МЕНІ ЕРТІП КЕТТІ САҒЫНЫШ



МЕНІ ЕРТІП КЕТТІ САҒЫНЫШ

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

Қоштасып қайтып барады ол ,
Жүрегі көктем ,жаны қыс.
Оны ертіп кетті қара жол ,
Мені ертіп кетті сағыныш .

Сөзіме менің бұлініп ,
Самарқау жаны жүдеген .
Оны ертіп кетті бір үміт ,
Мені ертіп кетті бір өлең .

Өртеді ,мұңы өртеді ,
Жыраққа тастап барлығын .
Мені ертіп кетті ертеңім ,
Оны ертіп кетті тағдыры.

Бұлттар көшіп бара жатыр . . .

Сарбаздардай сап түзеген ұрысқа,
Бұлттар көшіп бара жатыр шығысқа.
Беу ,бұлттар, Алатаудың бауырында,
Бір ақынның жүргендігін ұмытпа.

Бұлттар көшіп бара жатыр, құт білем,
Айналаға қаулайды енді сүттіген.
Ақша бұлттар, сәлемімді жеткізгін,
Өтер болсаң, біздің ауыл үстінен.

Ақша бұлттар, әппақ қанат құстарым,
Керуеніңнен кербез сырды ұққанмын.
Баяу ғана қалқып өтші қасынан,
Өредегі анам жайған сықпаның.

Әжем құяр сары қымыздың сарқынын,
Таңдайыңа тамыза кел жарқыным.
Және тағы жанарыңа жаза кел,
Әкем мінер күміс ердің жарқылын.

Сәлем айтқын ағайынға, туысқа,
Оралатын шығарсыңдар жуықта.
Менің жүрек сырларымды ұмытпа,
Көшіп бара жатқан бұлттар шығысқа.

МАЙРАҒА

Екеуміз екі қалада жүріп ,
Сағыныш әнін шырқаймыз .
Асыл армандар жағада күліп ,
Басынан оның сипаймыз .

Екеуміз екі қалада ұйықтап ,
Ояндық тәтті түс көріп .
Махаббаттың балынан ұрттап ,
Мұңынан оның ішпедік .

Екеуміз екі ауылдың көркі ,
Бетінен ешкім қақпаған .
Ескі үйге сені барғанда ертіп ,
Қуанып , сүйіп жатты анам .

Қосылып тілек , тоғысып жүрек ,
Отау тігіп үй болдық .
Сүйудің шоғын маздатып ,
Өмірден бәрін үйрендік .

****

Саған деген сезімді сетінетпей ,
Заман деген теңізді кешіп өтпей .
Саған өлең жазып ем көз алайтты,
Екі беткей дүние – ай , екі беткей .

Үнсіз ғана тыңдап ем қаздардың әнін ,
Үніңді естіп тұрғандай назданды жаным.
Асау жүректің лұпілін жырмен тербетіп ,
Жалғыз құшақтап жүріппін арманның бәрін .

Гүлге лықсыған гүлбақтың бұлбұлы едің ,
Арманы асқақ ақынның бір мұңы едің .
Жеті түндерде қақсам ба қақпаңды сенің ,
Бақыт дейтін көшенің тұрғыны едің .

Адамзат дейтін сеніп ем ақымақтарға ,
Ойымды шашып жіберді атыраптарға .
Саған айтар сөзімді мезгілге айттым,
Жүрек сөзімді кестелеп жапырақтарға .

Керуен боп барады бұлттар қайтып ,
Көкжиектің бетінде шықтар қалқып.
Қанатымен қоңыр қаз хат жолдадым ,
Саған айтар сырымды құстарға айтып .

***

Түгел боп тұр төрт қыбылам қай менің ,
Оған бола лайланбайды ай – көлім .
Көктен түскен аппақ қанат көгершін ,
Қаққылап тұр көңілімнің әйнегін .

Қаққылай тұс, көңілімді көгершін ,
Сен ғайыптан самғап үшып келерсің .
Күндеріне үнсіздікпен қол берген ,
Бұл көңілге не дерсің ?

Ақ көгершін , ән боп тусаң деп едім ,
Үмітімді жалғастырсам деп едім .
Шалқұйырықтай шалдықпайтын арманды ,
Саған ұқсас самғаттырсам деп едім .

Қайрат жеңіп , ашу кетсе деп едім ,
Мына өмірге асылды екше деп едім .
Төрт жыл жазған өлеңімді жұрт сүйіп ,
Төрт мұқитқа атым жетсе деп едім .



Ұқсас жұмыстар

ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ : ДӘСТҮР ЖӘНЕ ЖАЛҒАСТЫҚ
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТІЛІ (Тынымбай Нұрмағанбетовтің шығармалары бойынша)
Ш. Бейсенованың «Сүзгенің соңғы күндері» хикаятындағы лиризм мен психологизм. Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша поэмасының» көркем тілі
Отан – ұлттың қара шыңырағы
Кәкімбек Салықов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
Гәкку
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Т. Нұрмағамбетұлының шығармалары
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы