Биыл қазақ хандығына - 550 жыл

Қазақ хандығына 550 жыл

Биыл Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толып отыр. Қазақ хандығының негізін қалаған — Керей мен Жәнібек. Кейін бұл мемлекеттің тізгінін Абылай хан, Хақназар хан, Жошы хан, Әбілқайыр хан, Әз Тәуке хан, Қасым хан сияқты ел басқарған тұлғалар жалғастырды.

Ел қорғаған ерлердің еңбегі

Осы хандар тұсында көптеген батырларымыз да тер төгіп, қандай мықты жау келсе де жеңісті қолдан бермей, Отанымызды қорғады. Қазақ елінде батырлар аз болған жоқ. Олардың қатарында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қарасай, Ағыбай батыр және басқа да ерлер бар.

Осы хандар мен батырлардың арқасында бүгін біз еркін өмір сүріп, тәуелсіз ел ретінде болашағымызды баянды ете аламыз.

Тараздағы мерейтой және елдік рух

Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміз жаңа белестерге қадам басты. 2015 жылдың қазан айында хандықтың негізі қаланған Тараз қаласында мерейлі той кең көлемде аталып өтті. Бұл жиынға алыс-жақын шетелдерден көптеген туристер келді. Ашылу салтанатына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та қатысты.

Біздің мектепте де осы тарихи оқиғаға орай спектакль мен концерт ұйымдастырылды. Мұндай шаралар жас ұрпақтың тарихқа деген құрметін арттырып, елдік сананы нығайта түседі.

Мәңгілік тағзым

Еліміздің тәуелсіздігіне үлес қосқан хандар мен батырлар өмірден өтсе де, олардың есімі мен ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, ерліктерінің алдында басымызды иеміз.