Ана - адам баласына берген Алланың асыл пендесі
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Жазсам егер екі жыр-бірі саған
Ана деп жаздым ылғи сөз басына.
М.Мақатаев
Ана - Құдайдан кейінгі құдірет иесі. Дүйім дүниенің тұтқасын ұстап, күн нұрынан артық жылы шуақ шашпаса, кем түспесі анық. Жанарымен жалғанға жылу беріп, пенде атаулының барлығына жүрегіндегі жұмсақтықты арнап, аялы алақанына салып, бала аяғын жерге тигізбей жүрген де – ана емес пе?! Баласы үшін батпақты да басып, тауды да бағындырып, асудың бәрін де асатын – ана! Өзі жемесе де баласының алдына барын қойып, көңілі тоқ болса болды деп, жаңбырлы күні панасы, желді күні қорғаны, боранды күні шатыры болатын да – ана. Өзін ойламаса да өзегін жарып шыққан баласын өзгеден артық көретін, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан құр қалып бауыр еті баласын уайымдайтын, тыныштығын кірпік ілмей күзететін, тоғыз ай құрсағында, қаз басқанша құшағында, өмір бойы жүрегінде алып жүре алатын жалғыз жан – әрине, ана. Міне, ана құдіретінің қаншалықты күшті екені жай сөзбен ғана жеткізген түріміз. Егер тарқатып айтар болсақ, әр сәт сайын ана алдындағы қарызымызды еске алып, жалғанда жер басып жүруге қысылып, қымтылар едік...
Ана сөзінің өзінде қаншама тұнып тұрған терең көл, сарқырап ағып жатқан қиырсыз өзен, қалың ағашты ну орман жатыр десеңші?! Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, көңіліңді босатып жіберетіні де бар. Ана – адам баласына берген Алланың асыл пендесі. Жеті әлемнің жылылығын, төрткүл дүние төрт бұрышының кеңдігін бір ғана жұдырықтай жүрегіне сыйғыза білген Ана атаулы ардықты жанға басымыз жерге тигенше иілсек те аздық етер. В.Гюгоның сөзімен айтар болсақ: Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя. Бір ғана жүрегі мен алақаны арқылы бүкіл адам баласына бақ сыйлайтын аналар – біз үшін Алладан кейінгі барлық кеңдіктің, барлық көркемділіктің иесі.
Сәбидің Алласы – анасы. Ата–арым, ана–дәрім. Сондықтан жұмақтың кілтін жырақтан іздемей, жанымызда жүрген жандардан іздегеніміз абзал болар. Атам қазақ айтпаушы ма еді, алыстан арбалағанша, жақыннан домала деп. Сөзінің жаны бар. Баланың жарқын болашағы мен бақыты үшін тыным таппай шарқ ұрған ата-ананың балаға деген мейірімі мен өмірде тартқан тауқыметінің қандай болатынын айту оңайға соқпас. Дегенмен, жастар өздерінің де бір күні ақ жаулықты апа, ақ сақалды таяқ тіренген ата болатынын естен шығармағандары жөн болар ед. Егер, қартайған шағында құрметке ие болғысы келсе, қазір әке-шешесіне солай қызмет етуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.а.с) бір хадисінде: Әке-шешесі қолында қартайып, жәннатқа кіре алмағанның жағдайы қандай өкінішті-деген. Негізінде, Алла тағала бізді жәннатқа лайық қылу үшін дүниеде шексіз мүмкіндіктер сыйлаған. Бұл Алланың мейірімділігін танытады. Солардың бірі – ата-анаға құрмет. Айтарым, жұмақтың кілті ананың аяғының астында деп, әкені ысырып, ұмыт қалдырмайық. Ата-ана – егіз ұғым. Оларды бөліп жаратындай біз ешкім де емеспіз. Бір кілт анада болса, екіншісі-әкеде. Сондықтан бес күндік ертең бітер өмірде оларды разы қыла алмай, шынайы, нағыз өмірге барғанда өкініп бармақ тістеп отырмайық, бірақ одан пайда болмас, ол кезде бәрі кеш.
Өмірге перзент әкеліп, ұл-қыз деп бөліп жармаған анамыз әрқашан да бүкіл жақсылықтың иесі боп қала береді. Бұған ешкімнің таласы жоқ шығар. Түнімен ұйқысын төрт бөліп қоймай, баласының тыныштығы үшін кірпік ілмейтін, ешкім білмейтін кездері қаншама?! Ана атаулыға теңеу жоқ. Ананы айтқанда, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қалпағын шешіп, орнынан тік тұрары анық. Ананы айтқанда, өмірден түңіліп кеткен жандардың өмірге деген құлшынысы артып, қайта туылғандай күй кешеді. Ананы айтқанда, төсек тартып жатқандар дертінен айығып, көңілдері көктемдей көтеріңкі, жанарлары жаздай жайдарлы, денсаулықтары қыстай қатты болып кетпесіне кім кепіл. Әрине, ана сөзі айтар ауызға арзан келер сөз емес, бүкіл тіршіліктің қайнар көзі. Ананың өзін көргенде қандай күй кешетіндерін әркім өзі біле жатар, бірақ ана деген сөзді естігенде өмірдің батпағына батпай, суығына тоңбай, ыстығына жанбай, еш қиындықсыз ғұмыр кешетініміз даусыз. Олай болса, тарихта өз орны бар аналар жайында да бір ауыз сөз артық етпес. Айтар болсақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) пайғамбарлығына адамдардың ішінен иман келтірген ең бірінші адам – әйел адам Хадижа анамыз болды. Талай қолына қару ұстаған қаһарман мен батырды, қалам ұстаған ақын мен ғұламаны да аналар әкелген жоқ па дүниеге?! Абайдай аты аңызға айналған ақынды жарық дүниеге әкелген Ұлжандай, тәрбие беріп, бағып-қаққан Зередей жандар сол аналарымыз емес пе?! Төлеген, Мұқағалидей абзал жандардың есімі тарихта қалмас па еді аналар болмағанда. Ер адамның еңсесін көтеріп, жігерлендірген ақын қыз Фариза да анамыз ғой! Айта берсек алып дастан, тізе берсек ұшы-қиыры жоқ тізім. Оны жүрегі ана деп соғар жандар өздері аяқтай жатар. Ал, өз тарапымнан анама деген алғысым мен шексіз махаббатымды өлең жолдарымен жеткізіп көрейін. Әрине, жалғанға сыймаған махаббатымды жеті жолға сыйдырмасым анық, дегенмен ақынға қара сөзден өлең оңай екенін ескергеніміз артық етпес...
Асыл анам
(авторлық өлең)
Парыз өтеп, өмір сұрар Алладан,
Мекке орын баратұғын күллі адам.
Үш рет сені апарсам да арқалап
Қарызыңды өтей алмайм ешқашан.
Мейірімің мерейімді үстем қып,
Жанарыма шаттық сыйлап, мәз қылып.
Өзің берген тәрбиеңмен мен елге
Қамқор болам жақсы ісімді асырып.
Тіпті ай да аспандағы көрінген,
Түсіре алмас жарықты сіз түсірген.
Жүрегіме бойлай алар пенде жоқ
Айтшы, мен өзіңдей кім түсінген?!
Қуаныш пен қайғымды жанарымнан,
Ұғып бірден байқадың қарасымнан.
Мені өзіңдей түсінетін пендені
Таппайтыным мәлім ғой бұл ғаламнан.
Алақаның аялы асыл анам,
Жылуыңмен суықта жылына алам.
Жүзіңдегі шаттықтан ләззат алып,
Өмірді де қайғысыз сүре алам.
“Адамзаттың ардақты да, қадірлі дүниесі оның анасы”
Абай шығармаларындағы ұлттық діл мен ұлттық таным
Христиан діні және отбасы
Ата дәстүрі – асыл қазына
Яссауи философиясындағы әлем мәселесі
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Имандылыққа баулу қазақ ілімі
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Қазақтың ұлағатты діни ойшылы
Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін оқыту
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ДОМАЛАҚ АНА
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Жаңа заман талабы
Ерте Палеолит адамдары
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
Пайда, оның экономикалық мазмұны, түрлері және анықтау әдістері «Қостанай минералдары»