Жалғаулық шылауларын ата

Сабақтың тақырыбы

Себеп–салдар салалас

Сабақтың түрі

Сын тұрғысынан ойлау (СТО)

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, топтастыру, дамыта оқыту

Көрнекіліктер

Плакат, кеспе қағаздар, АКТ, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, орыс тілі

Сабақтың мақсаты

  • Мысалдар келтіру және жаттығу жұмыстарын орындау арқылы себеп–салдар салаласты түсіндіріп, меңгерту.
  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге назар аударуға үйрету.
  • Сын тұрғысынан ойлау арқылы тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру; сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу.
  • Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

қысқа бөлім
  • Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  • Оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
  • Зейінді сабаққа аудару, оқушыларды топқа бөлу.

2) Үй тапсырмасын пысықтау (топтық жұмыс)

І топ — 148-жаттығу

  • Құрмалас сөйлем деген не?
  • Құрамына қарай түрлерін атаңдар.
  • Мысалдар келтіріңдер.

ІІ топ — 148-жаттығу

  • Салалас құрмалас сөйлем деген не?
  • Түрлерін атаңдар.
  • Мысалдар келтіріңдер.

ІІІ топ — 148-жаттығу

  • Ыңғайлас салалас сөйлем деген не?
  • Жай сөйлемдердің байланысу жолын түсіндіріңдер.
  • Мысалдар келтіріңдер.

3) Ой шақыру

Тіл туралы өлең шумақтары мен мақал-мәтелдер арқылы ой қозғаймыз.

Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тілге тәуелді.

4) Жаңа сабақты түсіндіру (топтық жұмыс)

І топ

Берілген жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырыңдар және ережесін шығарыңдар:

Биыл шөп қалың шықты.

Жаңбыр көп жауды.

ІІ топ

Сөйлемдерді жалғаулық шылаулар арқылы байланыстырыңдар. Жалғаулық шылауларын атаңдар:

Қорадан мал ұрланыпты.

Базарбайды қатты соққыға жықты.

ІІІ топ

Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, себебін анықтаңдар:

Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады.

Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес, себебі ондағы көлдің төңірегіне жайыла шалғын өседі.

Негізгі ұғым: себеп–салдар салалас

Құрамындағы жай сөйлемдердің біреуі екіншісінің себебін немесе салдарын білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп–салдар салалас дейміз.

Жалғаулықсыз байланысу

Жай сөйлемдер іргелес тұрып та байланысады. Мұнда қайсысы себеп, қайсысы салдар екенін көбіне тыныс белгілері арқылы ажыратамыз.

Себеп алдымен келсе — үтір қойылады:

Биыл шөп қалың шықты, жаңбыр көп жауды.

Салдар алдымен келсе — қос нүкте қойылады:

Біз ауылға жаяу тарттық: көлік жүре алмайтын тар жол бізге басқа амал қалдырмады.

Жалғаулықты байланысу

Себеп–салдар салаласта сөйлемдер жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады: өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті, неге десеңіз.

сондықтан, сол себепті болса — себеп алдымен, салдар кейін келеді:

Қорадан мал ұрланыпты, сол себепті Базарбайды қатты соққыға жықты.

себебі, өйткені, неге десеңіз болса — салдар алдымен, себеп кейін келеді:

Бұл араның малы қыс жұтауға тиісті емес, себебі ондағы көлдің төңірегіне жайыла шалғын өседі.

Ескерту: себеп–салдар салаласта жай сөйлемдердің орын тәртібін көп жағдайда ауыстырып айтуға болады, бірақ тыныс белгісі мен мағыналық екпін дұрыс сақталуы керек.

5) Сабақты бекіту (жаттығулар)

150-жаттығу

Мәтін мазмұнына байланысты себеп–салдар салаласқа 5 сөйлем құрастырыңдар.

151-жаттығу

Берілген кестені бағдарға алып, жалғаулықты немесе жалғаулықсыз (дауыс ырғағы арқылы) байланысқан салаласқа мысал келтіріңдер. Тыныс белгілеріне назар аударыңдар.

152-жаттығу

Мәтін мазмұнына сүйене отырып, бірнеше себеп–салдар салалас сөйлем құрастырыңдар және олардың қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңдер.

6) Сергіту сәті

Мақал-мәтел бойынша сурет салу (топтық жұмыс).

І топ

Туған жерге туың тік.

ІІ топ

Бақа көлінде патша, жігіт елінде патша.

ІІІ топ

Туған жердің жері де көрікті, елі де көрікті.

7) Білімді қорытындылау (ой толғаныс)

І топ

Себеп–салдардың мақсаты қандай?

ІІ топ

Себеп–салдардың байланысу жолдары қандай?

ІІІ топ

Себеп–салдар салаласта тыныс белгісі қалай қойылады?

8) Бағалау

  • Критериалды бағалау.
  • Топтық бағалау.

9) Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі (тақырыпты қайталау, себеп–салдар салаласқа сөйлемдер құрастыру, жаттығуларды орындау).