Амнион қуысындағы қағанақ сұйығы ұрықтың толық дамып өсуіне қолайлы жағдай тудыратын сулы орта

Амнион сұйығы (қағанақ сұйығы)

Амнион сұйығы — қағанақтың ішкі бетіндегі эктодерма жасушалары бөлетін сұйық. Амнион қуысындағы бұл сұйық ұрықтың толық дамып, өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасайтын сулы орта болып табылады.

Негізгі қызметтері

  • Ұрықты кеуіп қалудан қорғайды.
  • Әртүрлі механикалық соққылардың әсерін бәсеңдетіп, қорғаныс ортасы қызметін атқарады.
  • Ұрықтың еркін қозғалуына қолайлы жағдай жасайды.

Қоректік маңызы және алғашқы нәжістің түзілуі

Құрсақтағы шарана мен іштегі төл туардан бұрын, сондай-ақ балапан жұмыртқаны тесіп шығар алдындағы соңғы күндері қағанақ сұйығын жұтып, ондағы заттарды қорек ретінде пайдаланады. Осы сұйықтың қорытылмаған қалдықтарынан жаңа туған нәрестедегі алғашқы нәжіс (меконий), ал жас төлдерде тоңғақ және балапанда бірінші саңғырық түзіледі.