Қошқар демекші, менің ауылым Теке деген атаның ұрпағы

Сағынышпен басталған сапар

Көптен көрмеген ауылыма сағынып жеттім. Колхоз іріленгелі бері мұнда келе алмай жүргенмін. Арасы тай шаптырым екі ауыл бұрын екі коллективтік шаруашылық болып, қысқа жіптері байлауға келсе де, күрмеуге келмей, «былай тартса арба сынып, былай тартса егіз өліп» деген күйді бастан кешіретін.

Осы ауылдың бірінен мен оқуға аттанып едім. Енді, міне, екі ауыл бірігіп, бір үлкен колхоз болыпты. Төбесі қызыл қаңылтырлы еңселі үлкен үй бұрын жоқ еді: «Колхоз председателі Айтбай салғызып алды» деп туыстарым шағым айтып, есігімді тындырмайтын. Жұрттың көзіне сүйелдей батқан, арыз қоздырушы құрылыс, шамасы, осы болды. Оған жалғас қыштан тұрғызылған ғимарат ауылдық совет председателі Көбектікі болса керек.

Қысқасы, бәрін де біліп келе жатырмын. Бұл ауылға өзім келе алмасам да, көзім талай сыртынан шолған. Қай шұңқырдан үй салғызуға Айтбай қанша қап топырақ қаздырғанын, оған елуінші жылдардағы күпшегінің ұңғысы желінген шиқылдақ өгіз арбаның қай жолмен қанша рет қатынағанын естіп, талай көз алдыма елестететінмін.

Ал миым бұл ауылда одан да жиірек «болып қайтты»: кімнің үйінде қандай өзгеріс бар, қайсысы баласын қай күні сүндеттеткен, қай шеше қызын қай күні әкесінен жасырып, түн жамылып күйеуге қашырып жіберген, араларына кім жеңгетай болған — бәрі маған белгілі сияқты.

Теке мен Қошқар: туыстық та, тірес те

Кейде әлгі Теке руы ауылымызды Қошқарлар жайлап алғанына іштей кіжініп қоятыным бар. Қошқарлар да маған туыс, бірақ Теке маған жақынырақ. Мұны «ешкінің етінен гөрі қойдың еті дәмді» дегенге жорымассыздар — әңгіме туыстық туралы ғана.

Сондықтан кейде Текенің біреуі Қошқардан таяқ жеп қалса, «қырда бұғының мүйізі сынса, ойда өгіздің мүйізі сырқырайды» дегендей, Қошқарға деген ашуым арта түседі. Мен бибауырмалдың ішіндегі ең бибауырмалы емеспін, оны да жасырмаймын.

Колхоз орталығы қайда, «актив» кімде?

Теке ауылы Қошқар ауылынан әрі әрі тұрған жері кең, суы мол, шаруаға қолайлы болғандықтан, колхоз орталығы осында орнаған. Бірақ оның есесіне ауыл активтері тегіс Қошқарлардан іріктеліпті.

Алматыда жүргенде бұған да күйінетінмін: «Өз ет, өз бауыр» Қошқарлар Текелерді неге шеттетеді? Әлде керісінше, келісімді орындарды Қошқарлар алып, Теке бауырларына күн көрсетпей ме?

Өзімше сақтық

Ауылда ет жақыным болмаған соң, ешкімнің үйіне тіке түспей, екі жақты да өкпелетпейін деп, тура кеңсеге бардым.

Кеңседегі көңіл-күй және қыңыр сұрақтар

Колхоз кеңсесі бұрынғы үш бөлмелі қоржын үй емес екен: іргетасы цементтен құйылып, бір метрдей көтерілген, әлденеше бөлмелі жаңа ғимарат. Мұның өзінен-ақ ауылымның экономикалық жағынан өсіп кеткенін шамаладым.

Күз, жиын-терім аяқталып, жұмыс саябырсыған шақ. Мен келді дегенді естіп, колхоз председателі Айтбай да, ауылдық совет председателі Көбек те жан-жақтан шапқылап жетті. Ішімде Қошқар мен Текенің «теке тіресі» тұрғанымен, білдірмей, қойдай қосылып, қозыша жамырасып көрістік.

«Арызқойлық неден туады?»

Сөз арасында бір-екі қыңыр сұрақты да қойып үлгердім. «Арызқойлық неден туады?» дедім. Емеурінім: егер бастық әділ болса, арыз азаяр еді ғой.

Айтбай мен Көбек сөзімді қалт жібермей, қағып алып, жауап беріп отырды. Бірақ менің қырын отырғанымды сезгендей, шайға шақыруға да батпайды.

Бас зоотехник

Өзіңмен бірге оқыған Төлеуқұл емес пе?

Бас агроном

Жасұлан ғой, бір партада отырып едіңдер.

Бас бухгалтер

Көмекбай.

Үшеуінің аты аталған сайын ішім жылып та қалды. «Ішінде бүкпесі бар адамды қойсаңызшы!» деппін ғой. Сонда Айтбай күліп жіберді: «Теке болмақ түгіл бұқа болса да, жұмысты жақсы істесе бәрібір емес пе?!»

«Аттан!» — кеңсеге кірген қан

Дәл осы кезде сырттан аттандаған дауыс естілді: «Аттан, аттан! Мына Қошқарларың қырып барады! Ойбай, өлтірді…» Қазақ «аттандаған ойбайым тыныш» деп бекер айтпаған-ау: ойбайды жай төбелес дерсің, ал «аттан» дегенің — пәле үлкен деген сөз.

Жалабайдың кейпі

Аздан соң кеңсеге үсті-басы қып-қызыл қан, сақалы белуарына түскен, өгіздей өкірген бір шал кіріп келді. Қанға боялған шаш пен текесақалдың арасынан оның төбелестен бұрын аппақ қудай болғаны білінеді. Тіп-тік, қапсағай денесінен күш-қайраты да көрініп тұр. Бұл — осы ауылдың бұрынғы белсендісі, Жалабай екен.

Ол еңіреп тұрып, мені көргенде даусын үдетті: «Ойбай, Балбақ, айналайын… мына екеуі қатар бастық болып отырғанда бізге күн жоқ!»

Шалдың белінде белдік, белдікке қыстырылған кішкентай балтаның жүзі жалтырап тұр. Артынан ерген жастау жігіт те «өлтірді, өлтірді» деп даурығады, бірақ даусында зілден гөрі еліктеу көп сияқты.

Бұл екі Текенің кіргені екі Қошқар бастықтың еңсесін түсіріп, абыржытты. Көбек телефонға жармасып, ауданнан милиция мен жедел жәрдем шақыртты. Ал менің ішімде бір «ә бәлем, қалай екен» деген де қылт етіп тұрды: құтты қонақ келсе қой егіз табады, құтсыз қонақ келсе қойға қасқыр шабады дейді, мен келгенде «қасқырдың» адамға шапқаны несі?

Тілінген бас және тексерілген «ақиқат»

Милиция да, жедел жәрдем де іргедегі он бес шақырым жердегі ауданнан сау ете түсті. Жалабайдың басы маңдай тұсынан тілініп, жарасы шүйдесіне дейін жетіпті. Екінші жарасы бір құлақтың үстінен басталып, екінші құлақтың алдына дейін созылған. Құдай сақтаған: көз аман, қалқиған құлаққа да тимепті.

Адалбайдың әкелінуі

Көп ұзамай «адам басын сойған» деп айыпталған Айтбайдың ағасы — Адалбай әкелінді. Айтбай қатқыл сөйледі, милиция тексерсін деді. Ал менің ішім алай-дүлей: баяғыда жетім балаларды атына мінгестіріп әкеліп, «Адал аға» атанған адам еді ғой — заман өте мінез де өзгерген бе?

Адалбай болса: «Кінәсізбін. Алтынарық бойындағы колхоз ағашынан үшеуін кесіп қойыпты. Неге кесесің деп жақындап едім, қалтасына қолын салды да, басын сипады, сөйтіп қан-қан болып шыға бердім. Мен қаша жөнелдім», — деп ақталды.

Мен қанша сағынып барсам да, ауылда аунап-қунап жата алмадым. Кеш алдында аттанып кеттім. Күзгі кеш денемді тоңазытып, қоңырлау шығарып салды. Көбек пен Айтбайдың үнсіздігі — өздері жайратқандай күй.

Ертесі: ауруханадағы шындық

Ертесіне Жалабай ағаға, ауруханаға кірдім. Басын тегіс тақырлап, таңып тастапты — төбесінде жарасы қосу белгісіндей болып анық көрінеді. Өзі көңілді, қарқ-қарқ күледі: «Қатырдым ба иттерді!»

Өз басын өзі тілгені

Жалабай жайын тәптіштей сұрасам, ол отынға бара жатып алысқа ерінген екен де, Алтынарық бойындағы колхоздың әдейі тіккен ағаштарын кесе бастапты. Сол сәтте жер қорғаушы Адалбай келе қалған. Шал бәсеңдемей, ақиқатын өзі айтып берді:

«Адалбай жаныма келе бергенде қалтамдағы ұстарамды алып, өз басымды өзім тіліп-тіліп жібердім. Жан керек екен, батырыңа. Ол атын тебініп қаша жөнелді. Мен де арбаға міне салып, қанымды сорғалатып тура кеңсеге тарттым…»

Сөйтіп, «қатырдым» деп мәз. Тіпті: «Енді Жасұланды председатель қоямыз!» дейді.

Мен оны сынамақ болып: «Ал енді Адалбайды соттайды. Бала-шағасы шулап қалатын болды. Қатыны да төркініне көшкелі жатыр екен», — дедім. Сонда шал жігітше атып тұрып: «Мен оны соттасын деппін бе? Оны соттағанша мені соттасын!» — деп басын қос қолдап ұрып-ұрып жіберді.

Бұл жолы күлкім келген жоқ. Шалды шынымен аяп кеттім. «Жарайды, айтып көрейін», — деп шығып кеттім де, аудандық прокурорға болған жайды түгел жеткіздім.

Кең құйқа, кең мінез

Көпке дейін көз алдымнан қосу белгісіндей болып тілінген бауырымның бас терісі де, кейіннен өз басын өзі тоқпақтаған сәті де кетпей қойды. Жауласуы да, дауласуы да, араздасуы да, татуласуы да оңай — ағаларымның қылығы қызық көрінді.

Шын жамандыққа бармайтыны, суықтан келіп ыстық сорпа ішкендей, ішімді жылытты. Дегенмен бауырымның бас терісі кең екен: тілуге де, күлуге де жетіп жатыр. Алғаш тарылғанымен, кейін қайта кеңіп сала беретін кең құйқаға не жетсін?

1971 Па шіркін, көн терілі бауырым-ай…