Музыканы сипатта

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге арналған үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақ ұсыныстық сипатқа ие: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

1-тоқсан

  • Ортақ тақырып: Өзім туралы
  • Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым

2-тоқсан

  • Ортақ тақырып: Менің мектебім
  • Ортақ тақырып: Менің туған өлкем

3-тоқсан

  • Ортақ тақырып: Дені саудың — жаны сау
  • Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

4-тоқсан

  • Ортақ тақырып: Қоршаған орта
  • Ортақ тақырып: Саяхат

1-тоқсан: «Өзім туралы»

Төмендегі тапсырмалар «Музыканы тыңдау, талдау және орындау» және «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру» бөлімдері бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған.

Бөлімше 1.1 — Музыка тыңдау және талдау

Оқу мақсаты
2.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдардың көмегімен музыканың сипатын анықтау
Бағалау критерийі
  • Тыңдалған шығарманың мазмұнын және көңіл күйін атайды.
  • Терминдерді қолдана отырып, музыкалық шығарманы сипаттайды.

Тапсырма

П. И. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетінен «Танец феи Драже» үзіндісін тыңда: http:mp3-crazylisten_music64926.html

  • Музыканың көңіл күйі қандай?
  • Музыканың мазмұнын сипатта.
  • Музыкалық үзіндіге сәйкес келетін динамика белгілерін анықта.
(біртіндеп ақырын)
(біртіндеп қатты)
(қатты)
(ақырын)

Музыканы тыңдау барысында сәйкес динамика белгісін көтер.

Дескриптор

  • Музыканың көңіл күйін анықтайды.
  • Музыкалық шығарманың мазмұнын сипаттайды.
  • Шығармаға сәйкес динамика белгілерін таңдайды.
  • Көңіл күйін, мазмұнын және көркем құралдарын ажыратады.

Бөлімше 1.1 — Вокалдық және аспаптық әуенді ажырату

Оқу мақсаты
2.1.1.2 Әуеннің вокалдық және аспаптық түрін ажырату және анықтау
Бағалау критерийі
Естіген музыканың жанрын ажыратады және анықтайды.

Тапсырма

Д. Б. Кабалевскийдің «Клоуны (Сайқымазақтар)» шығармасын тыңда.

  • Музыканың жанрын анықта.
  • Жауабыңды түсіндір.
вокалдық
аспаптық

Дескриптор

  • Музыканың жанрын анықтайды.
  • Жауабын түсіндіреді.

Бөлімше 1.2 — Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет

Оқу мақсаты
2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау
Бағалау критерийі
Әнді орындау ережесін сақтап орындайды.

Тапсырма

Сөзі Қабдыкәрім Ыдырысовтікі, музыкасы Ескендір Хасанғалиевтікі «Келші, келші, балашым» әнін ән айту ережесіне сай орында: https:www.youtube.com/watch?v=R9CiCs4mSsI

Ән мәтіні

1) Айым болып тудың ба? Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба? Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң, сұрауы бар судың да…
Ботақаным, сен үшін мен барымды аяман.

2) Қуанышым, арай жүз, сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып, мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде болмаған деп санаймыз.

3) Жалғыз дара өзіңсің, атасының көзісің.
Әжесінің сөзісің, аппақ мөлдір сезімсің.

4) Не деп енді мақтайын, айтуға сөз таппаймын.
Сөйлеп кетсем көбірек, мен әжеңе жақпаймын.
Келші, келші, балашым, бір иіскемей жатпаймын.

Дескриптор

  • Орындау барысында ырғақты сақтайды.
  • Ән айту ережесін сақтап орындайды.

Бөлімше 1.2 — Ансамбльде сүйемелдеу

Оқу мақсаты
2.1.2.2 Ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау
Бағалау критерийі
Әуенді ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен орындайды.

Тапсырма

Берілген ырғақты қазақ халқының ұрмалы аспаптарында (дауылпаз, даңғыра және т.б.) ансамбльмен орында.

Берілген ырғақты қарапайым шулы ұрмалы аспаптарда да ансамбльмен орында.

Дескриптор

  • Ырғақтық суреттемені қазақ ұлттық аспабында ансамбльмен орындайды.
  • Ырғақтық суреттемені қарапайым шулы ұрмалы аспапта ансамбльмен ойнайды.
  • Екпін мен ырғақты сақтай отырып, ансамбльмен орындайды.

Бөлімше 1.3 — Музыкалық сауаттылық

Оқу мақсаты
2.1.3.3 Нотамен қарапайым әуендерді оқу
Бағалау критерийі
Есту арқылы «соль» және «ми» ноталарының дыбыс биіктігін анықтайды.

Тапсырма

Мұғалімнің көмегімен әуенді тыңдап, «соль» және «ми» ноталарының биіктігін анықта.

Ноталарды тиісті түспен боя.

«Соль» және «ми» ноталарының нота сызығындағы орнын ата.

Дескриптор

  • «Соль» және «ми» ноталарының биіктігін анықтайды.
  • Ноталарды ажыратып, түсіне сәйкес бояйды.
  • Ноталардың нота сызығындағы орнын атайды.

Бөлімше 2.1 — Музыкалық шығармашылық

Оқу мақсаты
2.2.1.2 Қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану
Бағалау критерийі
  • Аспаптардың көмегімен музыкалық фраза шығарады.
  • Шығарылған музыкалық фразаларды импровизациялайды.

Тапсырма

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмін қара: https:www.youtube.com/watch?v=KNCovrApSbY

Топтық жұмыс

  1. Ұрмалы және шулы аспаптарды қолдана отырып, ертегі кейіпкерлерінің біреуіне музыкалық сүйемелдеу жаса.
  2. Аспаптардың көмегімен кейіпкерге арналған музыкалық фразаларды құрастыр.
  3. Өз шығармашылық жұмысыңды топпен бірге орындап көр.

Дескриптор

  • Аспаптарды қолдана отырып, музыкалық фразалар шығарады.
  • Ұрмалы және шулы аспаптардың көмегімен кейіпкер образын дыбыстайды.
  • Ертегі кейіпкерінің образын дәл жеткізеді.
  • Жұмысын топпен бірге орындайды.

1-тоқсан: «Менің отбасым және достарым»

Музыка тыңдау және талдау

Оқу мақсаты
2.1.1.2 Әуеннің вокалдық және аспаптық түрін ажырату және анықтау
Бағалау критерийі
Естіген музыкасы бойынша сезімін қимыл арқылы көрсетеді.

Тапсырма

Құрманғазының «Балбырауын» күйін тыңда: http:music.nur1042697-kyrmanfazi-balbirauin-(or-k-ahmediyarov)

  • Естіген шығарманың жанрын анықта (аспаптық/вокалдық).
  • Тыңдалған күйге сәйкес келетін суретті таңдап, белгіле.

Дескриптор

  • Музыкаға сәйкес суретті таңдайды.
  • Күйдің жанрын анықтайды.

Ән орындау

Оқу мақсаты
2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді айту ережесін сақтап орындау
Тапсырма

Сөзі Фариза Оңғарсынованікі, музыкасы Айжігіт Асановтікі «Достар» әнін жеке және хор құрамында ән айту ережесін сақтап орында: http:x-minus.orgtrack236015%D0%B4%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80-%D0%B0%D0%BD%D0%B8

Ән мәтіні

Ақ, қарамыз, сарымыз. Тату доспыз бәріміз.
Достық жайлы ән салып, шырқатайық, кәне, біз!

Қайырмасы:

Жүзімізге қараңыз, бал-бұл жанған баламыз.
Бізге қымбат күн шуақ, бізге қымбат анамыз.

Күннің нұрын сүйеміз, қырдың гүлін сүйеміз.
Бізді ойнатып тәтелер, күлдіргенін сүйеміз.

Қайырмасы:

Балдырғанбыз арай жүз, бал-бұл жанып қараймыз.
Ойыншықтар біздерде көп болғанын қалаймыз.

Дескриптор

  • Әннің әуенін дұрыс орындайды.
  • Екпінін сақтайды.
  • Ырғағын сақтайды.
  • Әнді жеке және хормен орындайды.

Ансамбльдегі ырғақ

Оқу мақсаты
2.1.2.2 Ансамбльде музыкалық аспаптардың көмегімен шығарманы қарапайым ырғақпен сүйемелдеп орындау
Бағалау критерийі
  • Берілген ырғақты ансамбльде музыкалық аспаптармен ойнайды.
  • Екпін мен ырғақты сақтайды.

Тапсырма

Сүйемелдеу жасау үшін берілген аспаптардың ішінен шулы аспаптарды таңда.

Берілген ырғақтық суреттемелерді шулы аспаптарда орында.

Дескриптор

  • Шулы аспаптарды ажыратады.
  • Ырғақтық суреттемені шулы аспапта ансамбльмен ойнайды.

Музыкалық сауаттылық: қол белгілері

Оқу мақсаты
2.1.3.3 Нотамен қарапайым әуендерді оқу
Бағалау критерийі
Әуенді қол белгілерін қолданып, нотамен орындайды.

Тапсырма

Берілген әуенді мұқият тыңда.

Әуенді қол белгілерімен көрсете отырып, нотамен орында.

Дескриптор

  • Әнді мұқият тыңдайды.
  • Әуенді қол белгілерімен көрсетіп орындайды.

Шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау

Оқу мақсаты
2.3.1.1 Шығармашылық жұмысын көрсету және бағалай білу
Бағалау критерийі
  • Өз шығармашылық жұмысын таныстырады.
  • Жақсы жақтарын және жақсартуды қажет ететін тұстарын айтады.

Тапсырма

Топтық жұмыс

Музыкалық аспаптар мен дауысты қолдана отырып, жанұя мүшелерінің дауысын дыбыста.

ата
әже
қыз
ұл

Жұмысыңды таныстыр және бағала.

Дескриптор

  • Отбасы мүшелерінің дауысын нақышына келтіріп салады.
  • Өз жұмысын таныстырады.
  • Жұмыстың жақсы жақтарын атайды.
  • Жақсартуға қатысты ұсыныстар айтады.

2-тоқсан: «Менің мектебім»

Музыка тыңдау және талдау

Оқу мақсаттары
  • 2.1.1.1 Музыкалық көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау
  • 2.1.1.2 Әуеннің вокалдық және аспаптық түрін ажырату және анықтау

Тапсырма

Н. Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңда.

  • Шығарманың көңіл күйін, динамикасын және екпінін анықта.
  • Сәйкес терминдерді қолдана отырып сипатта: көңілді/көңілсіз, баяу/жылдам, екпінді/байсалды, ақырын/қатты.
  • Жанрын анықта (вокалдық/аспаптық).

Дескриптор

  • Күйді тыңдайды.
  • Көңіл күйін, екпінін және динамикасын анықтайды.
  • Терминдерді дұрыс қолданады.
  • Жанрын анықтайды.

Ән орындау: «Мектебім, аяулы мектебім»

Оқу мақсаты
2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау

Тапсырма

Сөзі мен әні Б. Бейсенованікі «Мектебім, аяулы мектебім» әнін музыкалық жазбаға қосылып орында. Әнді екпіні мен ырғағын сақтап, жеке және хор құрамында ән айту ережесін сақтай отырып орында: http:music.nur1061593-bota-bejsenova-mektebim-ayaulim-mektebim

Ән мәтінін көрсету

Мектебім, аяулы мектебім, өзіңсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын арманға көктегі.

Мектебім, келеміз тағы да, күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау — бар бала бағына.

Қайырмасы:

Мектебім, аяулы мектебім, бағыңда гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы, нәр алып келемін.

Келеміз қуанып біз дәйім, мектепім — сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады, қарсы алып күн сайын.

Мектебім, өзіңді сүйемін, білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында басымды иемін!

Қайырмасы:

Мектебім, аяулы мектебім, бағыңда гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы, нәр алып келемін.

Дескриптор

  • Әнді таза дыбыспен айтады.
  • Екпінін сақтайды.
  • Ырғағын сақтайды.
  • Әнді жеке және хормен орындайды.

3-тоқсан: «Дені саудың — жаны сау»

Музыкалық шығармаларды салыстыру

Оқу мақсаттары
  • 2.1.1.1 Музыканың көркемдеуші құралдарын және музыканың сипатын анықтау
  • 2.1.1.2 Әуеннің вокалдық және аспаптық түрін ажырату және анықтау
Бағалау критерийі
  • Күйдегі музыканың көркем құралдарын анықтайды.
  • Музыкалық шығармаларды салыстырады және жанрын анықтайды.

Тапсырма

Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйінің екі түрлі нұсқасын тыңда:

Жауап бер

  • Шығарма қандай аспапта орындалды?
  • Күйді сипатта, көркем құралдарын анықта.
  • Ырғағы, екпіні, динамикасы қандай?
  • Жанрын анықта (вокалдық/аспаптық).
  • Екі түрлі орындаудың айырмашылықтарын ата.

Дескриптор

  • Музыкалық шығарманың көңіл күйін сипаттайды.
  • Көркем құралдарын анықтайды.
  • Екі үзіндіні салыстырып, айырмашылығын ажыратады.

Ән орындау: «Футбол»

Оқу мақсаты
2.1.2.1 Түрлі сипатты әндерді ән айту ережесін сақтап орындау
Бағалау критерийі
Әнді жеке және хормен айтады.

Тапсырма

Дәулеткерей Қиқымовтың «Футбол» әнін музыкалық жазбаға қосылып жеке және хор құрамында орында. (10_Futbol-.mp3, 10_Futbol+.mp3)

Ән мәтіні

Ойын деген ғаламда әркімнің бар өнері.
Футболшы да алаңда — ала доптың шебері.

Қайырмасы:

Ей, ей, ей! Нағыз ойын — футбол,
Соғылсын көп гол, гол, гол!

Кішкентайдан қуалап, доп тебетін бала көп.
Соғылса гол туралап, тулап жатар ала доп!

Футбол өтсе стадион жанкүйерсіз болмайды.
Ойыншыны достары айқай салып қолдайды.

Дескриптор

  • Орындау барысында екпін мен ырғақты сақтайды.
  • Әнді жеке, ансамбль және хор құрамында орындайды.
  • Негізгі дирижерлық қимылдарды қолдана отырып орындайды.