Күмісбекова Айгерім

Күмісбекова Айгерім, 11-сынып • №126 мектеп-лицей

Отан дегеніміз не?

«Отан» сөзі — әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиетін ұғым. Менің Отаным — Қазақстан. Мен 18 жыл бұрын осы жерде дүниеге келдім, осында өсіп-өніп келемін. Қай елде, қай мемлекетте жүрсем де, Қазақстанымды әрдайым мақтан тұтамын.

Кең байтақ жеріміз — біз үшін үлкен мақтаныш. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан қадірлеймін. Қазақстанның кең даласындай ұлан-ғайыр кеңістік әлемде сирек шығар.

«Отан — алтын бесік, Отансыздық — нағыз жоқтық» — деп дана халқымыз бекер айтпаған.

Қазақстанның дамуы — ортақ мақтаныш

Отаным туралы айтар болсам, Қазақстан — дамыған әрі даму үстіндегі мемлекет. Соңғы жылдары еліміз көркейіп, экономикасын нығайтып, ішкі және сыртқы саясатында айқын бағыт қалыптастырды. Елдің әлеуеті табиғат байлығымен ғана емес, өнеркәсібімен де ерекшеленеді.

Экономика

Нығаю, жаңару, тұрақты өсімге ұмтылу.

Саясат

Ішкі-сыртқы бағыттың жүйеленуі, жауапкершілік.

Даму

Күн сайынғы ілгерілеу, жаңашылдыққа талпыныс.

Қазіргі Қазақстан — егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Әрине, алға ұмтылатын тұстарымыз да бар: ғылымды дамыту, ауылдарды көркейту, жемқорлықты жою қажет. Дегенмен, еліміздің талай жетістігі әлі алда екеніне мен сенемін.

Тарих пен ерлік — ұрпаққа аманат

Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Қиын кезеңдерде де ата-бабаларымыз елді сыртқы жаудан қорғап, туған жері үшін жанын да, барын да аямаған. Олар талай қанқұйлы соғысты бастан кешірді. Солардың ең соңғыларының бірі — Ұлы Отан соғысы.

Олардың майданға аттанудағы мақсаты — ұрпағының, яғни біздердің, бейбіт өмір сүруіміз еді. Аттың жалында, түйенің қомында жүріп, елге тыныштық орнатуға күш салды. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы арта түсуде. Олардың ерлігі — бүгінгі ұрпаққа өнеге.

Ерлік Бейбітшілік Өнеге

Азаматтық міндет: Отанға қызмет

Отансүйгіштік — әрдайым қастерлеуге тұрарлық қасиет. Бұл ұғым біздің ең үлкен құндылықтарымыздың бірі болуы тиіс. Ендеше, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қандай міндеттерді ұстануы керек?

  • Мемлекеттік тілді білу және оны құрметтеу.

  • Барша халықтардың дәстүрін құрметтеу және татулықты сақтау.

  • Отанды қорғау — ел алдындағы парыз.

Өйткені Қазақстан — біздің ортақ үйіміз, ортақ Отанымыз.

Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы