Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты
Балалардың заттарды айқын образ арқылы сипаттай білуін дамыту, ертегілер туралы түсініктерін бекіту, тілін және ойлау қабілетін жетілдіру.
Мәлімет
- Ұйым:
- Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі (КММ)
- Тобы:
- Мектепалды даярлық тобы
- Тәрбиеші:
- Ибраева А.М.
- Оқу жылы:
- 2012–2013
Кіріспе
Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар және балалар, «Ертегілер еліне саяхат» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Орманнан келген хат
Балалар, бізге ертегілер елінен хат келіпті. Хатта былай деп жазылыпты:
«Қымбатты балалар! Сіздерді орманға саяхатқа шақырамыз. Барамыз ба?»
Балалар: Иә, иә!
Тәрбиеші: Ендеше, орманға аттанбас бұрын ертегілерді еске түсірейік. Қандай ертегілерді білесіңдер?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Ертегілерден қорықпайсыңдар ма? Балалар: Жоқ, жоқ.
Тәрбиеші: Ендеше, ертегі орманына аттанайық. Бізді ол жаққа «Ертегілер өлеңі» жетелейді.
Ертегі: «Қасқыр мен лақтар»
Тәрбиеші: Ал, балалар, ертегіні бастайық — «Қасқыр мен лақтар».
Ерте, ерте заманда бір ешкі болыпты. Оның жеті лағы болыпты. Ешкі лақтарына үй жасапты. Өзі күнде тоғайға барып, тамақ жинап әкеледі екен.
Қасқырдың айласы
Бір күні қасқыр ешкінің бұл әдетін біліп қояды. Ешкі тоғайға кеткенде, қасқыр есіктің алдына келіп:
«Балаларым, шырақтарым,
Қу шұнақтарым,
Сендерге сүт әкелдім,
Есікті ашшы, лағым!»
Лақтар жауап береді: «Біз саған есік ашпаймыз. Сен бізді алдап тұрсың. Біздің шешеміздің дауысы сенің дауысыңдай жуан емес».
Қасқыр қанша тұрса да, есік ашылмаған соң кетіп қалады.
Түлкінің келуі
Содан соң түлкі келеді. Есік қағып:
«Балаларым, шырақтарым,
Қу шұнақтарым,
Сендерге сүт әкелдім,
Есікті ашшы, лағым!»
Лақтар тағы да: «Біз саған есік ашпаймыз. Сен бізді алдап тұрсың, өтірік айтасың», — дейді.
Тәрбиелік түйін
Анасы келіп: «Балалар, есікті ашпағандарың жақсы болған. Егер ашсаңдар, ол сендерді жеп қоятын еді. Бұдан былай да сақ болыңдар», — дейді.
Қорытынды
Тәрбиеші: Осымен біздің шағын ертегіміз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Өнер бөлімі
Қазір балалардың орындауында би: «Балапандар».