Сынып жетекші

2014–2015 оқу жылы

І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебіндегі педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары

Тақырыбы

Оқушылардың психофизиологиялық денсаулығы мен даму ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу және ішкі әлеуетін дамыту. Ата-ана мен ұстаз арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру.

Мақсаты

  • Оқушылардың өзін тануына, айқындауына және дамытуына мүмкіндік беру.
  • Бала дамуындағы табиғи механизмдерді сақтау.
  • Педагогтар мен ата-аналардың қарым-қатынас мәдениетін, психологиялық-педагогикалық жағымды дағдыларын жетілдіру.

Негізгі міндеттері

  1. «Жанұя–мектеп» клубын ұйымдастыру: тұлға қалыптастырудағы жанұя рөлін айқындау, ата-аналардың психологиялық білімін кеңейту.
  2. Әр баланың психологиялық және тұлғалық дамуына ықпал ету, кезеңнен кезеңге өтуде ортаға бейімделуін қолдау.
  3. Бала дамуының ерекшеліктерін жүйелі зерттеу.

Нормативтік негіз

Жоспарды құру барысында төмендегі құжаттар басшылыққа алынды:

  • ҚР Конституциясы
  • «ҚР бала құқықтары туралы» заңы
  • ҚР «Білім туралы» заңы
  • ҚР білімінің даму тұжырымдамасы
  • ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы
  • Психологтың этикалық кодексі
  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 ж. 20 желтоқсандағы №528 бұйрығы

Педагог-психолог өз қызметінде ҚР Президентінің Жарлықтарын және білім беру саласын басқарудың барлық деңгейіндегі органдар шешімдерін басшылыққа алады. Негізгі мақсатымыз — Қазақстандағы ұлттық психологиялық қызметтің жүйелі әрі нәтижелі дамуына үлес қосу.

1-бағыт

Психологиялық зерттеу (психодиагностика)

Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.

Іс-шара Мерзімі Әдістемелер Қатысушылар
Оқушылардың мектептегі психологиялық-эмоционалдық көңіл-күйі мен темпераментін анықтау Қыркүйек Филлипс тесті, Айзенк 5-сынып
Ситуациялық қобалжу деңгейін және оның себептерін анықтау Қазан, Наурыз Кондaштың қобалжу шкаласы 6–7-сынып
Тұлғаның психологиялық жағдайын анықтау Қазан, Наурыз Г. Айзенк 8–10-сынып
Оқушының дарындылығын (жоғары қабілетін) анықтау Қараша Сауалнама 5–11-сынып
Оқушылардың мамандыққа икемділігін зерттеу Желтоқсан Климов ДДС, Д. Голланд 9–11-сынып
Тәртіп бұзушылыққа бейім, ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау Жыл бойы Сауалнама, анықтама 5–11-сынып
Мектепішілік педагогикалық-психологиялық консилиум өткізу (зерттеу нәтижелерін талқылау) Қажетіне қарай Анықтама Әкімшілік, пән мұғалімдері, психолог
Психодиагностикалық минимум бағдарламасы бойынша тұлғалық ерекшеліктерді зерттеу; психо-педагогикалық зерттеу папкасын дайындау Жыл бойы Жоспар-торы, проективтік сауалнама 5–11-сынып
Педагогикалық ұжымның психологиялық микроахуалын зерттеу Наурыз Сауалнама Әкімшілік, педұжым
Ата-аналармен диагностикалық жұмыс Әр тоқсан Сауалнама Ата-аналар
Әскери комиссариатқа тіркелген оқушылармен жұмыс Желтоқсан, Қаңтар Сауалнама, анықтама 10–11-сынып
9–11-сынып пән мұғалімдеріне ОЖСБ және ҰБТ-ға байланысты сауалнама өткізу Ақпан Сауалнама Пән мұғалімдері
Мүмкіндігі шектеулі оқушымен жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің эмоционалдық жағдайын анықтау Қазан Басса–Дарки тесті Пән мұғалімдері

2-бағыт

Психологиялық алдын алу және ағарту

Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін ықтимал қиындықтардың алдын алу, уақытылы ескерту және қолдау көрсету.

Жыл басындағы ұйымдастыру жұмыстары

  • Өткен оқу жылына талдау, жаңа оқу жылына жоспар Тамыз

    Жылдық есеп, мониторинг

  • Үйде оқытылатын оқушылар құжаттарын өңдеу Тамыз–Қыркүйек

    Анықтама

Қауіптің алдын алу және денсаулық құндылығы

  • Құқық бұзушылықтың алдын алу (жасөспірімдер) Қазан

    Анкета, тренинг (5–11-сынып)

  • «Есірткіге, темекіге қарсымыз!» акциясы Қазан–Наурыз

    Сурет көрмелері, дебат, пікірталас (7–8-сынып)

  • АҚТҚ/ЖҚТБ (СПИД) туралы ағарту: «СПИД — ең қатерлі ауру» Қараша

    Сұхбат (10–11-сынып)

Сұраныс бойынша ағарту және сүйемелдеу

Өзекті тақырыптар бойынша ағарту

Тренинг-сабақтар (оқушы, ата-ана, мұғалім, әкімшілік)

ОЖСБ және ҰБТ-ға психологиялық дайындық

Тренинг, лекция (9–11-сынып)

«Қыз әдептілігімен әдемі, инабаттылығымен сәнді»

Дөңгелек үстел, пікірталас, лекция (қаңтар–ақпан)

Психологиялық қызмет туралы түсіндіру

Орта/жоғары сынып, педұжым (іс-шара бойынша)

Сынып жетекшілеріне: бала тәрбиесіндегі ерекшеліктер

Лекция (іс-шара бойынша)

Мамандық әлеміне саяхат

Семинар-тренинг (қазан–сәуір, 9–11-сынып)

Қосымша: мұғалімдерді оқушылардың жас ерекшеліктерімен таныстыру (қыркүйек), ата-ана мен педагогикалық ұжымға бала дамуындағы қиындықтар туралы түсіндіру (қазан), оқушыларға психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер туралы тұрақты ақпараттандыру (жыл бойы).

3-бағыт

Психологиялық түзету-дамыту жұмысы

Мақсаты: оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқулардың алдын алу, оқу дағдылары мен біліктілігін дамыту; ата-ана және педагогикалық ұжыммен бірлескен қолдау.

Жеке қолдау және түзету

  • Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке жұмыс Жыл бойы
  • Таным процестерінде қиындықтары бар, оқуға даярлығы төмен балалармен түзету-дамыту Қазан–Қараша

    Таным процестерін дамыту әдістері

Қиын жағдайлармен жұмыс

  • «Қиын» оқушылар және қолайсыз отбасы балалары Жыл бойы

    Сабаққа қатысуын және үлгерімін бақылау, бос уақытын ұйымдастыру, оқушымен және ата-анамен жеке әңгімелесу. Әдістері: арт-терапия, топтық/жеке кеңес.

  • Диагностика нәтижелері бойынша жеке және топтық түзету-дамыту жұмысын ұйымдастыру Жыл бойы

    Тренингтер, жаттығулар

  • Жеткіншек және жоғары сыныптарға арналған бағдарламалық тренингтер Бағдарлама бойынша

    Тренинг, жаттығулар

Ата-аналармен өзара іс-қимыл

Ата-аналармен жұмыс іс-шара жоспарына және сұранысқа сәйкес ұйымдастырылады (бірлескен кездесулер, консультациялар, қолдау шаралары).

4-бағыт

Психологиялық кеңес беру

Мақсаты: мұғалімдерге, ата-аналарға және оқушыларға оқу-тәрбие процесінде туындайтын мәселелерді шешуде бағыт-бағдар беру және практикалық көмек көрсету.

Педагогтарға

Сұраныс бойынша психологиялық қызмет көрсету (жыл бойы): кеңес, ұсыным, сүйемелдеу.

Ата-аналарға

Отбасылық кеңес беру: дағдарыстан шығу жолдары (сұраныс бойынша), жеке консультациялар.

Сынып жетекшілерге

Жыл бойы жеке консультациялар, оқушылардың бейімделуі мен оқу мотивациясы бойынша ұсынымдар.

Өзекті тақырыптар

Оқушы, ата-ана, мұғалім және әкімшілік үшін сұраныс бойынша әңгіме және жеке консультациялар жүргізіледі.

5-бағыт

Әлеуметтік-диспетчерлік қызмет және психологиялық білімді арттыру

Мақсаты: педагогикалық үдеріс қатысушыларының психологиялық мәдениетін көтеру; ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім беру және біліктілігін арттыру.

Педагогтарға арналған қолдау

  • «Тұлғаның педагогикалық қызметке дайындығы және бейімділігі» Қазан

    Тренинг-жаттығулар (жас мамандар)

  • Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу және психологиялық-педагогикалық талдау Жыл бойы

    Анықтама, талдау

Медициналық-психологиялық сүйемелдеу және серіктестік

  • Патологиялық ауытқуы бар балаларды дәрігер мамандарға көрсету, құжаттарды МПК-ға дайындау Мамыр

    Анықтама, жеке әңгіме

  • Кітапхана және аудан мектептерімен байланыс, іс-тәжірибе алмасу Жыл бойы

    Әдістемелік өзара әрекет

  • Ата-ана және мұғалімдердің психологиялық білімін жетілдіруге арналған іс-шаралар Наурыз–Сәуір

    Психологиялық жаттығулар

Жыл қорытындысы

Аналитикалық есеп және мониторинг

Мамыр: жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, аудан білім бөліміне ұсыну.

Дайындаған

Мектеп психологы: С. Браташ