Қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау
Сабақтың тақырыбы
Тіл дамыту жұмыстары
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру.
-
Дамытушылық
Сөздік қорды молайту, ойлау шеберлігін және сөйлеу мәдениетін дамыту.
-
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Сабақтың типі
Аралас
Сабақтың әдістері
Талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылармен амандасу, кезекшінің мәліметін тыңдау.
-
Сынып тазалығына мән беру.
-
Оқушыларды 3 топқа бөлу:
I топ
Білімділер
II топ
Алғырлар
III топ
Тапқырлар
II. Үй тапсырмасын тексеру (352-жаттығу)
I топ — «Білімділер»
Мәтінді оқып, «Абай Құнанбаев туралы не білеміз?» тақырыбында сөйлеу.
II топ — «Алғырлар»
Екпін ерекше түсетін сөздерді табу.
III топ — «Тапқырлар»
Мәтіннен тасымалданбайтын сөздерді табу.
Сұрақтар
Екпін дегеніміз не?
Екпіннің түрлерін атаңдар.
Оқулықпен жұмыс (353-жаттығу)
Суреттер топтамасындағы 2-суретке қарап, түлкінің, қоянның, үйректің мінез-құлқына сай диалог құрап, қысқа әңгіме жазу.
Үш топ өздерінің ең үздік әңгімелерін оқиды.
Топ басшысы өз құрамындағы оқушыларды бағалайды.
Мақал: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»
Мақалдың бірінші жолына математикалық дыбыстық талдау жасау.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Әдебиет оқулығының 141-бетін ашу.
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін көз жүгіртіп оқып, екпін түспейтін қосымшалы сөздерді табу және мәнерлеп жатқа айтуға дайындалу.
I топ — «Білімділер»
1 оқушы өлеңді жатқа айтады.
II топ — «Алғырлар»
1 оқушы тақтаға шығып, «құмарланып» сөзіне фонетикалық талдау жасайды.
III топ — «Тапқырлар»
Екпін түспейтін сөздерді атайды: таппай, мақтанба, жесеңіз, білсеңіз.
Сабақты қорытындылау
«Алма ағашы» әдісі
Алмаларда сұрақтар жасырылған. Әр топтан 1 оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді.
1-алма
Фонетика туралы не білесің?
2-алма
Тіл білімінің салаларын ата.
3-алма
Дауысты дыбыс деген не?
4-алма
Дауыссыз дыбыс деген не?
5-алма
Буын деген не?
«Біздің үйіміз» әдісі
Үйдің бөліктерінде сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға жауап бере отырып, «үйді» толық құрамыз.
Сұрақ
Ашық және қысаң дауыстыларды ата.
Сұрақ
Еріндік және езулік дауыстыларды ата.
Талдау
«Әке» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Анықтама
Тасымал деген не?
Үй тапсырмасы
354-жаттығу: қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасау.
Бағалау
Бағалау топ басшыларының қорытындысы және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша жүргізіледі.
Дерек
- Санат
- Қазақша ашық сабақтар жинағы
- Дереккөзі
- http://www.4620-k.html