Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Мерекелік кештің сценарий-мәтіні

Тақырыбы

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

Мақсаты

  • Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
  • Ананы құрметтеуге, сыйлай білуге тәрбиелеу.
  • Оқушылардың жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту.
  • Адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлеуге баулу.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар — аналардан туған небір даналар. Ана — тіршіліктің тірегі. Армысыздар, қасиетті аналар!

Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, аяулы арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл көркем мерекенің орны әрқашан бөлек. Өйткені аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді.

Аналар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі аналармен ажарлы.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі «өзім» деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Уақытпен жарыспайды, қияға қиялмен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, өнерлерін анаға бағыштайды. Ендеше, 82-топ оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

Құттықтау және бағдарламалық бөлім

Құттықтау сөзі

Сіздерден өскен балалар — батырлар мен даналар. Мейрамдарыңыз құтты болсын, құрметті абзал аналар! Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры А. О. Қасымжановқа береміз.

({директор сөз сөйлейді})

ӘН

«Қазағым-ай»

Орындайтын: Сағатбай Әсем

Көңілің Алатаудың ақ қарындай, мейірімің күннің шуақ шақтарындай… Ән болып сағыныштан ақтарылсын!

БИ

«Аққу» биі

Орындайтындар: Түскенова Тоғжан, Әбжанова Жанна

Теңіздей тербетіліп көл бетінде, аққудай қалықтаған нәзік қимыл — көрерменге көркем әсер сыйлар.

ӘН

Ән орындау

Орындайтын: Зекенов Ақылтай

Ана — ұлылықтың бастауы, сұлулықтың рәмізі. Дауысына сүйсініп, өнеріне тәнті болайық!

КӨҢІЛДІ БӨЛІМ

«Лицей серілері» КВН командасы

Ана мерекесін құттықтап, әзіл мен жарасымды қалжың арқылы көңіл сыйлайтын өнерлі жастар.

Тарихқа тағзым

Тарихымызда Домалақ Ана, Айша бибі сынды ардақты аналар бар. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүктің ерлігіне әрқашан тағзым етіп, басымызды иеміз.

Көрініс: «Шығыстың қос шынары»

КҮЙ

Оркестр орындауы

Домбыра күмбірлесін, қазақтың күніндей болсын. Үнімен ұрпақтың жүрегін жалғаған қасиетті күй.

ӘН

Ән орындау

Орындайтын: Кадес Анель

Ару-ана — өмірдің асылы. Сендер үшін ән мен жыр шырқалады, сендер үшін мереке шашуы шашылады.

БИ

«Шығыс» биі

Орындайтын: Жанымжанова Бағжан

Бұралып билеген нәзік қимыл, шығыстың асқақ әуенімен астасып, кеш сәнін арттырады.

ӘН

«Анаға ақ тілек»

Орындайтын: Амангелдинова Айнұр

Ән айтылса, жан-тәніңмен ұйып тыңда. Анаға арналған ақ тілек — жүректен шыққан жыр.

БИ

Қазақ биі

Көктемнің нұрын шашып, нық қадаммен, көрерменді биімен тәнті ететін арулар өнер көрсетеді.

ӘН

Ән орындау

Орындайтын: Сағатбай Әсем

Қорытынды сөз

Ана — барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы берекелі, қонағы ырза, шаңырағы бүтін. Олар үшін ең әуелі — отбасының ынтымағы. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана — бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен басталып өмір жолдарым,
Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.
Өзің сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.

Барша ана, мерекелеріңіз құтты болсын! Әрқашан ана — сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл ана, сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар, «Ана — тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді ықыласпен тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Өнерді аяп қалмадық, мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар, көріскенше! Осымен концертіміз аяқталды.