Халықтар бірлігі мерекесіне арналған сазды бағдарлама

Құрық гимназиясы

Бисенғали Қарлығаш Бақтыбайқызы — директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

1 мамыр Халықтар бірлігі күні Сазды бағдарлама «Достық әнін шырқайық!»

Мерекенің мәні

1-жүргізуші

Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!

Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.

Еліміздің басты тірегі — қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Бұл — Қазақ елінің алдындағы маңызды міндеттердің бірі.

Баршаңызды 1 мамыр — Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

2-жүргізуші

1 мамыр — Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бұл күні ел азаматтары ұлттар мен ұлыстардың тарихын дәріптеп, әлем мойындаған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық — ең қымбат байлығымыз. Оны бағалау, сақтау жолында аянбай еңбек ету — әр қазақстандықтың борышы.

Баршаңызға, әр отбасыға береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мереке құтты болсын!

Достық туралы жыр

1-жүргізуші (өлең)

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Ұлтаралық татулықтың арқасында ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмасын, Қазақстандағы барша ұлттың айнымас достығына сызат түспесін.

2-жүргізуші (өлең)

Тілі бөлек болғанымен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек — гүл. Қазақстан — бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Мерекелік лебіз айту үшін мектеп басшылығын (Даурбаев Келдімұрат Түгелбайұлы) ортаға шақырамыз.

Егемендік рухы

«Мен — қазақпын» (үзінді)

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мың тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Мен — қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым өмірге, қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім.

Маңызды ой

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толады. Бұл — қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 20 жылы. Егемен елдің еңсесі жыл өткен сайын биіктей түсуде.

Алғашқы сөз ұлттық дәстүр мен өнерді таныстыратын өз ұлтымыздың өкілдеріне беріледі: 2,3-а сыныбының оқушылары.

Құттықтау

Мерекелік құттықтау сөз ардагер-ұстаз Төлесбаева Айханым апайға беріледі.

Көпұлтты Қазақстан: ортақ шаңырақ

Бірлік туралы дерек

Бүгінгі мерекеде біз 8 ұлт өкілінің басын қосып отырмыз. Қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді.

1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың бірегей үлгісі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бұл — саяси маңызы зор, көптеген елдерде баламасы жоқ құрылым.

Ортақ құндылық (өлең)

Ортақ мекен — жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан. Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жыр ортақ, Ортақ бізге барлығы.

Мәдени орталықтардың сәлемі

Бағдарламадағы бөлімдер ретімен берілді.

Орыс мәдени орталығы

Орыс халқының сәлемі: 10-а, 10-ә сыныптары.

Өзбек мәдени орталығы

Өзбек халқының сәлемі: 1-а, 4-а сыныптары.

Ортақ ой

Жер-Ана бәрімізге ортақ. Кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті, ынтымақта және бауырластықта өмір сүруде. Қазақ жері — ортақ Отан, ортақ өлке.

Қырғыз мәдени орталығы

Қырғыз халқының сәлемі: 9-сынып.

Түрікмен мәдени орталығы

Түрікмен халқының сәлемі: 5-сынып.

Украин мәдени орталығы

Украин халқының лебізі: 6-сынып.

Түрік мәдени орталығы

Түрік халқының лебізі: 1-ә, 3-ә сыныптары.

Поляк мәдени орталығы

Поляк халқының құттықтауы: 7-сынып.

Қытай мәдени орталығы

Қытай халқының лебізі: 8-сынып.

Бейбітшілік туралы жолдар

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге, Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде. Қайталанып, жаңарып айтылады, Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

Достыққа тілек

Жақсылыққа, бақытқа Талпынған әр уақытқа. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл!

Тәуелсіз Қазақстанға тағзым

Рухты сөз

Қайсарлығы қара тасты үгіткен, қаһарынан қас дұшпаны үріккен; қайырымдылығы тас жүректі жібіткен, арғы тегі Алаштан тараған, керегесін ағаштан құраған елміз!

Тағдырдың тезіне де, қолдан жасалған тозаққа да шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар; сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

Шыдамы шегіне жеткенде, намыс оты сүйегінен өткенде, кеудесінде жанартау атқылап, жауына тайсалмай қарсы тұрған қазақпыз!

Сондықтан да бүгінгі мемлекетіміз — бабалар аманаты, қарыштап дамып келе жатқан Тәуелсіз Қазақстан!

Музыкалық номер

«Әнұраным — Қазақстаным менің!» (жеке дауыста): 3-ә сынып оқушысы Шайхина Ақмаржан.

Қорытынды үндеу

1-жүргізуші

Ел бірлігі — ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге керек. Көпұлтты мемлекеттің жарқын болашағының бір тірегі — Қазақстан халқының бірлігі.

Ендеше, бейбітшілік жасасын!

2-жүргізуші

Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі — еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір.

Ынтымақтастық жасасын!

Қазақстан жасасын!

1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!

Бағдарлама аяқталды

Осымен «Достық әнін шырқайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз. Сау-саламатта болыңыздар!