Көміртектің қасиеттері

8-сынып химия пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Жалпы көлемі: 68 сағат. Апталық жүктеме: 2 сабақ.

Ұзақ мерзімді жоспар Оқу мақсаттары Зертханалық және практикалық жұмыстар Тоқсандық жиынтық бағалау

1-тоқсан

Негізгі бағыт: электрондардың таралуы, химиялық формулалар, реакциялар, металдар белсенділігі.

8.1A Атомдағы электрондардың қозғалысы (5 сағат)

Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы, орбиталь пішіндері, алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы және иондардың түзілуі.

Атомда электрондардың таралуы

1 сағ
  • 8.1.3.1 — электрондардың ядродан арақашықтығы артқан сайын энергетикалық деңгейлер бойынша біртіндеп таралатынын түсіну.

Энергетикалық деңгейлер. №1 зертханалық жұмыс: атом моделін жасау

Электрон қабаттарының сыйымдылығы және s, p орбитальдарының пішіні.

2 сағ
  • 8.1.3.2 — әрбір электрон қабатындағы электрон санының максимал мәннен аспайтынын түсіну.
  • 8.1.3.3 — s және p орбитальдарының пішінін білу.
  • 8.1.3.4 — алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясын және электрондық-графикалық формулаларын жаза білу.

Иондардың түзілуі

1 сағ
  • 8.1.3.5 — атомдардың электрондарды қабылдап немесе жоғалтып, иондар түзетінін түсіну.

Қосылыстар формулаларын құрастыру (нөлдік қосынды әдісі)

1 сағ
  • 8.1.3.6 — нөлдік қосынды әдісі арқылы қосылыстардың формуласын құрастыру.

8.1B Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері (5 сағат)

Химиялық формулалар бойынша есептеулер, реакция теңдеулерін құру, зат массасының сақталу заңы және реакция типтері.

Химиялық формулалар бойынша есептеулер

1 сағ
  • 8.2.3.1 — элементтердің массалық үлесін табу; массалық үлестер бойынша зат формуласын шығару.

Реакция теңдеулерін құру. Зат массасының сақталу заңы

№1 көрсетілім: зат массасының сақталу заңын дәлелдеу. №2 зертханалық жұмыс: әрекеттесуші заттардың қатынасы.

2 сағ
  • 8.2.3.2 — әрекеттесетін заттар қатынасын эксперимент арқылы анықтау.
  • 8.2.3.3 — реагенттер мен өнімдер формулаларын жаза отырып, теңдеулер құру.
  • 8.2.3.4 — зат массасының сақталу заңын білу.

Химиялық реакция типтері

1 сағ
  • 8.2.2.1 — бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша реакцияларды жіктеу.

Табиғаттағы, тірі ағзалардағы және адам өміріндегі химиялық реакциялар

1 сағ
  • 8.2.2.2 — табиғаттағы және тірі жүйелердегі химиялық реакцияларды сипаттау.

8.1C Металдар белсенділігін салыстыру (5 сағат)

Металдардың оттекпен, сумен, қышқылдармен және тұз ерітінділерімен әрекеттесуі; коррозия жағдайлары; белсенділік қатары.

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі

№2 көрсетілім: белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі.

1 сағ
  • 8.2.4.1 — кейбір металдардың тезірек тотығатынын білу.
  • 8.2.4.2 — белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау.
  • 8.2.4.3 — коррозияға әсер ететін жағдайларды зерттеу.

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі

№3 зертханалық жұмыс: металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі.

1 сағ
  • 8.2.4.4 — әртүрлі металдардың қышқыл ерітінділерімен реакцияларын зерттеу.
  • 8.2.4.5 — металдардың қышқылдармен әрекеттесу теңдеулерін құрастыру.

Металдардың тұз ерітінділерімен реакциялары

№3 көрсетілім: тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру.

1 сағ
  • 8.2.4.6 — тұз ерітінділерімен әрекеттесу жоспарын құру және жүргізу.

Металдардың белсенділік қатары

№1 практикалық жұмыс: металдардың белсенділігін салыстыру.

2 сағ
  • 8.2.4.7 — тәжірибе нәтижесі бойынша белсенділік қатарын құру және анықтамалық мәліметтермен сәйкестендіру.
  • 8.2.4.8 — белсенділік қатарын қолданып, орынбасу реакцияларының жүру мүмкіндігін болжау.

Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағ

2-тоқсан

Негізгі бағыт: зат мөлшері, стехиометрия, энергия өзгерісі, сутек-оттек-озон.

8.2A Зат мөлшері (3 сағат)

Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молярлық масса

1 сағ
  • 8.1.1.1 — мольді зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде және Авогадро санын білу.
  • 8.1.1.2 — қосылыстың молярлық массасын есептей алу.

Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс

2 сағ
  • 8.1.1.3 — масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу.

8.2B Стехиометриялық есептеулер (5 сағат)

Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер

1 сағ
  • 8.2.3.5 — теңдеулер бойынша заттың массасын және зат мөлшерін есептеу.

Авогадро заңы. Молярлық көлем

1 сағ
  • 8.2.3.6 — Авогадро заңын білу және газдардың көлемін есептеуде молярлық көлемді қолдану.

Газдардың салыстырмалы тығыздығы. Көлемдік қатынас заңы

2 сағ
  • 8.2.3.7 — салыстырмалы тығыздық бойынша молярлық массаны есептеу.
  • 8.2.3.8 — газдар қатысатын реакцияларда көлемдік қатынас заңын қолдану.

8.2C Химиялық реакциядағы энергия (3 сағат)

Отынның жануы және энергияның бөлінуі

1 сағ
  • 8.3.1.1 — жану өнімдерінің көбіне оксидтер болатынын; көміртекті отын жанғанда CO₂, CO немесе көміртек түзілетінін түсіну.
  • 8.3.1.2 — парниктік эффект себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну.

Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

№4 зертханалық жұмыс: энергия өзгерісімен жүретін реакциялар.

1 сағ
  • 8.3.1.3 — экзотермиялық реакциялар жылу бөледі, эндотермиялық реакциялар жылу сіңіреді.
  • 8.3.1.4 — әртүрлі отын түрлерінің қоршаған ортаға әсерін түсіну.

Термохимиялық реакциялар

1 сағ
  • 8.3.1.5 — энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру.

8.2D Сутек, оттек және озон (4 сағат)

Сутек: алынуы, қасиеттері және қолданылуы

№2 практикалық жұмыс: сутекті алу және қасиеттерін тану.

1 сағ
  • 8.4.2.1 — сутекті алу, қасиеттері мен қолданылуын зерттеу.

Оттек: алынуы, қасиеттері және қолданылуы

№4 көрсетілім: сутек пероксидінің ыдырауы. №3 практикалық жұмыс: оттекті алу және қасиеттерін тану.

2 сағ
  • 8.4.2.2 — ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшерін білу.
  • 8.4.2.3 — оттекті алу, қасиеттері мен қолданылуын зерттеу.

Оттек және озон

1 сағ
  • 8.4.2.4 — оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін салыстыру.
  • 8.4.2.5 — Жердегі озон қабатының маңызын түсіндіру.

Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағ

3-тоқсан

Негізгі бағыт: периодтық жүйе, химиялық байланыс, ерітінділер мен ерігіштік.

8.3A Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (6 сағат)

Периодтық жүйенің құрылымы

1 сағ
  • 8.2.1.1 — топ, период және атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру.

Қасиеттердің периодты өзгеруі

2 сағ
  • 8.2.1.2 — бір топтағы элементтердің сыртқы деңгейіндегі электрон саны бірдей болатынын түсіну.
  • 8.2.1.3 — топтар мен периодтарда қасиеттердің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру.

Периодтық жүйедегі орны бойынша элементті сипаттау

1 сағ
  • 8.2.1.4 — периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау.

Табиғи ұяластар және олардың қасиеттері

1 сағ
  • 8.2.1.5 — химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа жататынын дәлелдеу.
  • 8.2.1.6 — сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтер ұяластарына мысалдар келтіру.

Металдар және бейметалдар

1 сағ
  • 9.2.1.7 — элементтің периодтық кестедегі орнына сай қасиеттерін болжау.

8.3B Химиялық байланыс түрлері (6 сағат)

Электртерістілік. Ковалентті байланыс

2 сағ
  • 8.1.4.1 — электртерістілік ұғымы негізінде ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру.

Иондық байланыс

2 сағ
  • 8.1.4.2 — иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттау және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау.

Кристалдық тор түрлері және зат қасиеттерімен байланысы

2 сағ
  • 8.1.4.3 — зат қасиеттерінің кристалдық тор типіне тәуелділігін түсіндіру.

8.3C Ерітінділер және ерігіштік (7 сағат)

Заттардың суда еруі

№5 зертханалық жұмыс: заттардың ерігіштігін зерттеу.

1 сағ
  • 8.3.4.1 — заттарды суда ерігіштігі бойынша жіктеу.
  • 8.3.4.2 — ерітінділердің табиғаттағы және күнделікті өмірдегі маңызын түсіндіру.

Ерігіштік. Температураның әсері

№4 практикалық жұмыс: қатты заттардың ерігіштігіне температураның әсері.

2 сағ
  • 8.3.4.3 — ерігіштікке температураның әсерін түсіндіру.
  • 8.3.4.4 — буландыру техникасын қолдана отырып, 100 г судағы ерігіштікті есептеу және анықтамалық мәндермен салыстыру.

Еріген заттың массалық үлесі

2 сағ
  • 8.3.4.5 — массалық үлес және ерітінді массасы бойынша еріген зат массасын есептеу.

Молярлық концентрация

№5 практикалық жұмыс: пайыздық және молярлық концентрациясы берілген ерітінділерді дайындау.

2 сағ
  • 8.3.4.6 — ерітіндідегі заттың молярлық концентрациясын есептеу.

Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағ

4-тоқсан

Негізгі бағыт: бейорганикалық қосылыстар кластары, көміртек және су.

8.4A Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс (9 сағат)

Оксидтер

№6 зертханалық жұмыс: оксидтердің қасиеттерін зерттеу.

2 сағ
  • 8.3.4.7 — оксидтердің жіктелуі мен қасиеттерін білу; реакция теңдеулерін құрастыру.

Қышқылдар

№7 зертханалық жұмыс: қышқылдардың қасиеттерін зерттеу.

2 сағ
  • 8.3.4.8 — қышқылдардың жіктелуі мен қасиеттерін білу; реакция теңдеулерін құрастыру.

Негіздер

№8 зертханалық жұмыс: негіздердің қасиеттерін зерттеу.

2 сағ
  • 8.3.4.9 — негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу; реакция теңдеулерін құрастыру.

Тұздар

№9 зертханалық жұмыс: тұздардың қасиеттері және алынуы.

2 сағ
  • 8.3.4.10 — тұздарды алудың әртүрлі әдістерін білу және сәйкес теңдеулер құрастыру.
  • 8.3.4.11 — тұздардың қасиеттері мен жіктелуін білу; реакция теңдеулерін құрастыру.

Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс

1 сағ
  • 8.3.4.12 — негізгі кластар арасындағы генетикалық байланысты зерттеу.

8.4B Көміртек және оның қосылыстары (4 сағат)

Көміртектің жалпы сипаттамасы

1 сағ
  • 8.4.3.1 — көміртектің көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру.
  • 8.4.3.2 — көміртек пен оның қосылыстарының табиғатта таралуын сипаттау.

Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістері

1 сағ
  • 8.4.3.3 — аллотропиялық түрөзгерістердің құрылысы мен қасиеттерін салыстыру.
  • 8.4.3.4 — қолданылу аймақтарын зерттеу.

Көміртектің қасиеттері және оксидтері

№6 практикалық жұмыс: көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері. №7 практикалық жұмыс: көмірқышқыл газын алу және қасиеттерін зерттеу.

2 сағ
  • 8.4.3.5 — көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу.
  • 8.4.3.6 — көміртек жанғанда CO₂ және CO түзілу жағдайларын сипаттау; CO-дың физиологиялық әсерін түсіндіру.
  • 8.4.3.7 — көмірқышқыл газын алу, анықтау және қасиеттерін зерттеу.
  • 8.4.3.8 — көміртектің табиғаттағы айналымын құру және түсіндіру.

8.4C Су (2 сағат)

Табиғаттағы су

1 сағ
  • 8.4.2.6 — судың кең таралуын, бірегей қасиеттерін және өмір үшін маңызын түсіндіру.
  • 8.4.2.7 — судың табиғаттағы айналымын түсіндіру.

Судың ластануы және кермектігі

№10 зертханалық жұмыс: судың кермектігін анықтау.

1 сағ
  • 8.4.2.8 — судың ластануының қауіптілігі мен себептерін анықтау; суды тазарту әдістерін түсіндіру.
  • 8.4.2.9 — судың кермектігін анықтау және оны жою тәсілдерін түсіндіру.
  • 8.4.2.10 — суды сусыз мыс(II) сульфатын қолданып анықтау тәсілін білу.

Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағ

Жұмыс түрлері бойынша қысқаша бағдар

Зертханалық жұмыстар

№1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10

Практикалық жұмыстар

№1–№7 (тоқсан бөлімдеріне кіріктірілген)

Көрсетілімдер

№1–№4 (заңдар мен үдерістерді дәлелдеу және түсіндіру)

Бағалау

Әр тоқсанда 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау