Қазір Жазушы баспасының директоры

Өмірбаяны

Есенғали Раушанов 1957 жылғы 5 қазанда Қарақалпақ АКСР-інде дүниеге келген. 1973 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе совхозындағы №192 орта мектепті бітірді.

1975–1977 жылдары Кеңес әскери күштері қатарында Солтүстік Кавказ әскери округінде қызмет атқарды. Кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдады. Ақын өлеңдері 1973 жылдан бері жарияланып келеді.

Негізгі дерек

Өлеңдері 1973 жылдан бері жарық көріп келеді; әдебиет пен баспа ісінде бірнеше жетекшілік қызмет атқарған.

Шығармашылық жолы

1983 жылы «Бердәулет» пен «Жоламан» поэмалары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитеті және «Жалын» баспасы ұйымдастырған озық шығармалар бәйгесінде бірінші орын алды.

Қызметі

1983–1987
«Жалын» және «Арай» журналдарында поэзия бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы.
1988–1995
«Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы.
Қазіргі қызметі
«Жазушы» баспасының директоры.

Аудармалары және халықаралық таралымы

Өзбек классигі Хамза Ниязи өлеңдерін өзбек тілінен тікелей аударып, жеке кітап етіп шығарды.

Ортағасырлық тарихи-танымдық жәдігер «Темір жарғылары» да алғаш рет қазақ тілінде Е. Раушанов тәржімасымен сөйлей бастады.

Ақын өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.

Марапаттары мен атақтары

  • Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
  • Мәскеуде өткен жас ақын-жазушылар фестивалінің, сондай-ақ Қазақ КСР-і шығармашылық жастарының «Жігер» фестивалінің тұңғыш лауреаты.
  • Қазақ КСР-і сыйлықтарымен және тәуелсіз Қазақстанның он жылдығы медалімен марапатталған.
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006).
  • «Құрмет» орденінің иегері.
  • Қазақстанға еңбегі сіңген баспа қайраткері.
  • Ш. Есенов атындағы Ақтау техникалық университетінің құрметті профессоры.

Шығармалары

  • Бастау

    Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1980.

  • Келінтөбе

    Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1984.

  • Шолпан жұлдыз туғанша

    Өлеңдер. Алматы, 1986.

  • Ғайша бибі

    Өлеңдер. Алматы, «Жазушы», 1992.

  • Қара бауыр қасқалдақ

    Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1995.

  • Періштелер мен құстар

    Алматы, «Жазушы», 2005.

  • Бозаңға біткен бозжусан

    Алматы, «Раритет», 2006.

  • Құстар біздің досымыз

    Алматы, «Жазушы», 2007.