Бүлшықет үршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған 10 - 12 жіңішке және қысқа көлденең жолақты ет талшықтарынан тұрады
Аннулоспиральды (дөңгелекайналымды) жүйке ұшы
Аннулоспиральды (дөңгелекайналымды) жүйке ұшы (көне грекше: terminatio nervi annulospiralis; terminatio — ұшы, nervus — жүйке, annulus — дөңгелек/шиыршық, spiralis — спираль) — бұлшықет ұршығының ядролы қапшықты және тізбекті ядролы интрафузальды ет талшықтарында аяқталатын сезімтал жүйке ұшы.
Интрафузальды (көне грекше: intra — ішкі, ішінде; fusus — ұршық) — бұлшықет ұршығының ішінде орналасатын арнайы ет талшықтары.
Бұлшықет ұршығының құрылысы
Бұлшықет ұршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған және әдетте 10–12 жіңішке әрі қысқа көлденең жолақты ет талшықтарынан тұрады.
Жиырылғыш бөліктері
Интрафузальды талшықтардың жиырылғыш актин–миозин миофиламенттер кешені талшықтардың ұштарында орналасып, жиырылу қызметін атқарады.
Сезімтал (орталық) бөліктері
Ядролар шоғырланған, жиырылу процесіне қатыспайтын орталық аймақ интрафузальды талшықтардың сезімтал бөлігі болып саналады.
Интрафузальды талшықтардың түрлері
Ядролы қапшықты ет талшықтары
Ұршық ішіндегі кейбір интрафузальды ет талшықтарында (әдетте 1–3) цитоплазманың орталық бөлігінде көптеген ядролар қапшық тәрізді шоғырланып орналасады. Сондықтан олар ядролы қапшықты ет талшықтары деп аталады.
Тізбекті ядролы ет талшықтары
Қалған интрафузальды талшықтарда (шамамен 3–7) ядролар цитоплазманың орталық бөлігінде тізбектеле орналасады. Бұл талшықтар ядролы қапшықты талшықтарға қарағанда екі есе жіңішке әрі қысқа келеді.
Аннулоспиральды ұштардың орналасуы және қызметі
Диаметрі шамамен 17 мкм сезімтал жүйке талшықтары интрафузальды ет талшықтарының (ядролы қапшықты және тізбекті ядролы) орталық бөліктеріне келіп, оларды дөңгелек-спираль тәрізді шырмап, сезгіш жүйке ұштары түрінде аяқталады.
Негізгі функциясы
Дөңгелек-спиральды жүйке ұштары бұлшықет талшықтары ұзындығының өзгеруін және сол өзгерістің жылдамдығын қабылдап, ақпаратты орталық жүйке жүйесіне жібереді.