Мукашева Маржан
Мукашева Маржан
5-сынып, №176 мектеп-гимназия
Салт-дәстүр — ұлттық болмыстың айнасы
Әр елдің, әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі болады. Сол дәстүрлер арқылы халықтың ерекшелігі, дүниетанымы, өмір салты айқындалады. Үйлену, бала дүниеге келуі, үй салу, сондай-ақ қайтыс болған адамды ақтық сапарға шығару сияқты маңызды кезеңдердің бәрінде әр ұлттың өзіндік жөн-жоралғысы қалыптасқан.
Қалыптасу негізі
Салт-дәстүрлер көбіне елдің жеріне, тұрмыс-тіршілігіне және ұстанған дініне байланысты дамып отырады.
Ұрпақ сабақтастығы
Дәстүр атадан балаға мұра болып өтеді. Уақыт өте кейбір өзгеріс болғанымен, түпкі мақсаты мен негізі сақталады.
Қазақ салттарының жалғасуы
Қазақ халқы салт-дәстүрге берік, әрі ырымға мән берген. Көп жағдайда әр істің өзіндік жолы, өзіндік тәртібі болады. Мысалы, халқымызда сүндет той, тұсау кесер, шілдехана, бесік той, қыз ұзату, келін түсіру сияқты рәсімдер бар. Бүгінде бұл дәстүрлер бұрынғы аталарымыздың заманымен салыстырғанда сәл өзгергенімен, мәні мен жалғастығы сақталып келеді.
Маңызды ой
Әр ұлт ұлттық құндылықтарын сақтап қалу үшін өз тілін, дінін және салт-дәстүрін болашақ ұрпаққа түсінікті етіп, бұрмаламай жеткізіп отыруы қажет.
«Жеті ата» және тектілік ұғымы
Қазақта «жеті ата» деген ұғым бар. «Жеті атасын білмеген — жетесіз» деп айтуының да терең мәні бар. Бұл — тек шежірені білу ғана емес, ең алдымен, тектілікті сақтау мен туыстық шеңберді тану мәдениеті.
Қазақ халқы руға, жүзге бөлінеді, мұның да өзіндік қоғамдық маңызы болған. Қыз ұзату, келін алу барысында ең алдымен руын, тегін сұрау — халықтың тектілікке, тазалыққа ерекше мән бергенінің белгісі.
Қорытынды
Салт-дәстүр — белгілі бір ел мен ұлттың болмысын айқындайтын құндылық. Ол халықтың өзіндік ерекшеліктерін сақтап, өзгеге үлгі боларлықтай деңгейде таныта алады. Сондықтан дәстүрді құрметтеу, түсіну және ұрпаққа дұрыс жеткізу — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы