Кластың іші жарық, әдемі
Сыныбымыз туралы
Менің сыныбымда жиырма бір оқушы бар. Сынып іші жарық әрі әдемі. Терезе алдында көркем гүлдер өсіп тұр.
Достық пен сыйластық
Үзілісте балалармен бірге «Аққу ұшты» ойынын ойнаймыз. Сыныбымызда 17 ұл және 4 қыз оқиды. Ұлдар қыздарды сыйлайды, ал біз бәріміз тату-тәттіміз, ұйымшыл достармыз.