Шортанбай атты қожада
Қатынын мақтар хас жаман,
Баласын мақтар нас жаман.
Алыстағы дұшпаннан
Андып жүрген дос жаман.
Құдыққа еңкейгенде басындағы топысы суға түсін кетеді. Шортанбай қарманып, ұстай алмай қалады. Сонда былай деген екен ойланбастан:
Басымда топым ба еді көп көргенің,
Мен бе еді осыншама жек көргенің.
Бар сенгенім сен болсаң, екі қолым,
Кәнеки, тап бергенде — ап бергенің?
* * *
Пенде жоқ тәубә қылған ісін біліп,
Төрт кісі өз жақыныңнан талап алар
Оң жаққа салғаннан соң шешіндіріп,
Қолынан қарындастың келгені сол,
Керге сап, көміп қайтар көсілдіріп.
* * *
Шортанбай Қарқаралы қаласына келіп, күн батып, шам жаққан мезгілде Қамыт деген бай ноғайдың қақпасын қағады. Қақпаны ешкім ашпайды. Сонда Шортанбай терезенің тұсына келіп, мына өлеңді айтқан екен:
Осы күнгі ноғаймен атамыз бірге
Хауа анадан жаралды.
Бейіштің дүзін көрмесін
Деген екен сараңды.
Сараң пенде кім десем,
Ноғайларға ұқсайтын көрінеді реңді.
Кіргізбейтін кісіні,
Күн батқан соң бекітіп ап қораңды.
Ноғай, сенің салмасын
Мұсылманға жораңды.
Жер ортасы — Көктөбе,
Ноғай ауған жерінен,
Айырылған соң жау алған
Орманбет хан ерінен.
Қазаққа кеп бай болды,
Ашуланса ноғайды
Айдар қазақ елінен.
Қамытбай: Ойбай, Қожа екен ғой! — деп, өзі шығып, қақпасын ашқызып, құрметтеп, үйіне кіргізіп, отырар - отырмастан он топ кездеме әкеп алдына қояды. Сонда Шортанбай:
Он топ ләңке ал дейсің,
Қоржыныңа сал дейсің.
Ендігі жыл болғанда
Шортанбай атты қожада
Сексен қойым бар дейсің, —
деген екен.
* * *
Құсбек төре дуанбасы болып сайланғанда құтты болсын айта келген Шортанбайға бір айғыр үйірлі жылқы айдатыпты.
Жолда келе жатса, Жамантай хан жылқысының ішінде жүр екен. Келіп амандық-саулық сұрасады. Жамантай: Қожа, қайдан келесің? — депті. Шортанбай: Құсбек ханға қайырлы болсын айтып келемін, — дейді.
Жамантай: Иә, Құсбекті хан қоя алмай – ақ жүр екенсіңдер - ау, — дегенде, Шортанбай:
Ежелден өлең айтқан мен Шортанбай,
Тұсында әрбір ханның бір сұрқылтай.
Құсбек хан дуанбасы болып еді,
Мен түгіл өзің қайтты, хан Жамантай, — дейді.
Жамантай:
Хандықтан айырылған соң жолын ұмытты дерсің, — деп, о да бір айғыр үйірлі жылқы беріпті дейді.
Шортанбайдың Кенесарыны Айыртау — Ортауда Орта жүздің ханы деп көтергенде айтқаны:
Ортауда Кенесары хан көтерген,
Орта жүз соңына ерген тым ертеден.
Бес ата баласынан Жанғұтты бар,
Байсейіт, Дүйсенбай мен Есбай, Қара —
Бір қол боп көрінетін жеке-дара.
* * *
Шортанбайдың Ұлытауда Кенесарыны қазақ елінің ханы етіп, ақ кигізге салып көтергенде айтқаны: Ұлары шулап Ұлытау, Орыс, қазақ қылған дау. Алаша хан, Жошы хан, Қазақтың басы қосылған. Жалаңаш шапқан ер жігіт
Қолдаса құдай келер сау.
Шортанбайдың Құнанбаймен бірге Ертіс бойына барып, онда сыңсып қонған мұжықты көріп айтқаны:
Ертістің бойы ен жайлау,
Көшіме түсті бір байлау.
Алғанын мұжық аз дейді,
Жер қосып тағы жаз дейді.
Келіп те қапты төресі,
Жоқ шығар бізге бересі.
Шығарманың образдар жүйесіне талдау
Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі
Шортанбай поэзиясының тағылым қырларын ашу
Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі
Шортанбай шығармашылығын жан-жақты талдау
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Шортанбай Қанайұлының Зар-заман толғауы
Зар Заман Ақындары туралы ақпарат
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Арал өңірі қазақтарының ХIХ ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт – азаттық күресі
Банктің корпоративтік клиенттерімен жүргізетін операцияларын басқарудың Ақпараттық жүйесін тұрғызу
Шетелдік және отандық журналистикадағы ақпараттық технологиялардың қолданылу ерекшеліктер
Азаматтық және еңбек құықтары
Азаматтық құқық табиғи ресустарды пайдалану
Азаматтық іс жүргізу құқықғының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.