Тірек сөздерді теріп жаз
ЖОБА
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде), 3-сынып
Құрметті мұғалім!
Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде әзірленді. Жинақ — мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.
Жинақ ұсыныстық сипатта берілген. Бұл сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, оларды бейімдеуге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Аудитория: негізгі мектеп мұғалімдері, әдіскерлер, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілері, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар.
Дереккөздер: жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.
Мазмұны
Тоқсандар бойынша бөлімдер
1-тоқсан
- Тыңдалым және айтылым4-бет
- Оқылым9-бет
- Жазылым13-бет
- Тілдік нормалардың қолданысы18-бет
2-тоқсан
- Тыңдалым және айтылым21-бет
- Оқылым26-бет
- Жазылым31-бет
- Тілдік нормалардың қолданысы35-бет
3-тоқсан
- Тыңдалым және айтылым39-бет
- Оқылым42-бет
- Жазылым46-бет
- Тілдік нормалардың қолданысы51-бет
4-тоқсан
- Тыңдалым және айтылым56-бет
- Оқылым60-бет
- Жазылым64-бет
- Тілдік нормалардың қолданысы68-бет
1-тоқсан • Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 — Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты
3.1.1.1 — Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру.
Бағалау критерийі
- Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды.
- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.
Баяғы бір заманда орман мен тоғай деген мүлде болмаған екен. Жер бетін көмкерген ағаш атаулы бір-бірінен аулақ өсіпті. Әсем де сұлу, жасыл желекті ағаштар құлпырып тұратын. Бұлардың бәрі де Табиғат ананың ұл-қыздары еді.
Табиғат ананың үлкен ұлы Қарағай шыңды таудың қар жамылған, мәңгілік мұз құрсанған беткейінде өсіпті. Сонау жоғарыдан төменге қарап, «мен биікпін» деп мақтануға құмар екен.
Сәнқой Шырша жап-жасыл болып жасанып, алқа тағыпты. «Мені ел көрсін» деп, биіктен Қарағай бауырының жанынан қалмапты.
Үйеңкіні тым еркелетіп жіберіпті. Ол жыл сайын орын ауыстырып, ойға да, қырға да өсе беріпті. Маза бермеген соң, бауырлары оны ағаштардың арамшөбі деп атапты.
Тірек сөздер
Сұрақтарға жауап бер
- Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?
-
Сәнқой шырша қайда орналасыпты? Белгіле:
- Үйеңкіні неліктен арамшөп деп атапты?
- Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор
- Мәтіндегі тірек сөздерді атайды.
- Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Мәтін мазмұнына қатысты өз ойын айтады.
1-тоқсан • Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 — Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты
3.1.2.1 — Мәтіннің тақырыбы және берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау.
Бағалау критерийі
- Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?
Тышқанның айласы
Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып, мәтін құрастыр: оқиға неден басталды, қалай жалғасты, немен аяқталды деп ойлайсың?
Дескриптор
- Тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады.
- Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
- Сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.
- Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
1-тоқсан • Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.3 — Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты
3.1.3.1 — Түрлі жағдаятта (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.
Бағалау критерийі
- Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады.
- Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара. Бұл оқиға қай жерде болды?
Қыз бала не істеді? Олар не туралы сөйлесуі мүмкін?
Сурет бойынша диалог құрастыр.
Дескриптор
- Сурет мазмұнына сәйкес диалог құрастырады.
- Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
1-тоқсан • Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.4 — Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты
3.1.4.1 — Тірек сөздер мен жоспарды пайдаланып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.
Бағалау критерийі
- Берілген жоспар бойынша мәтін құрастырады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген жоспар бойынша «Көше тәртібі» тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді қолдан.
Жоспар
- Арманның дүкенге баруы
- Жолдағы оқиға
- МАИ қызметкерінің кеңесі
Тірек сөздер
көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяу жүргіншілер жолы, МАИ қызметкері, жол тәртібін білу, аман-есен жүру
Дескриптор
- Жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады.
- Тірек сөздерді орынды пайдаланады.
- Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
1-тоқсан • Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.6 — Тыңдарманның назарын аудару
Оқу мақсаты
3.1.6.1 — Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолданып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту.
Бағалау критерийі
- Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Табиғат — ортақ үйіміз» дегенді қалай түсінесің? Сурет бойынша қаратпа сөздерді қолданып, табиғатты қорғауға қатысты ойыңды жеткізіп көр.
Дескриптор
- Тақырыпқа сәйкес дәлелді ой қорытып айтады.
- Қаратпа сөздерді қолданады.
- Сөйлеу мәдениетін сақтайды.
1-тоқсан • Оқылым
Бөлімше 2.1 — Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау
Оқу мақсаты
3.2.1.1 — Тірек/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.
Бағалау критерийі
- Мәтін түрлерін ажыратады.
- Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі бөлігін тауып, қоршап сыз.
Қамқорлық
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстардың әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды. Ұясын іздеді, бірақ таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа мақтадан ұя жасады. Ұсақ жем шашып, шағын ыдысқа су құйды.
Бір айдан соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан олардың тырнаның балапаны екенін сонда ғана түсінді.
Мәтіннің қай түріне жатады? Ойыңды дәлелде.
Дескриптор
- Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.
- Мәтіннің түрін анықтайды және негіздейді.
1-тоқсан • Оқылым
Бөлімше 2.3 — Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты
3.2.3.1 — Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Бағалау критерийі
- Пікір білдіретін сұрақтар құрастырады.
- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. «Неге?» және «Неліктен?» сұрақтарын қолданып, мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.
Үй шаруасы
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
— Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
— Қолым тимеді, ағай!
— Не істедің?
— Үй шаруасымен айналыстым.
— Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
— Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
Мұғалім аяғандай болды.
— Отыра ғой, шырағым! — деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне бардық. Ол әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік. Аттарына, сиырларына шөп салдық.
Дескриптор
- Мәтінге қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қояды.
- Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
- Сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
- Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
2-тоқсан • Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.5 — Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру
Оқу мақсаты
3.1.5.1 — Аудио/бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін) қатысты өз көзқарасын білдіру.
Бағалау критерийі
- Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Үй мен Жер
Бір күні Үй мақтанғысы келіп, жан-жағына қарап, өзіне тең таба алмай, Жерге айтады: «Сенен адам баласына қандай пайда бар? Не іргең, не төбең жоқ. Мекен десең — менмін. Адамды жазда күннің ыстығынан, қыста суығынан қорғаймын. Оның үстіне, ойын да, жиын да — бәрі менің ішімде өтеді. Адам да мені сыйлап, уақытымен ішін-сыртын сылап, жамап отырады. Мен күнге де сенен гөрі жақынмын. Тағы бір ерекшелігім: аузым — есігім, бүкіл әлемді көретін көзім — терезем бар, ашылатын құшағым да бар. Адам баласына менен пайдалы кімді табарсың?»
Сонда Жер былай дейді: «Пайдалы-пайдасыз істі былай қояйын. Алдымен бір сұрағыма жауап берші: сенің өзіңді көтеріп тұрған кім?»
Талқылауға арналған сұрақтар
- Үй қалай мақтанды?
- Жер оған қандай жауап берді?
- Кейіпкерлердің өздері туралы айтқан сөзімен келісесің бе? Неліктен?
Дескриптор
- Кейіпкердің пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді.
- Өз ойын дәлелмен жеткізеді.
2-тоқсан • Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.6 — Тыңдарманның назарын аудару
Оқу мақсаты
3.1.6.1 — Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолданып, тыңдарманның назарын аударту.
Бағалау критерийі
- Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке мұқият қара.
Қаратпа сөздерді қолданып, сурет бойынша жарнама құрастыр.