Теориялық кезеңнің қызметі
Мақсаты
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы қойылу кезеңі, оны құру логикасы, зерттеу пәні мен объектісі туралы жүйелі түсінік беру.
Жоспар
- 1 Зерттеу пәнін анықтау.
- 2 Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.
Зерттеуді анықтау: методологиялық негіз
Зерттеу методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып анықталады. Бұл үдерісте зерттеуші:
- зерттеу объектісі мен зерттеу пәнін айқындайды;
- мәселені шешудің реттілігін белгілейді;
- қолданылатын әдістерді таңдайды.
Эмпирикалық кезең
Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және оны алғашқы өңдеумен байланысты. Бұл жерде ақиқат фактілері мен ғылыми фактілер ажыратылады.
Ақиқат фактілері
Болатын немесе нақты болып жатқан құбылыстар мен оқиғалар; зерттелетін объектінің әртүрлі қырлары, қасиеттері және қатынастары.
Ғылыми фактілер
Санамен бейнеленген ақиқат фактілері; ғылым тілінде рәсімделіп, эмпирикалық пайымдаулар түрінде міндетті түрде тексерілген фактілер жиынтығы.
Эмпирикалық жұмыстың екі сатысы
-
1
Фактілерді алу және табуБақылау, өлшеу, тіркеу арқылы дерек жинау.
-
2
Бағалау және бастапқы өңдеу
- алынған фактілерді ғылыми терминдермен тұжырымдап, қатаң бақылау;
- әртүрлі негіз бойынша фактілерді классификациялау және олардың арасындағы негізгі тәуелділіктерді анықтау.
Зерттеушінің негізгі әрекеттері
Маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан тазарта отырып, әрбір фактіні тексеру және критикалық бағалау.
Зерттеу жүргізілетін ғылым аясында әр фактіні нақты терминдермен сипаттау.
Даму тенденцияларын көрсететін және жиі қайталанатын типтік фактілерді іріктеу.
Маңыздылығы мен құбылыс түрлері бойынша фактілерді жүйеге келтіру.
Іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетіп, зерттелетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтарды эмпирикалық деңгейде айқындау.
Теориялық кезең және зерттеу деңгейі
Теориялық кезең құбылысты түсіндірумен, заңдылықтарды сандық және сапалық формада тұжырымдап танумен, зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен және фактілерді терең талдаумен байланысты.
Бұл кезеңде ықтимал оқиғаларды болжау, оқытылатын құбылыстардағы өзгерістерді негіздеу, сондай-ақ осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету бойынша ұсыныстар мен әрекет принциптерін әзірлеу жүзеге асады.
Менделеевтің ғылыми зерттеу туралы тұжырымы
Периодтық заңды алғаш ашқан Д.И. Менделеев ғылыми зерттеу тапсырмалары туралы төмендегідей ой айтқан:
- Жай бейнелеу немесе сипаттау емес, белгілі құбылыстың басқа білімдермен байланысын түсіну.
- Өлшеуге келетіннің бәрін өлшеу.
- Сандық және сапалық деректерді қолданып, құбылысты белгілі бір жүйеде анықтау.
- Заңдылықты табу.
- Оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыс туралы болжамдар құрастыру.
- Гипотезаларды тәжірибеде тексеру.
- Үйренудің (зерттеудің) теориясын құрастыру.
Теориялық кезең өзіне жалғасатын жұмыс сатыларының қатарын қамтиды. Эмпирикалық және теориялық кезеңдердің арасын байланыстыратын негізгі буын — мәселенің (проблеманың) құрылымы.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
- 1 Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?
- 2 Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін атаңыз.
- 3 Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз.
- 4 Теориялық кезеңнің қызметі қандай?