Тәуелсіздік - ұлттық тіліміздің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас күші, алтын діңгегі деп білемін
Тәуелсіздік — ұлттық негіздің мызғымас діңгегі
Мен үшін Тәуелсіздік — ұлттық тіліміздің, дәстүріміздің, салт-санамыздың мызғымас күші, алтын діңгегі.
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан тарихи кезеңі. Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада мақтанарлық беделге ие.
Жас мемлекетіміз аз ғана уақыт ішінде экономикалық, әлеуметтік және саяси бағыттарда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі кезеңде Қазақстан жас мемлекет бола тұра, бірқатар елдерден озық тұрған мемлекеттердің қатарына қосылды.
Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлтты Қазақстан халқының ынтымақтастығы — жүргізіліп отырған саясаттың жемісі деп ойлаймын.
Болашаққа нық қадам
Осы бағытты берік ұстанып, бірлік пен тұрақтылықты сақтай отырып, болашаққа сеніммен қадам баса берейік.