Резеңке қолғап

Зәрдегі ацетонды анықтаудың экспресс-әдісі

Мақсаты: Қант диабетімен, жүйке-артриттік диатезбен ауыратын балалардың зәріндегі кетонды денелердің (ацетон) сапалы анықтау.

Көрсеткіші: балада қантты диабеттің анықталуы.

Кері көрсеткіші: жоқ

Керекті құралдар:

· Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар.

· Сүзгіш қағаз.

· Горшок.

· Резеңке қолғап.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4. Экспресс-диагностикаға арналған таблеткаларды (құрамында: нитропруссид, күкірт қышқыл алюминий бар) алып, сүзгіш қағаздың үстіне қою.

5. Таблетканың үстіне таза горшокқа жиналған зәрдің 2-3 тамшысы қосылады.

6. 1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді.

Нәтижесін бағалау: Таблетканың түсін шкаламен салыстыру:

· Ақшыл сары-әлсіз оң (+);

· Қызыл-қоңыр-оң (++);

· Шие түстес-күрт оң(+++);

7. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту:

1. Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.

2. Таблетка болмаған жағдайда: 10 гр.натрий нитропруссид, 20 гр.аммоний сульфат, 20 гр. сусыз натрий карбонатты алып мұқият араластырып ұнтақталады.



Ұқсас жұмыстар

Жұмыс орнындағы мейірбикенің қауіпсіздігі
Зарарсыздандыру
Химия өнеркәсібі географиясы
Мал шаруашылығы жұмысшыларының жеке гигиенасы және еңбек гигиенасы
Медициналық техникалар (әрекеттер)
Сиырларды қолдан ұрықтандыру
Ветеринариялық зертханадағы техника қауіпсіздігін сақтау ережесі
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Лазер сәулелерінен ультра және инфра дыбыстан қорғану
Балапандарды бағып – күту әдістері
Резеңке қолғап, алжапқыш