Балабақша әнұраны

1 қыркүйек — Білім күніне арналған салтанатты шара

Мақсаты

  • Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру.
  • Сахналық мәдениетін қалыптастыру.
  • Мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Бағдарлама

I. «Көңілді балалар» биі

Салтанатты шара көңілді биден басталады.

II. Ән: «Күмбірле, қоңырау»

Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.

Бала

Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.

Бұл — екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің сәніміз,
Біз осы үйдің гүліміз.

Тәрбиеші

Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, балалар, барша қонақтар! Бүгін — 1 қыркүйек, Білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Балабақша әнұраны

Тәрбиеші

Биіктерге бастайтын асқаралы,
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні.

Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық бақшамыздың әнұранын!

Орындау: Балабақша әнұраны

Құттықтау сөз

Бүгінгі Білім күні мерекесімен құттықтау құрметі Ақбота шағын орталығының әдіскеріне ұсынылады: ______________.

Әндер топтамасы

  • Ән: «Бақытты баламыз»
  • Жеке ән: «Мен әдепті баламын»

Тәрбиеші

Білім бастауы — балабақшада. Ендеше, бүгінгі мерекеде тағы бір әнімізді балабақшамызға арнайық!

Балалардың өлеңдері: білімнің маңызы

«Білім керек бәріне!»

Ф. Оңғарсынова

Корабльді басқарып,
Көк жүзіне самғасам,

Тауды бұзып, тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам,

Таңдандырар бар елді
Ғажап үйлер сала алсам,

Жасартатын әжемді
Дәрі де ойлап таба алсам…

Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

«Білім»

М. Ибраемова

Білім — менің ертеңім,
Өсу үшін өркенім.

Жүзем оқу — айдында,
Жайып білім желкенін.

Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей,
Еліме қызмет етуге!

Орындау

Ән: «Тәй-тәй»

Келесі ән

Тәрбиеші

Жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін! Енді бүлдіршіндеріміздің сүйікті балабақшаға арнаған кезекті әніне кезек берейік.

Ән: «Балабақшам — бақытым»

Алғашқы қоңырау соғу салтанаты

Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау — жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүр. Ендеше, 2013–2014 оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай бүлдіршінімізге ұсынамыз: … … …

Қорытынды

Тәрбиеші

Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудың үні қандай!

Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!

Ғылымның көп тас қамалы,
Ғалымдық та асқаралы.

Бар білімнің нұр бастауы —
Балабақшадан басталады!

Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тәмам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рақмет! Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына шақырамыз!

Қорытынды ән: «Күмбірле, қоңырау»