннен басқа амал бар ма?!

Тамыршы кемпірдің дабырасы

Бәрі де әлгі тамыршы кемпір Тұрғаннан келді. Таңсәріде осы жерде өрісте түнеп қалған саулы қара сиырын айдап келеді екен. Үкітай «Әлтайымның еті қызып, шыдай алмай шықты» деп айтқанда, кемпір қара сиырын «ек-ек» деп қуа жөнелді.

Үкітай баласының тамырын ұстатып, «ештеңе етпейді, бір-екі күнде тұрып кетеді» деген жарым ырыс жақсы сөз естігісі келмеп пе еді. Бірақ ол елді алатайдай бүлдіреді деп ойлаған жоқ, аяғы мынау болды: жалғыз үй қалды.

«Пәле келіп қалды»

Үкітай үйінің жанынан қара сиырын қуа жөнелген Тұрған кемпір, кимешегінің екі самайынан шашы шығып, екі етегінің шалғайы екі жаққа кетіп, Үкітай үйіне ең жақын тұрған, ежелден «желім ауыз, жез таңдай» атанған қайрақтай қара қатын — Құраластың үйіне ойбайлай кірді.

— Ойбай, келіп қалды! Пәле келіп қалды! Бүгіннен қалмай кешпесек, бәріміз бір-бір төбешік болып төбеге томпайып қаламыз! Егер менің көргенім рас болса, пәле алдымен Әлтайға, содан жағалай жұрттың бәріне жетеді. Көшіңдер, ойбай! Үйді жығыңдар! Келе жатқан пәледен қашып құтылмаса болмайды!

— Не болды, дұрыстап айтсаңшы, — деген Жармаққа кемпір ойбаймен жауап берді:

— Басқа келген пәледен бастан-құлақ садаға! Бір Әлтаймен құтылсаңдар, құдайыңа қой айтарсың. Ойбай, көп қалды! Ойбай, көш, көш!

Ақырған, ақылынан адаса айғайлаған сөз жұрттың өңін бұзды. «Ел құлағы елу»: аздан кейін-ақ «қызыл көз пәле» жайлы қауесет желдей есіп, түндігін сыпырып, үзік бауын шешкендер көбейді.

Ерте тұратын шал-шауқан қалың теріскеннің арасындағы шаңдақта еркінше күйсеп жатқан ойсылқараны ерінге тұрғызып, екі бүйрек солқылдатып ауылға қуып келді.

Енді бір сәттен кейін бұл ауылдың жұртында — жақында ғана осы ауылға сіңіп, әр үйдің итаяғын бір жалап жүрген қарала иттен басқа ештеңе қалмады.

Қарала иттің ұлығаны

Үдере көшкен елді көрген қарала ит енді кімнің жуындысын ішемін дегендей шөкесінен отырып, аспанға қарап ұлыды. Онсыз да есі екеу болып кеткен ауыл адамдарының қараланың ұлығаны түсін тіпті төрт етті.

Жаман ырым

Ескі ауылда иттің ұлығаны жамандықтың белгісі саналады. Ондайда ұлыған итті шақырып, тамақ құятын: «ит аспаннан түсіп келе жатқан пәлелені көреді-міс, сонан соң құдай бұл пәледен иемді сақтай көр деп жалбарынады-мыс».

Бірақ қарала иттің иесі жоқ еді. Ендеше «аш пәле, аш пәледен қаш пәле» деп жұрттың өзі де жанына жақындарын үйелмелеп, үлегіне үйіп алып, пәледен машайық қашыпты.

Сөйтіп ауыл аттанды. Төбеде қарала ит қалды, сайда Әлтайдың қара лашығы қалды. Көштегі қатындардың аузы жыбырлап бара жатты: «Пәлесінен аулақ, пәлесінен аулақ!»

Бұл кезде көштің бірінде түйе үстінде ырғаңдап отырған Тұрған кемпірдің көңілі тоқ еді: жаңа жұртта ауылдың жылы-жұмсағы, тәтті шайы, құрт-майы өз аузына бірінші ұсталарына сенді, тіпті соған шүбә келтірмеді.

Жапанда қалған жалғыз үй

Жапанда жалғыз үй қалды. Төрт қанат үйдің оң жағында Әлтай жатыр. Аурудың беті қиын: ол күнді күнге, түнді түнге ұрып, ысып-күйіп жатты. Тамағынан бір жұтым су да жүрмейді.

Шеше байқұс есік алдына боз інгенді тұсап қойды да, азғантай уақ малды бетке салып қойып, көбіне үйден көздеді. Өйтпегенде қайтсін: жаман айтпай жақсы жоқ, Әлтай бірдеңе болып кетсе, он тұяқ түгілі он мың қойың керек бола қоя ма? Құдайдан бір, адамнан екі сұрап алған жалғыз ұлдан қалған соң дүние не, мал не — иесіз тұл дүние емес пе?

Қараңғы кештің қорқынышы

Ауру күндіз де тыныштық бермейді, бірақ кешке қарай үдей түседі. Кеш батқан соң дала тылсымданып, қара түнек қаптайды: әлде көк желкенде, әлде бет алдыңда бірдеңе бас салғалы тұрғандай көрінеді.

Азғантай уақ мал да медеу іздеп осы қара лашықты айнала тұрады. Ал сырт жақта әлдекімдер сыбырласып жүргендей, немесе құйрығын бұтына қысып, дала ұрысы — азуы алты қарыс қасқыр — қойдың бірін жәукемдеп жатқандай сезіледі.

Үкітай ымыртта үш-төрт қозыны көгендеп алып, кедей үйдің сықырлауығы жоқ киіз есігін түсіреді де, «даладағы малдың қасқырдан қалғаны — менікі» деп үйден аттап шықпайды.

Әлтай он беске келіп, ат жалын тартып мініп, жігіт болып қалған. Үкітай «құдай жеткізсе, енді жетемін бе» деп отырған шағында баласына мына дерт тап болды.

Таң алдындағы сәт

Бүгін кешке қарай Әлтай сыбырлап сөйлеуді де біржола қойды: бір қызарып, бір қуарып, тілсіз-үнсіз жатты. Көзі жайнап тұр, бірақ шығаруға үміт жоқтай.

Таң алды болды. Әлтай төсекте сырылдап-қырылдап, дем ала алмай жатыр; өліп барады десе де болады. Бес күн бойы көз шырымын алмаған шеше қалғып барып, мызғып кетті.

Табалдырықтағы саңылаудан таңның құлан иек алғашқы жарығы түсті. Үйдің іші қара, іргеден жарық сығалайды. Жарық тарта бастағанда Әлтайдың ішінде «бүгінгі күнді де көретін болдым-ау» деген үміт жылт етті. Бірақ денесі әлсіреп, оятуға шама жоқ еді.

Киіз есіктің астынан кірген «пәле»

Сол сәтте киіз есіктің асты көтерілді де, бұралқы қарала ит кіріп келді. Ит тамақ тұратын жерге беттеп, әр нәрсені иіскелеп, шешесі қойдың кешкі жебіндісін сауып қойған қара шелекке бас қойды.

Әлтайда «кет» деуге тіл жоқ. Шешесіне қараса, ұйқыдағы Үкітай әлдебіреуге ұрысқандай қолын көтере береді. Қарала ит осы сәтте шелектегі сүтті тілі салқылдатып іше бастады.

Әлтай көрпені әрең серпіп, аяғымен «итті кет» дегендей шошаң еткізді. Шошыған ит басын жұлып ала бергенде, шелектің бауы мойнына ілініп қалып, салдыр етіп бақыр иттің басына кептеліп қалды.

Көрген түсінен шошығандай Үкітай сарт еткізіп жұдырығын сілтегенде, қолы жанында тұрған ағаш қобдиға тарс ете түсті. Басында бақыр кептеліп қалған қарала ит салдырлатып, алдыңғы екі аяғымен шелекті түсірмек болып тырмалап жатыр.

Иттің салдыры мен қолының ауырып кеткені бар, Үкітай селк етіп оянды. Көз алдына «жаналғыш» — бақыр бас пәле ілігіп кеткендей болды. Есі кеткен Үкітайдың даусы үздік-үздік шықты:

— Айналайын бақыр бас, алатының мен емес, анау жатыр!

Күлкінің артындағы құтылу

Нақ осы сәтте, қиналып жатса да бәрін көріп жатқан Әлтай: — Ах! — деп күліп жібергенін өзі де аңғармай қалды.

Күлкімен қабат аузынан қанды ірің атқылады. Жанын жегідей жеп, жеті күн қинаған жұпар ауруы — баспа — жарылып кеткенін сол мезетте-ақ білді.

Ертеңіне пәледен құтқарған қарала итті шақырып, тамақ құйып, асырап алды.