Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер

12 сәуір – Ғарыш күні

12 сәуір — адамзаттың ғарыш кеңістігін игеру тарихындағы айрықша күн. Бұл күн тек ғылыми жетістікті ғана емес, арман мен табандылықтың, білім мен ізденістің құндылығын еске салады.

Тақырып

12 сәуір – Ғарыш күні

Мақсат

Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра түсіндіру; оқушылардың тарихи және ғылыми танымын кеңейту, білім деңгейін арттыру.

Кештің құрылымы

I бөлім

Ғылыми космонавтика туралы мағлұмат (слайдтар арқылы).

II бөлім

Білім сайысы.

Кіріспе сөз

I жүргізуші

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 12 сәуір — Ғарышкерлер күнімен құттықтаймыз!

II жүргізуші

ХХ ғасыр — төңкерістер дәуірі, қырғи-қабақ соғыс жылдары, атом ғасыры. Бұл кезең халқымызға екі үлкен сый әкелді: біріншісі — мың өліп, мың тірілген сындардан өтіп, тәуелсіздігін жеңіп алуы; екіншісі — бала қиялындағы «аспанға ұшу» арманының ақиқатқа айналып, қазақ ұланының ғарышқа барып қайтуы.

Аспанға қызығушылықтан — нақты ғылымға

Ежелден адам баласы аспанға көз тігіп, тылсым сырын ұғынуға талпынды. Бүгінде аспан туралы жүйелі білім қалыптастырып, әлем кеңістігін игеру ісі кең өріс алды.

Ғарышты бақылауға арналған алғашқы жасанды жер серігі 1957 жылғы 7 қазанда ұшырылып, ғарыш кеңістігін зерттеу дәуірін бастады.

Кеше

Елдігінің жұрнағы қалмаса да,
Құмар болды даңғаза, далбасаға.
«Менікі!» — деп, Байқоңырға кеуде қақты,
Маңайына бір қазақ бармаса да…

Бүгін

Сын сағаты соққанда арамызға —
Туған ұлдар аз емес бағымызға.
Талғат Сізді ғарыштан құттықтады,
Тоқтар тұрды жарасып жаныңызда.

Қазақ ғарышкерлері

Қазақстаннан шыққан ғарышкерлер — Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев — ғарышта ғылыми зерттеулер жүргізіп, ел абыройын асқақтатты.

Білім сайысы: ережесі мен кезеңдері

Әділқазылар алқасы

Сайыстың барысын қадағалап, әділ баға беретін әділқазылар алқасы таныстырылады.

I кезең: Таныстыру

Командалар өздерін таныстырады.

II кезең: Викторина

Сұрақтарға жедел әрі нақты жауап беру.

III кезең: Сөзжұмбақ және ребус

Логика мен білімді ұштастыратын тапсырмалар.

IV кезең: Сергіту сәті

Фантастикалық сурет салу, шағын әңгіме құрастыру.

V кезең: «Көкпар»

Капитандарға 10 сұрақтан қойылады.

Викториналық сұрақтар

I топ

  1. Күн жүйесінің гелиоцентрлік моделін кім ұсынды? (Н. Коперник)
  2. Ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі қалай аталады? (Күнтізбе)
  3. Күнге ең жақын планета? (Меркурий)
  4. Қай планета өз осін бір тәулікте бір айналады? (Жер)
  5. Ертедегі гректер планеталарды қалай атаған? («Қыдырма шырақтар»)
  6. Көктемгі күн мен түн теңелуі қай күні болады? (21 наурыз)
  7. Дененің бастапқы және келесі орнын қосатын кесінді қалай аталады? (Орын ауыстыру)
  8. S/t формуласы қандай шаманы анықтайды? (Жылдамдық)
  9. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
  10. Грек тіліндегі «бу» және «сфера» сөздерінен құралған термин? (Атмосфера)

II топ

  1. Күн жүйесінің геоцентрлік моделін кім ұсынды? (К. Птолемей)
  2. Ғылыми деректерге негізделген жорамал қалай аталады? (Гипотеза)
  3. Марстың серіктерін атаңдар. (Фобос және Деймос)
  4. Алып планеталарды атаңдар. (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
  5. Қай планеталардың өз осінен айналу бағыты көпшілігіне қарама-қарсы? (Шолпан және Уран)
  6. Меркурийдің қазақша атауы? (Шолпан)
  7. Күннің аспанда жүретін жолы қалай аталады? (Эклиптика)
  8. Дененің пішіні немесе өлшемдерінің өзгеруі? (Деформация)
  9. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)
  10. Энергияны пайдалану жағынан ең арзан көлік түрі? (Су көлігі)

Назар аударуға тұрарлық дерек

Байқоңыр кешені — адамзат тарихындағы ең алғашқы ғарыш айлағы. Бұл нысан Қазақстанды ғарыштық айлақ ретінде әлемге танытты. Ресей Федерациясы Байқоңыр арқылы мемлекеттік ғарыш бағдарламасын жүзеге асырып, коммерциялық аппараттарды да ұшырады.

Тарихи белестер

1961 жыл: алғашқы қадам

1961 жылғы 12 сәуірде дәл осы Байқоңырдан Юрий Гагарин алғаш рет ғарыш кеңістігіне жол салды. Ол ұшқан «Восток» кемесі шамамен 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды.

Ғарыш кемесі: үй де, зертхана да

Ғарышкерлер үшін ғарыш кемесі — әрі үй, әрі ғылыми зертхана. Онда олар өмір сүріп қана қоймай, бақылаулар жүргізіп, тәжірибелер жасайды.

Талғат Мұсабаевтың миссиялары және зерттеу бағыттары

Талғат Мұсабаев «Союз ТМ-27» ғарыш кемесінің командирі болып, ғарышта 200 күнге жуық болды. Ғарышкерлер халықаралық және мемлекеттік маңызы бар тапсырмалармен қатар мынадай ғылыми зерттеулерге жетекшілік етті:

  • Қазақстан аумағындағы табиғи ресурстарды зерттеу, астықты өңірлердің мүмкіндігін болжау;
  • ғарыш жағдайындағы материалтану;
  • жер асты пайдалы қазбаларын іздестіру;
  • атмосфераны ғана емес, ионосфера мен мезосфера қабаттарын да зерттеу;
  • биотехникалық және биомедициналық тәжірибелер жүргізу.

Капитандар сайысы

I топ капитаны

  1. Айға тұңғыш рет 1969 жылы кімдер аяқ басты? (М. Армстронг пен Э. Олдрин)
  2. Жер тобына жататын планеталарды атаңдар. (Меркурий, Шолпан)
  3. Неше шоқжұлдыз бар? (12)
  4. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және қашан ұшты? (Т. Әубәкіров, 1991 жыл, 2 қазан)
  5. Жерді қоршап тұрған ауа қабаты қалай аталады? (Атмосфера)

II топ капитаны

  1. Күзгі күн мен түн теңелуі қай күні болады? (23 қыркүйек)
  2. Ең алғаш ғарышқа қашан, кім ұшты? (1961 ж. 12 сәуір, Ю. А. Гагарин)
  3. Алғашқы әйел ғарышкер кім? (Валентина Терешкова)
  4. Жұлдыздар жүйесі қалай аталады? (Галактика)
  5. Алғашқы жердің жасанды серігі қай жерден ұшырылды? (Байқоңыр ғарыш айлағынан)

Қорытынды

Сайыстың қорытынды сөзі әділқазылар алқасына беріледі: жеңімпаз анықталып, қатысушылар марапатталады.

Жабылу сөзі

I жүргізуші

Сайра бұлбұл көкейден ән төгілсін,
Жырға бөле әр төбесін.
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер
Көтерді қазағымның мәртебесін.

Осылайша, Ғарышкерлер күніне арналған кешіміз өз мәресіне жетті.

Санат: Қазақша ашық сабақтар жинағы

Дереккөз: http://wwwsabak3058-sagat-12.html