Қазақ елім

Мерекелік кеш сценарийі

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Бұл мәтін Тәуелсіздік күніне арналған мектепішілік мерекелік кештің жүргізілу тәртібін ұсынады: ән, күй, би, құттықтау сөздер және Желтоқсан оқиғасына тағзым.

Кештің барысы

  • Кеш ашылуы: «Көк тудың желбірегені» әні.
  • Жүргізушілер сөзі, өлең шумақтары, тәуелсіздік туралы ой-толғау.
  • Концерттік бағдарлама: ән, күй, би, дуэт.
  • Құттықтау сөз: мектеп директоры.
  • Қорытынды: Тәуелсіздікке тілек, алғыс, қоштасу.

Кештің ашылуы

Ән

«Көк тудың желбірегені»

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгін Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Оған бейбіт жолмен қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. Осы 22 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың күрделі кезеңдерінен сүрінбей өттік.

Қазақстанды әлемге танытып, беделін биіктетуде тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегін бүгін де, әрдайым атап өтеміз. Тәуелсіздік күні — халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған, армандаған мерекесі.

2-жүргізуші

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік — ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан-жүректі ұғысқан.
Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

Қазақ орта мектебінің көркемөнерпаздары ұсынатын шағын концерттік бағдарламаны қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші (өлең)

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан — елім менің.

2-жүргізуші (үзінді)

Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы.
Жараланған жолбарыстай ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащы:

«Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты — құрбандық, атам десең атыңдар!»

Музыкалық нөмірлер

Ән

«Қазақстан»

Орындайтын: 10-сынып оқушысы Сердалиев Тұрар.

Құттықтау сөз

Мектеп директоры

Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі.

Күй

«Балбырауын»

Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп.
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның әміріне басымды иіп.

Орындайтын: оқушылар.

Би

«Қамажай»

Орындайтын: бишілер тобы.

Желтоқсан рухына тағзым

Таң қалады тергеуші де, бел кетіп:
«Неткен қайтпас! Біз мұндайды көрмедік!»
«Барлық қазақ осындай ма?» — білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, неткен ерлік!

Сол атаның ұрпағы — мына менмін,
Есте ұста, ей жендет, көрмегенің:
Мен қазақпын, қорықпаймын өлімнен де,
Табан асты, ол — туған жерім менің!

«Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты — құрбандық, атам десең атыңдар!»

Қасым Аманжолов жырлағандай, «Қазақ дейтін менің бір елім, жатыр алып жарты дүние әлемін». Кең байтақ жеріміз талай сынақты бастан өткерсе де, халқымыз ешқашан мойымады. Азаттық таңы туарына кәміл сеніп, үмітін үзбеді.

Ән

«Алға, Қазақ жігіттері»

Орындайтын: «Тұмар» дуэті.

«Орнында бар оңалар» демекші, ел аман, жер аман болса — жерге жетер байлық жоқ. Жер болса — ел болады, ел болса — ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егемен ел болып, дүние жүзіне танылды.

120-дан аса ұлт өкілі тұратын қасиетті мекенімізде әрбір азамат Отанын жанындай сүйіп, көк байрағын биік көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қуаныш пен бірлікті дәріптеген өнер

Ән

«Жаса, Қазақстан!»

Орындайтын: 9-сынып оқушысы Маратов Жақсылық.

Би

«Шаттық»

Орындайтын: 9-сынып оқушылары Жаманова Майра және Құдайберген Наурыз.

Ән

«Қазақстаным»

Орындайтын: 7-сынып оқушысы Шананова Мөлдір.

Сахналық көрініс

(Барша бала сахнаға шығады. Қолдарында шарлар мен жалаушалар.)

Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба рухына!

Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ — елдің ертеңі.

Қорытынды

Осылайша Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын. Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!

Ескерту: түпнұсқа мәтіндегі сыртқы сілтеме алынып тасталды.