Көлік тоқтасымен екеуіміз қашып кетеміз деп келістік
Кудымға барған бір күлкілі сапар
Иә, иә — Кудым. Құрбым тұрмысқа шыққан соң, соның тойына (немесе құдалардың үйіне) қуып бардым. Қыздың жеңгесі екеумізді шығарып салып жатқанда, қыстың ызғарына жаурап қалмасын деп әрі «батылдық үшін» деп, 100 граммнан тартып жіберді.
Қаладан шыққан соң, өзіммен бірге кішкентай чихуахуа күшігімді алып алдым. Өзі қара, құйрығы ақ. Бірақ 100 граммнан кейін ол итімнің қайда кеткенін білмей қалдым.
Такси, «ұят», және… багажник
Жолға шығып, такси тоқтаттық. «Қыз баласымыз ғой, мастығымызды білдірмейік» деп келістік. Такси тоқтады, екеуміз де отырып алдық. Таксист бірден: «Қыздар, ішіп алғансыңдар ма?» — деді.
«Ойпырмай, қайдан сезді?» деп аң-таң болдық. «Ағай, қайдан білдіңіз?» десек, таксист: «Екеуің де алдына отырып алыпсыңдар» — дейді. Ұят-ай… Екеуміз де ұшып түсіп, артына отырдық… багажникке.
Багажниктегі «құрама команда»
Негізі жақсы бардық. Багажникте үшеуміз: мен, жеңгесі және қара тоқты. Таксистің ертең «құдайы тамаққа» соятын тоқтысы екен.
Біздің мас екенімізді ол да сезді ме, кім білсін — басын көтеріп: «мәә» — деді. Негізі оның бізбен шатағы жоқ, ертеңгі күнін уайымдап жатыр. Мен Аманғали емеспін — тоқтының сөзін түсінетін. Бірақ жорамалымша: «Ех, қу дүние… бүгін бар, ертең жоқ» дегені сияқты.
Бір кезде жеңгесі қолтығыма қарап: «Айшеке, қолтығыңның түгін қарашы» — дейді. Қарасам — құдай сақтасын — қап-қара түк. Ұзындығы шамамен 5 см. Шошып кеттім.
Қолымды ақырын көтерсем… күшігім екен. Сорлы, өлгендей болып жабысып қалыпты. Сірә, ауылға да жетіп қалған сияқтымыз.
Ақша жоқ, «қашу жоспары» және ұйықтап қалған жеңгей
Сөмкемді ақтарып, таксиге ақша берейін десем — масқара… ақша жоқ. Ұмытып кетіппін. Сол сәтте бірден «айлаға» көштім: көлік тоқтаған бетте екеуміз қашып кетеміз деп келістік.
Жоспардың орындалуы (бірақ бір ғана адамға)
Он-он бес минуттан соң көлік тоқтады. Уәделескендей сыртқа шықтым да, қаша жөнелдім. Қашып келем, қашып келем… артыма қарасам — жеңгеміз жоқ.
Отыз минут күттім. Келмегесін өзім қайта бардым. Барсам жеңгем жылап отыр. Маған қарап: «Тым болмаса кетерде оятып кетсең қайтер еді?» — деп қояды.
Сөйтсем, жарықтық ұйықтап қалыпты. Таксистен ұрыс естіп, жылап отырған жеңгемді аяп кеттім.
Құдалардың үйі, қора жақ, және «сөйлейтін сиыр»
Құдалардың үйін бірден таптық. Дастарханды молынан жайып, жақсы қарсы алды. Жедік, іштік. Көп ішіп қайттым ба — бір кезде сыртқа шықтым. Жай шықпадым, дәретхана іздеп шықтым.
Қараңғыда әрі іздедім, бері іздедім — ештеңе көрінбейді. Қысылып кеттім. Сөйтіп шатасып қора жаққа барсам, қорада тұрған сиыр маған қарап: «Жайша жүрсің бе?» — деп тұрғандай болды.
Екі «мәә» және бір қорқыныш
Зәрем қалмай, үйге қарай зауладым. «Мәә, сиыр сөйледі ме?» десем, қолымдағы күшігім де: «Мәә, мен де шошып кеттім» — деп тұрғандай.
Сол сәтте тұсымнан дәу ит арс ете қалды. Өзім онсыз да қысылып тұр едім ғой… Шошығаннан бәрі кетті.
«Миым қайнап кетті»
Үй жақтан жеңгем мені іздеп шығыпты: «Қайда жүрсің? Неге шықтың?» — деді. Не айтарымды білмей: «Миым қайнап кетті» — дедім.
Қыстың күні, күн суық. Бірақ төмен жағымнан ыстық бу ұрып тұр. Мұны көрген жеңгем: «Сенің миың жоқ па десем, бар екен. Қайнап жатқанына қарағанда өте төмен орналасқан екен ғой» — деп қойды.
Қоштасу… және қара-құйрық «ләнгі»
Әйтеуір, ары-бері болып, құдалармен қоштасып, құрбымды аманаттап қайттық. Бірақ кетерде күшігімді таппай қалдым.
Машинаға отыра бергенде, бір топ балалардың ләнгі ойнап жүргені көзіме шалынып қалды. Қыста қайдағы ләнгі дерсіз… өзі қара, құйрығы ақ «ләнгі».
Қайран күшігім-ай…