Ұлы Отан соғысы талай адамның қаны төгілген майдан алаңы
Соғыстың салмағы
Ұлы Отан соғысы — талай адамның қаны төгілген қасіретті майдан. Сол жылдары елін, жерін, ұрпағын қорғау үшін сан мыңдаған азамат жауға қарсы аттанды.
1941–1945 жылдардың сұрапылы біреуді қарындасынан, біреуді ағасынан, енді бірін ініден айырды. Кей отбасылар әкесіз қалды, кейі анасынан, туған-туыстарынан көз жазып қалды. Ызғарлы соғыс талай тағдырды жалмады.
Жеңістің лебі
Жеңістің лебі ескенде, қазақ елі мен кең даласы бір серпіліп, жаңарғандай болды. Алайда соғыстың зардабы қаншама адамның жүрегінде өшпес із қалдырды.
Жеңістің құны және бүгінгі ұрпақ
Біз Жеңістің оңай келмегенін толық түсіне аламыз ба? Қаншалықты ұғып, оның құнын білеміз? Кейде қазіргі жастардың жанарынан шынайы қуанышты көре алмайтынымыз да — ащы шындық.
Өз қатарластарымды ойласам, менің де көкейімде сұрақ туады: расында Қазақстанымыз жеткілікті деңгейде дамыды ма? Тәуелсіздіктің мағынасын терең ұғына алып жүрміз бе? Мұның жауабын уақыт көрсетеді. Бәрі де болашақтың еншісінде.
Бала жүректен ақ тілек
Бала жүректен шынайы тілегім біреу-ақ:
- Еліміздің тыныштығы,
- Жеріміздің амандығы,
- Бауырымыздың бүтіндігі.
Бақытты ел болғанға не жетсін?!
Санат
KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы