Анасын апа деп, әкесін көке деп өсті

Арнау

Әкем Қожахметұлы Қолғанаттың рухына арнаймын.

Апа мен көке деген әлем

Анасын апа деп, әкесін көке деп өсті. Бала күнінде қатарлас балалармен ойнап жүріп, олардың өз шешелерін «мама» дейтінін қызық көріпті. Сол сөзді жаңашыл санап, үйге келіп апасына айтып көрген екен.

Бірақ апасы ол сөзге басын да бұрмапты, тіпті мән де бермепті. Есейе келе, өз ана тіліндегі «ана» деген қасиетті ұғымға ең үйлесетін балама — тек «апа» сөзі сияқты көрініп қалыпты.

Апасы әлденені уайымдай бастаса болды, көкесі: «Несіне уайымдай бересің, Күлжәмила-ау. Мен бармын ғой. Құдай қаласа, өзім жеткіземін ғой. Балаларды да өзім жеткізіп шығарамын», — дейтін.

Бірақ көкесі олай ете алмады.

Соңғы ас

Сол күні үйде кешкі асқа мол дастарқан әзірленіп жатқан. Көкесі төсегінен түсіп, бір аяқ сорпа ішті. Үй іші қуанып қалды: науқастың беті бері қарап келе жатқандай сезілді.

Әр адам саналы ғұмырында талай мәрте тағамы мол, төрі биік дастарқан басында отырады. Бірақ өмірден өтерінде жарық дүниедегі ең соңғы асын ішетін бір сәт бар дейді.

Апаның сөзі

Апасы су сұрап ішкен екен. Суды берген адамға алғыс айтып: «Жарық дүниеде татқан соңғы дәмім осы шығар», — депті.

Көкесі де сорпаны ішкеннен кейін әлсірей бастады. Үй іші лезде дүрлігіп кетті: «Төсегіне жатқызыңдар! Дәрігерге жүгір!»

Ұзын бойлы, көзілдірікті дәрігер тез жетті. Көкесі жатқан бөлмеге кіріп, тамырын ұстап көрді де, басын шайқады. Әлгінде ғана қуанып отырған үй азан-қазан болды.

Бұл отырған бөлмеге үлкен ағасы еңіреп жылап кіріп, етпетінен құлап түсті: «Көкем өлді ғой. Көкемнен айырылдық қой», — деп жылады. Анадай жерде кіші ағасы да жер бауырлап қалды.

Жоқтау және елдің қарасы

Ертеңіне жиналған үлкендер: «Бұл кісі тірісінде ел алдында абыройлы азамат еді. Соңғы жұмысы да соған сай абыроймен атқарылуы керек», — десті. «Халық ақынына кісі жіберіңдер, жоқтау жазып берсін», — деген де сөз болды.

Апасы бастаған ақ жаулықтылар жоқтау айтып жатты. Дегенмен арнайы жаздырылған өлеңнің салмағы бөлек еді. Қаладан да, даладан да келіп жатқан адамдардың қарасы көбейді.

Сейіл ақын келген сәт

Бір мезетте есік алдындағы жұрт: «Сейіл келе жатыр. Үйдегілерге хабар беріңдер. Мынау — Сейілдің көлігі», — деп дабырласты. Бұл көңіл айтуға келе жатқан аудандық газеттің редакторы, елге белгілі ақын — Сейіл ақынның көлігі еді.

Көлік үйге тақап тоқтады.

Көліктің үстіндегі көрініс

Көкесін жерлейтін күні үлкендер оны іздеді: «Әй, ана, кішкентай баласы қайда? Біреуің көтеріп, көліктің үстіне шығарып жіберіңдерші».

Біреу оны жерден көтеріп алып, үй жанында тұрған көліктің үстіне отырғызды. Көліктің қорабына арқасын сүйеп, жағалай отырған ер адамдарды көрді. Солардың ортасында әкесі жатыр еді.

Бейіт басындағы жұма

Жер аяғы кеңіген соң, көкесіне күмбезді бейіт салынатын болып келісілді. Апасы оны жұма сайын көкесінің басына алып барып тұратын.

«Осылай тұр», — дейтін апасы. — «Сені көкең көріп жатыр».

Көкесінен кішкентай кезінде айырылған соң, онымен ересектерше отырып әңгімелесе алмады. Бірақ тойға барса да, концертке барса да, қолынан жетелеп жібермей жүретіні жадысында қалыпты.

Ру туралы үйреткені

Бірде руын үйретіп: «Егер руыңды үлкендердің бірі сұраса, “Асанның Баймырзасымын” деп айтасың. “Асанның” деген сөзді қалдырмай айт. “Асанның” сөзін тастап кетпе», — деп нықтапты.

Өмір жолындағы бір шешім

Мұғалімдік оқуды бітірген жылы аудандық білім бөлімі оны шалғай ауылдарға жібермек болды. Апасы үйде отырып соған алаңдай беретін.

Екі ортаны жол қылып жүрген оны кадр бөлімінің қызметкері танып алып: «Менің қолымда тұрған не бар, бәрін бастық шешеді ғой», — дейтін.

Аудандық білім бөлімінің талапшыл да сауатты басшысы соңғы сәтте көкесін ауызға алды:

Бұл сол кісінің баласы ма еді?

— Сол кісінің баласы.

Жарайды, өз ауылының мектебіне барсын.

Аудандық білім бөлімінен бұйрық алып келген күннің ертесіне-ақ мектеп алаңындағы алғашқы қоңырауға арналған жиында жас маман ретінде құттықтау тілегін айтып тұрды.

Сақталған деректер

Әкесінен қалған өмірбаян қағазы сақталып қалыпты. Ол: «1925 жылы дүниеге келдім. Әкем Қожахмет 1934 жылы, анам Ұлболсын 1942 жылы дүние салды. Өзім мектепті 1942 жылы бітірдім. 1943 жылдың наурыз айында әскер қатарына алындым…» — деп басталады.

Сондай-ақ қызыл әскер кітапшасы, Қарулы Күштер мен Жеңістің мерейтойларына байланысты берілген медальдары, қызметтік мақтау қағаздары, әрі 1944 жылдың 9 наурызында жараланғаны туралы сарғайған анықтама қағазы да бар екен.

Осы құжаттардың қатарында апасының бала тууға байланысты берілген медальдары мен «Ана даңқы» ордені де сақтаулы тұр.

Мәтін редакцияланып, грамматикасы түзетіліп, стильдік тұрғыда ықшамдалды.