Менің отбасымда сегіз адам бар
Менің отбасым
Менің отбасымда сегіз адам бар: апам, әкем, анам, екі ағам, екі інім және мен.
Отбасы мүшелерінің есімдері
- Апам
- Күлзипа
- Әкем
- Ғабит
- Анам
- Жанна
- Бірінші ағам
- Темурхан
- Екінші ағам
- Данияр
- Бірінші інім
- Әлиасқар
- Екінші інім
- Әлібек
- Мен
- Қарлығаш
Отбасымның маған деген мейірімі
Апам мені «қызым» деп еркелетеді. Әкем де мені «қызым» дейді. Ал анам мені «қызғалдағым» деп атайды. Екі ағам мені «қарындасым» дейді, ал екі інім «әпшем» деп еркелетеді.
Менің отбасым мені өте жақсы көреді, әрдайым қолдап, еркелетіп жүреді. Мен де олардың үмітін ақтауға, отбасымның абыройын жақсы жағынан шығаруға тырысамын.
Мен сабақты жақсы оқимын және әр ісімде жауапкершілік танытуға тырысамын.
Отбасы деген не?
Отбасы — бұл қуанышты сәтте қуанышыңды бөлісетін, мұңайғанда жаныңнан табылып демеу болатын, жылағанда жұбаныш сыйлайтын ең жақын адамдар.
Мен өз жанұямды мақтан тұтамын және әрқашан сүйіспеншілікпен қараймын. Бір жаққа кетіп қалсам, отбасымды қатты сағынамын.
Қорытынды: Мен өз отбасымды мақтан тұтамын және оларды шын жүректен жақсы көремін.