Кітапті ұқыпты ұста

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды мектеп кітапханасымен таныстыру.
  • Кітапхана туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру.
  • Кітапты пайдалану және ұқыпты ұстау ережелерімен таныстыру.

Сабақтың барысы

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сендер үшін ерекше күн: сендер мектеп кітапханасының тұрақты оқырмандары боласыңдар. Ендеше, хош келдіңдер!

Сұрақ:

«Кітапхана» сөзінің мағынасын білесіңдер ме?

Бұл сөз араб тілінен енген, «жазу қоймасы» деген мағынаны білдіреді. Кітапханада кітаптар сақталады және оқырмандарға білім алуға көмектеседі. Сондықтан кітапты ұқыпты ұстап, уақытында тапсыру өте маңызды. Кітап — ең жақын дос.

Кітап туралы өлеңдер

1-оқушы

Білесің бе, кітап — білім ұясың,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып, біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар: кітап — білім бұлағы,

Кітапхана — сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың,

Анықтағы білімпаз боп шығары.

2-оқушы

Қуан, кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап, бас иемін мәртебеңе,

Игілік қазынасың бар адамға.

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп, жолын тауып айта алам ба?

Кітап кейіпкерлерімен кездесу

Кітапханашы:

Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме? Ендеше, қазір кітап кейіпкерлерімен кездесеміз.

Көрініс: «Біреуге ор қазба» (Алдар Көсе)

Есікті түртіп, Алдар Көсе кіреді: «Мен сендерге бүгін қонаққа келдім. Қоржынымның ішінде хаттар бар. Сол хаттарды ашып, жауап берейік.»

Алдар Көсе хаттарды оқиды:

  • «Мерекеге барғым келді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды. Соларға барамын.» Айболит
  • «Асыға келдім, бірақ түлкі мені жеп қойды.» Бауырсақ
  • «Сендердің мерекелеріңе келгім келді, бірақ мысық мені ашуландырды.» Мақта қыз
  • «Келгім келді, бірақ арыстан мені жібермейді.» Тышқан

Келесі бөлім:

Кітап туралы мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар жасырылады.

Кітапты оқу және сақтау ережелері

Кітапханашы: «Жарайсыңдар, балалар! Енді кітапты пайдалану ережелерімен танысайық.»

Есте сақта: кітап — қоғамдық қазына. Ол көп жылдар бойы қызмет етуі керек, сондықтан оны ұқыпты ұстау әр оқырманның міндеті.

  • Ұқыпты ұста. Кітап таза әрі қапталған болуы тиіс.
  • Таза қолмен оқы. Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
  • Беттерін бүктеме. Белгі ретінде қағаз қиындыларын пайдалан.
  • Арасына зат салма. Қалам, қарындаш, дәптер қыстырма.
  • Жыртылса, жөнде. Ұқыптап желімде немесе кітапханашыға хабарла.
  • Жазу жазба. Кітап бетіне белгі қойма, сызба түсірме.
  • Дұрыс сақта. Шкафта немесе сөреде ұста.
  • Уақытында тапсыр. Алған кітапты мерзімінде қайтар.

Материалдар тақырыптары (портал санаттары)

KZ портал RU портал

Мерекелік материалдар

Жаңа жыл Отан қорғаушылар күні Алғыс айту күні 8 наурыз Наурыз Күлкі күні Ғарыш күні Махаббат күні Қазақстан халқының бірлігі күні Көктем және еңбек мерекесі Жеңіс күні Соңғы қоңырау Балалар күні Рәміздер күні Астана күні Конституция күні Білім күні Отбасы күні Тіл мерекесі Қарттар күні Ұстаздар күні Рухани келісім күні Республика күні Қаржыгерлер күні Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Рамазан (Ораза айт) Құрбан айт