Жоқ еді дәстүр жалдайтын
Садықбек аға, өзіңді сағынад көзі көргендер,
Көрмесе де сөзіңнен маржан тергендер.
Сатираның сарбазы соңыңыздан ергендер,
Бүгінгі сұр мергендер.
Удай еді тіліңіз,
Әйтсе де бір мініңіз-
Парақорларға жақпаушы ең.
Жатып- ішер жалқауды,
Ашық ауыз аңқауды,
Ұры менен қарыны,
Жерді сызған қарыны
Жемқорларды қақтаушы ең.
Шыңғыртып сатира отына,
Салушы ең ардың сотына.
Олар да қарап қалмайтын,
Жағаңызды қармайтын,
Сақалыңызды талдайтын,
Жаныңызды алмайтын,
Кезеніп мылтық атпайтын.
Бір сабап бер,- деп бұзықты
Жоқ еді дәстүр жалдайтын.
Есесіне есті алып,
Найза тілін түйрейтін,
Соттан сотқа сүйрейтін.
Бір сиқырың бар еді,
Отқа салса күймейтін,
Суға салса батпайтын.
Сені майып етем дегендер
Ақыр соңында күйрейтін.
Сатираның сардары,
Сықақ сөздің тарланы.
Сәкеңдердің сірә да
Болды ма екен арманы?!..
Сүлеймен Баязитов
Шағын кәсіпкерлікті құрудың шетелдік тәжірбиелері
ҰЙЫМ РЕТІНДЕГІ КӘСІПОРНАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Сабақтан тыс жұмыс түрлері
Еңбек рыногының жалпы сипаттамасы
Сыныптан тыс жұмыс
Еңбек нарығы. Жалақы факторлық табыс ретінде
Қазіргі уақыттағы Қазақстандағы жұмысшылар жағдайы
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
ӘДЕБИЕТТЕН СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Сыныптан тыс оқытудың жалпы теориялық ерекшеліктері
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
Бернштам баскарған экспедиция
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Дәстүрден тыс сабақ өту әдісі
Мәдениет, салт-дәстүрлер денсаулық сақтау және білім саласындағы әлеуметтік саясаттың негізгі құраушы факторы
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Әлеуметтік медицинадағы эпидемиология
Жалпы және медициналық электроника
Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен мерекелері