Үшінші гүлшені музыка жетекшісі жұлып
Кіріспе көрініс
Балалар шармен кіріп, би билейді.
Балалардың тақпағы
1-бала
Сүйген өз қыз, өз ұлын.
«Бөбегім» деп аянбай,
Балабақша — өз үйім,
Апай болды анамдай.
2-бала
Баулып, баптап өсірген,
Бұзықтық етсек кешірген.
Ұмытпаймыз өзіңді,
Ұмытпаймыз сөзіңді.
Жүргізушінің сөзі
(2-жүргізуші кіреді.)
Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз.
(Бәрі бірге): Құтты болсын тойларың!
«Біздің балабақшада»
Ертегі қонағы: Гүлдер ханшайымы
(Осы кезде Гүлдер ханшайымы кіреді.)
Гүлдер ханшайымы: Саламатсыздар ма, балалар! Мен музыка әуенін естіп, сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген бөлме! Мен қай жерге келдім?
Жүргізуші: Бұл — «Еркетай» балабақшасының «Ер Төстік» тобы. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр. Ал сіз кімсіз, қайдан келдіңіз?
Гүлдер ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген Гүлдер ханшайымымын.
Жүргізуші: Онда төрлетіңіз, бізге қонақ болыңыз. Балалардың өнерін тамашалаңыз.
«Жаңа заман» биі
Гүлдер ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Өнерлерің өрге жүзсін. Ал менің кететін уақытым болды. Мен сендерге бос қол келген жоқпын: өздеріңе дайындаған сыйлығым бар.
Мынау — жеті түсті сиқырлы гүл. Әрбір күлтеcін жұлып, тілек тілесеңдер, тілектерің орындалады.
Жақсы, балалар, қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Қандай ерекше гүл, солай ма, балалар? Кәне, бір күлте жұлып көрейікші — тілегіміз орындала ма екен?
Бірінші күлтені балабақша меңгерушісіне жұлып көрейік.
Сиқырлы гүлдің тілектері
1-күлте — Меңгеруші
Балабақшамен қоштасқалы тұрған бүлдіршіндерге сәт сапар тілеймін. Балабақша туралы тақпақ естігім келеді.
2-күлте — Әдіскер
(Тілек оқылады.)
3-күлте — Музыка жетекшісі
Мен үйреткен бір биді билеп берсін.
Фламенко
4-күлте — Ата-аналар
(Күлте ата-аналарға жұлып тілек тілеуге беріледі.)
5-күлте — Психолог
(Тілек оқылады.)
6-күлте — Медбике
(Тілек оқылады.)
7-күлте — Тәрбиешілер
Тәрбиеші туралы ән естігіміз келіп тұр.
«Тәрбиеші әні»
Ойындар: Клоундардың келуі
(Музыка ойналады, клоундар кіреді.)
Клоундар: Саламатсыздар ма, балалар! Кешігіп қалған жоқпыз ба?
Клоундар: Бұл жерде қандай мереке болып жатыр?
Клоундар: Ал сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
Клоундар: Мұнда ата-аналар бар ма? Кәне, естімей тұрмын!
Клоундар: Ендеше ойын ойнап жіберейік.
Ойын 1: «Санға сай ойыншық қой»
Үш бала ата-анасымен бірге шығады. Анасы бір сан көрсетеді. Сол санға байланысты бала үстел үстіне ойыншық қоюы керек.
Клоундар: Жарайсыңдар! Жақсы ойнадыңдар.
Ойын 2: «Обручқа жина»
Ата-аналар қатысады. Жерге обручтар қойылады. Жүргізуші сан атайды, сол санға байланысты обручтің ішіне балалар жиналуы керек.
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет, ата-аналар. Мектепте де осылай көңілді болып жүріңдер.
(Клоундар шығып кетеді.)
Би бөлімдері
Жүргізуші:
Ұл-қыздары көңілді —
Шақырамыз ортаға.
Тойымызға сән беріп,
Би билесін шаттана.
«Аспазшылар биі»
Дымбілмес: Мектеп туралы түсінік
(Музыка ырғағымен Дымбілмес кіреді.)
Дымбілмес: Сендерде мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр. Балаларымыз мектепке кеткелі жатыр.
Дымбілмес: Мен де мектепке барайын! Мен мектепке барып көрген жоқпын. Мектепке баруды армандаймын: онда өте қызық дейді — үзілісте жүгіресің, секіруге болады, асыр салып ойнайсың.
Жүргізуші: Ал біз мектепке білім алуға барамыз деп ойлаймыз. Солай ма, балалар? Біздің балалар мектепке дайын!
Дымбілмес: Мен неге оқуым керек? Онсыз да мен бәрін білемін: оқи да білемін, жаза да білемін, сурет сала да білемін.
Жүргізуші: Жақсы, Дымбілмес. Ендеше қазір сенің біліміңді тексерейік.
Ойын: Геометриялық фигуралар
Дымбілмес: Ой, онда мен ақылдымын!
Ойын: «Санай біл»
Дымбілмес: Сендердің есептерің өте қиын екен. Маған жеңілдеу бірдеңе беріңдерші.
Ойын: «Құлақ, иық, қол, мұрын»
Жүргізуші: Жақсы, енді шапшаңдығыңды тексеріп көрейік.
Дымбілмес: Жарайды, бір күні үйреніп алармын. Одан да маған бір би үйретіңдерші.
Жалқаулықтың кедергісі және оны жеңу
(Осы кезде Жалқаулық келіп, музыка жетекшісінің орнына отырып алады.)
Жүргізуші: Жақсы, балалар, әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырайық. Кәне, ән шырқалсын!
Жалқаулық: Иә, қазір қосам... армандапсыңдар.
Жүргізуші: Мен түсінбедім. Сіз кімсіз? Бұл жерде не істеп отырсыз?
Жалқаулық: Тыныш! Не айқайлап қалдың? Мен ұйықтап алайыншы — мына жер қандай ыңғайлы.
Жүргізуші: Ұйқы ма?! Бұл саған керует емес. Мұнда ән айтылуы керек. Бүгін бізде ертеңгілік: әнсіз, бисіз ертеңгілік бола ма?
Жалқаулық: Менің қандай шаруам бар? Мен осы жерде отырған адамды шылдырмаққа айналдырып жібердім — шуламасын деп.
Музыка жетекшісі: Балалар, көмектесіңдерші! Мені жалқаулықтан құтқарыңдаршы. Жалқаулықты тек ән, би, ойын арқылы ғана жеңесіңдер.
Дымбілмес: Менің сөмкемді пайдалануға болады. Мен оны дайындап қойдым.
(Үстел үстіне сөмкедегі заттарды шығарады: қасық, ойыншық, пистолет және т.б.)
Ойын: «Сөмкеге жина»
Жүргізуші: Балалар, мына заттар мектепке керек пе? Дымбілмес, біздің балалардан қарап үйрен.
Жалқаулық: Ой, сендер мені әнсіз де, бисіз де жеңе алмайсыңдар!
Жүргізуші: Балалар, таптым! Кәне, Жалқаулықтың көңілін аударып көрейік. Маған көмектесіңдерші.
Ей, Жалқаулық, маған сенің көмегің керек: келші, біздің балаларды ұйықтатып көрші.
Жалқаулық: Ой, мен бұны қатырамын! (Балаларды ұйықтатқандай болып жүреді.) Ұйықтаңдар, ұйықтаңдар...
(Жүргізуші магнитофонның қасына отырып, әуен қосады. Балалар би билей бастайды.)
Жалқаулық: Ой, әуенді сөндіріңдер! Мен тыңдағым келмейді!
(Жалқаулық қашып кетеді.)
Музыка жетекшісі: Рахмет, балалар! Сендердің билерің мені жалқаулықтан құтқарып қалды.
Дымбілмес: Енді түсіндім: көп еңбектену керек екен. Сендер көп нәрсені үйреніпсіңдер. Мен де алдағы уақытта үйренемін. Жаз бойы мектепке жалқауланбай дайындаламын, мектепте тек «бестік» алу үшін!
«Әрқашан күн сөнбесін»
Құттықтау сөздер
Меңгеруші
Құттықтау сөзі «Еркетай» балабақшасының меңгерушісіне беріледі.
Ата-аналар
Ата-аналардың құттықтау сөзі.
Тәрбиешілер
Тәрбиешілердің құттықтау сөзі.
Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңдар!