Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
Жоспар
Бұл сабақ жоспары 7–8 сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Сабақта сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары және Синквейн әдісі қолданылып, оқушылардың ойды нақты, қысқа әрі мәнді жеткізу дағдылары қалыптастырылады.
Сабақтың тақырыбы
Оқушылардың бойында ақпараттық сауаттылықты сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен және Синквейн әдісі арқылы дамыту.
Сынып және ұзақтығы
- Сынып:
- 7–8 сыныптары
- Ұзақтығы:
- 45 минут
Сабақтың қысқаша мазмұны
- A and Q әдісі арқылы «Ақпараттық сауаттылық» тақырыбын қайталау.
- Синквейн әдісімен таныстыру.
- Әдістің қолданылу жолдарын және негізгі ережелерін үйрету.
- Синквейн түрлерін көрсету және үлгілерді талдау.
- Слайдта берілген синквейн негізіндегі сұрақтарды қою (жұмбақ форматында).
- Әр оқушыға тақырып беріп, синквейн құрастыру тапсырмасын орындату.
- Оқушылардың синквейнінен негізгі тақырыпты сынып болып анықтау және қорытынды жасау.
Мақсаты
- Оқушылардың ақпараттық оқу сауаттылығын қалыптастыру.
- Ойын жүйелі, нақты және дәл жеткізуге дағдыландыру.
- Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
- Оқушылардың шығармашыл тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Жаңа технологиялар және WWB 2.0
- Құралдар:
- слайд, интерактивті тақта
Техника
- Қолданылатын құралдар:
- фотоаппарат, интерактивті тақта
Қарастырылатын сұрақтар
1
Синквейн дегеніміз не?
2
Бұл әдістің негізгі ережелері қандай?
3
A and Q әдісі қалай жүргізіледі? (Допты лақтыра отырып, сұрақ қою арқылы.)