Аттандаған қажы үні
Дүрліктіріп қаланы,
Дүрліктіріп даланы.
Аттандаған қажы үні
Құлағыңды жарады.
Қазақстан былай қап
Қажымыз, а, Құдайлап,
Америкаға айбынын
Танытқаны шын айғақ.
Сынаққа құмар пенделер,
Қажыдан үркіп сенделер...
Төсектерін ұлғайтты,
Тоқал құмар өңгелер.
Сан теректің басында,
Ізі қалды расында
Бірде ұқсап құйынға,
Бірде ұқсап жасынға.
Хақ мұсылман Алланың
Көрген басқа салғанын.
Қажы болсам дегенді
Қажыға алып барғанын.
Біледі жұрт біледі,
Дархан неткен жүрегі.
Десе бірі, кейбірі
Ішегі қатып күледі.
Не десе жұрт о десін,
Елемесін Елесін.
Амантай қажы дер едім,
Мен білетін Ұлы есім.
Сол қажымыз тағы да,
Президенттің тағына
Өтініш алып беттеді,
Сүйенген тіл мен жағына.
Тілші үні жарып ауаны,
Сол сәтте – ақ хабар тарады.
Дауаламай тауаны,
Сынаққа түспей қажының
Жалтырады табаны...
Не десеңдер о, деңдер,
Амантай қажы жарады.
Тамсандырар ұрпақты
Артында аңыз қалады.
Жарады қажы жарады.
Сүлеймен Баязитов
МӘҢГІЛІК МАХАМБЕТ
Қара жорға биінің тарихы
Ерімбет қажы мешітінің салынуы
«Қара жорғаға» биі
Өлім жазасы сол қасиетті адам өмірін жойғандықтан берілетін бүгінгі таңда өлім жазасынан бас тарткан елдер саны
Шәкәрім шығармалары
Мұңайтпасұлы Қажымұқан
Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
Біржан-айтыскер ақын
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) өмірі
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі кезінде Қазақстан бәсеке қабілеттілігінің стратегиялық менеджменті
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Ақжүніс ана
Тұлғааралық коммуникация
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Дүниетанымның мәні