Ана - қасиетті де, киелі есім
Ана — қасиетті де киелі есім
Ана туралы ойымды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махабаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғыс айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Үш-ақ әріптен тұратын осы сөздің астарында теңіздей терең мағына жатыр. «Ана» — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы әрі қастерлі ұғым.
Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап ананың ақ сүтімен нәр алып, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді.
Ананың еңбегі — өлшеусіз
«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың» деп бекер айтылмаған. Шынында да, қанша қиналып, көз жасын төге жүріп бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеннің бәрін істесең де, ол анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніне ғана пара-пар.
Парыздың ең биігі
Өз парызыңды өтеу — ең әуелі ана алдындағы борышты өтеу.
- Анаға құрмет — жүректегі адалдықтың өлшемі.
- Ана мейірімі — адамға берілген ең алғашқы әрі ең ұлы тәрбие.
- Алғыс айту — ананың еңбегін бағалаудың бір көрінісі.