Тік төртбұрыштардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Сынып
Бастауыш сынып
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, көрнекілік
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, ойындар, кестелер, суреттер

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың тік төртбұрыш туралы бұрынғы білімдерін еске түсіру және тік төртбұрыш пен шаршының периметрі мен ауданын әртүрлі тәсілмен табуды түсіндіру.

1) Білімділік

Тік төртбұрыш пен шаршының қасиеттеріне сүйене отырып, олардың периметрі мен ауданын табу және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Шығармашылық қабілетті және ой-өрісті дамыту; жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру; өз бетінше жұмыс істеуге үйрету және пәнге қызығушылықты арттыру.

3) Тәрбиелік

Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, алғырлыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

II. Психологиялық дайындық

Саған есеп үйреткен,
Пәнге қара құрметпен.
Санды тура табатын,
Қиын әрі қызықты —
Математика болатын.

III. Үй тапсырмасын тексеру

92-бет, №7 — теңдеулерді шешу.

IV. Өтілгенді қайталау

Ойын: «Әр фигураның үйін тап!»

Фигураларды ажыратып, олардың негізгі белгілерін еске түсіреміз: тік төртбұрыш және шаршы.

Талқылау сұрақтары

  • Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?
  • Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар?
  • Тік төртбұрыштың қандай қасиеттері бар?
  • Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  • Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
  • Неге бұл фигураны шаршы дейміз?
  • Шаршының неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар?
  • Шаршының периметрін және ауданын қалай табамыз?

Тік төртбұрыш

Периметр:

P = a + b + a + b

Аудан:

S = a × b

Шаршы

Периметр:

P = a + a + a + a

Аудан:

S = a × a

V. Жаңа сабақ: периметр және аудан

Тік төртбұрыштың периметрі (3 тәсіл)

  1. 1-тәсіл: барлық қабырғаларын қосу
    P = a + b + a + b
  2. 2-тәсіл: тең емес қабырғаларын қосып, 2-ге көбейту
    P = (a + b) × 2
  3. 3-тәсіл: ұзындығын да, енін де 2-ге көбейтіп, қосу
    P = a × 2 + b × 2

Тік төртбұрыштың ауданы (2 тәсіл)

  1. 1-тәсіл: ұзындығын еніне көбейту
    S = a × b
  2. 2-тәсіл: көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті
    S = b × a

Шаршының периметрі (2 тәсіл)

  1. 1-тәсіл: барлық қабырғаларын қосу
    P = a + a + a + a
  2. 2-тәсіл: бір қабырғасын 4-ке көбейту
    P = a × 4

Шаршының ауданы

Шаршының ауданын табу үшін қабырғасын өзіне көбейтеміз.

S = a × a

VI. Оқулықпен, дәптермен және тақтамен жұмыс

№1

  • Ауызша талдау.
  • Тік төртбұрыштардың қабырғаларын өлшеу.
  • Периметрі мен ауданын табу.

Ойын: «Тез есепте»

Барлық қабырғасы тең екен,
Өлшеп көрсем — төртеу екен.
Табуды біз үйрендік,
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?

Бұрыштары тік болса,
Қабырғасы — төртеуден.
Ұзындығы 3 болса,
Ені оның 2-ге тең.
Есептеп сен айта ғой,
Периметрі нешеге тең?

№2 (есеп)

Берілгені: күнтізбенің ұзындығы — 10 см, ені — 7 см.

Табу: күнтізбе бетінің ауданы (кв. см).

S = 10 × 7 = 70 кв. см

№3 (мәтінді есеп)

Шиелі–Телікөл каналы

Қызылорда облысы, Шиелі және Сырдария аудандары аумағында орналасқан. Жалпы ұзындығы — 90 км, ені — 6–10 м, тереңдігі — 3–4 м. Орташа су ағымы — 12 м³/с. 50 мың га-дан астам жерді суландырады.

Шиелі–Шіркейлі каналы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Шіркейлі тармағы аңғарында орналасқан. Басын Сырдария өзенінен алады. Жалпы ұзындығы — 139 км, ені — 13–18 м, тереңдігі — 4–6 м. Орташа су ағымы — 51,5 м³/с. 20 мың га жерді суландырады.

Шарт: Шиелі–Телікөл — 90 км. Шиелі–Шіркейлі одан 49 км ұзын.

Шешуі:

90 + 49 = 139 (км)

Екі каналдың ұзындығы:

90 + 139 = 229 (км)

Жауабы: екі каналдың жалпы ұзындығы — 229 км.

VII. Сергіту сәті

1, 2, 3 — бойға жинап күш.
4, 5, 6 — отыр, тұр, шалқы.
7, 8, 9 — тартамыз біз қобыз.
10 — орныңа қон.

VIII. Қосымша есептер

№4 (мәтінді есеп)

Бекіре балықтарында сүйек болмайды. Олардың етінен әртүрлі балық тағамдары мен ысталған өнімдер әзірленеді. Бекіре тек Каспий теңізінде, Еділ мен Жайық өзендерінде ғана мекендейді. Ұзындығы 5 м-ге дейін, салмағы 200 кг-ға дейін жетеді.

Берілгені: бекіренің массасы — 80 кг.

Табу: қара уылдырық — массасының төрттен бір бөлігі.

80 ÷ 4 = 20 (кг)

Жауабы: қара уылдырық — 20 кг.

№5 (логикалық тапсырма)

Бос торкөздерге тиісті сандарды қой.

№7 (сызба жұмысы)

12 см кесінді сызу: төрттен бір бөлігі — 3 см, алтыдан бір бөлігі — 2 см.

IX. Өзіндік жұмыс

Ойын: «Есептеуге көмектес»

Екі оқушы (Асан мен Үсен) бақшаның периметрін есептеп отыр. Балаларға көмектесіңдер: бақша шаршы тәріздес, бір қабырғасының ұзындығы 20 м. Бақшаның периметрін және ауданын табыңдар.

Берілгені

a = 20 м

Табу

P = ? • S = ?

Периметр

P = 20 × 4 = 80 м

Аудан

S = 20 × 20 = 400 м²

X. Сабақты қорыту

  • Тік төртбұрыштың периметрін 3 тәсілмен табуға болады.
  • Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады.
  • Шаршының периметрін 2 тәсілмен табуға болады.
  • Шаршының ауданын табу үшін қабырғаны өзіне көбейтеміз.

XI. Үй тапсырмасы

94-бет, №6.

XII. Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау.

Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы