Материалдар дайындау
Құрметті мұғалім!
Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Жинақ — мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары берілген тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруға, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.
Жинақ ұсыныстық сипатта берілгендіктен, білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге және бейімдеуге болады.
Қосымша ресурстар
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне-нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ кімдерге арналған?
- Негізгі мектеп мұғалімдеріне
- Әдіскерлерге
- Критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне
- Басқа да мүдделі тұлғаларға
Ескерту
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан
Бөлім: Визуалды өнер
Басталуы: 4-бет
2-тоқсан
Бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер
Басталуы: 24-бет
3-тоқсан
Бөлім: Дизайн және технология
Басталуы: 34-бет
4-тоқсан
Бөлім: Тамақтану мәдениеті және үй мәдениеті
Басталуы: 55-бет
1-тоқсан · Визуалды өнер
Бұл бөлімде білім алушы әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер және дизайн ерекшеліктерін зерттейді; классикалық туындыларды сипаттайды; жанрлар мен техникаларды талдайды; натюрморт, пейзаж және мүсін арқылы шығармашылық идеяларын іске асырады.
5-сынып · Көркем еңбек (ұл балалар)
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдар
Ойлау дағдылары: қолдану- Оқу мақсаты
- 5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу
- Бағалау критерийлері
-
- Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер түрлерін ажыратады.
- Қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін салыстырады.
- Тапсырма
- Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін ақпаратты қолдана отырып ажыратыңыз және зерделеңіз (мысал келтіріңіз).
- Дескриптор
- Білім алушы ақпаратты қолдана отырып қолөнер мен дизайн туындыларын жұпта талқылайды; туындылардың ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады; альбомында (скетчбукінде) жазба жұмыстарын жүргізеді.
Классикалық өнердің үздік туындылары
Ойлау дағдылары: қолдану- Оқу мақсаты
- 5.1.3.1 Ақпарат көздерімен жұмыс істеу арқылы (АКТ қолдана отырып) шығармашылық идеяларды зерттеу және дамыту
- Бағалау критерийлері
-
- Ақпарат көздері арқылы шығармашылық идеяларды зерттейді және дамытады.
- АКТ көмегімен үздік туындылардың түрлерін анықтайды.
- Өнердің үздік туындыларын сипаттайды.
- Тапсырма
- Өнердің үздік туындыларын зерттеп, идеяларыңызды дамыта отырып, Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» портретін сипаттаңыз.
- Дескриптор
- Білім алушы интернет желісін қолданып, жұпта өнердің үздік туындыларын анықтайды; альбомында (скетчбукінде) жазба жұмыстарын жүргізеді; «Мона Лиза» портретін сипаттайды.
Қазақстандық суретшілердің шығармашылығы
Ойлау дағдылары: қолдану- Оқу мақсаты
- 5.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өз жұмысыңда және өзгенің жұмыстарында берілген идеялар мен тақырыптарды сипаттау
- Бағалау критерийлері
-
- Өзінің және өзгенің жұмыстарындағы идеялар мен тақырыптарды түсіндіреді.
- Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен танысады.
- Суретшінің туындыларын талдайды.
- Тапсырма
- Қазақстанның атақты суретшісі Ә. Қастеевтің өмірбаянымен танысып, оның «Шоқан Уәлихановтың портреті» атты шығармасын талқылаңыз.
- Дескриптор
- Білім алушы Ә. Қастеевтің өмірбаяны мен шығармашылығын зерделейді; «Шоқан Уәлихановтың портреті» туындысын топта талқылайды.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Ойлау дағдылары: қолдану- Оқу мақсаты
- 5.3.3.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, жұмыстарда қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттау
- Бағалау критерийлері
-
- Пәндік терминологияны қолданады.
- Өнер туындыларының жанрлары мен түрлерін анықтайды.
- Өнер түріне сай қолданылатын әдіс-тәсілдерді сипаттайды.
- Тапсырма
- Бейнелеу өнері терминологиясын қолдана отырып, суретшілердің, қолөнершілердің және дизайнерлердің жұмыстарындағы жанрлар мен түрлерді анықтаңыз және қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттаңыз.
- Дескриптор
- Білім алушы пәндік терминологияны қолданады; жұмыстардағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасын) сипаттайды; жанрлар мен түрлерін анықтайды; альбомында (скетчбукінде) жазба жұмыстарын жүргізеді.
Натюрморт өнері · Ұлттық сәндік натюрморт (тапсырмалар топтамасы)
Төмендегі тапсырмалар нобай орындау, материалдармен эксперимент жасау, графикалық тәсілдер арқылы идея жеткізу және ұлттық мәдениет элементтерін қолдану дағдыларын дамытады.
Нобай орындау
5.1.5.2Ұлттық бұйымдардан құралған натюрморт композициясының нобайын салыңыз.
Дескриптор: нобай салады; натюрморт композициясын құрастырады.
Материалдармен эксперимент
5.1.6.4Кеңсе заттарын (желім, түсті қарындаштар, сызғыш, қалам, қарындаш немесе циркуль) қолдана отырып, натюрморт композициясын құрастырыңыз.
Дескриптор: композиция құрастырады; заттарды орналастыру заңдылықтарын көрсетеді.
Графика арқылы идея жеткізу
5.2.1.1Графика көркем тәсілін қолданып, қазақтың ұлттық музыкалық аспабын көркемдеп салыңыз.
- Көркемделген музыкалық аспапты бақылаңыз.
- Музыкалық аспапты қарындашпен салып, көркемдеңіз.
Дескриптор: сурет салу ережелерін сақтайды; қарындаш, тушь және өзге графика құралдарымен жұмыс істейді; сызба-нұсқа тәсілдерін көрсетеді.
Ұлттық мәдениет элементтерін қолдану
5.2.3.3a) Натюрморт үлгісіне мұқият қараңыз.
ә) Көрсетілген натюрморттың нобайын (эскизін) қағаз бетіне түсіріңіз.
б) Акварель бояуларын қолданып, әр заттың түсіне сәйкес жарық пен көлеңкені ажыратып бояңыз.
Дескриптор: қағазға орналастыру заңдылықтарын сақтайды; нобай салады; заттардың түсін анықтайды; жарық-көлеңкені белгілейді; акварельмен жұмыс істейді.
Пейзаж · Табиғатпен үйлесім · Әуе перспективасы
Ойлау дағдылары: жоғары деңгей- Оқу мақсаты
- 5.1.1.1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу (композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдік)
- Тапсырма
- Визуалды өнер элементтерін сипаттаңыз, берілген табиғат суреттерін талдаңыз және өзіңізге ұнаған жыл мезгілін бейнелеңіз.
- Дескриптор
- Топта композиция, түс, пішін, фактура, тепе-теңдікті талқылайды; табиғаттың визуалды сипаттамасын талдайды; элементтерді сипаттайды; пейзажды талдайды; альбомда (скетчбукінде) табиғат элементтерінің нобайын салады; таңдаған мезгілді бейнелейді.
Индустриалды пейзаж · Қала пейзажы · Сызықтық перспектива
Ойлау дағдылары: қолдануТапсырма 1
Акварель немесе гуашь бояуын қолданып, қиялыңыздан шыққан қала пейзажын бейнелеңіз.
Дескриптор: акварель/гуашьпен жұмыс істейді; түстерді дұрыс таңдайды; түс үйлесімділігін көрсетеді; жеке шығармашылық жұмыс орындайды.
Тапсырма 2
Акварель бояуын қолданып, қалаңыздағы ең көрнекті ескерткіштерді, сәулеттік нысандарды немесе мұражайларды бейнелеңіз.
Дескриптор: индустриалды пейзажды ажыратады; бояу техникасын түрлендіреді; түстік үйлесімділікті көрсетеді; үйлестіру заңдылықтарын қолданады; бояумен ұқыпты жұмыс істейді.
Пластикалық пішіндер өнері · Мүсін (тапсырмалар топтамасы)
Бұл топтама елестету, пропорцияны сақтау, материалмен жұмыс істеу және техника қауіпсіздігін ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Елестету және мүсіндеу
Өзіңізге ұнайтын жануарды көз алдыңызға елестетіп, оны визуалды сипаттап, ермексаздан мүсінін жасаңыз.
Дескриптор: жануарды елестетеді; дене бітімі мен бет әлпетін сипаттайды; зерделеу жұмысын жүргізеді; ермексазбен жұмыс істейді; қауіпсіздікті сақтайды.
Сюжеттік композиция (Хайуанаттар бағы)
Қоршаған ортаның визуалды элементтерін пайдаланып, ермексаздан сюжеттік композиция жасаңыз.
Дескриптор: жануарларды ортамен үйлестіреді; пропорцияны сақтайды; зерделеу жүргізеді; ермексазбен жұмыс істейді; қауіпсіздікті сақтайды.
Қолөнер жұмысын зерделеу және көшіру
Қолөнершілердің жұмыстарын зерделеп, оның кішірейтілген көшірмесіне ұқсатып жасаңыз.
Дескриптор: қолөнер жұмыстарын зерделейді; өз жұмысын түпнұсқаға ұқсатады; өзінің және өзгенің жұмыстарын сипаттайды.
Шығармашылық жұмыс · Көрме ұйымдастыру
Нобай: мультфильм кейіпкері
Мультфильмдегі адам кейпін немесе жануарды мүсіндеу үшін қағаз бетіне нобайын салыңыз.
Дескриптор: түстерді үйлесімді қолданады; кейіпкердің нобайын бейнелейді; материалдарды біріктіріп пайдаланады; нобайды ұқсатып салады.
Эксперимент: дәстүрлі емес материалдар
Дәстүрлі емес материалдарды қолданып, мультфильм кейіпкерлерінің мүсінін түрлі эксперимент арқылы жасаңыз.
Дескриптор: ермексазбен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін көрсетеді; дәстүрлі емес материалдарды қолданады; кейіпкердің денесі мен келбетін жасайды; эксперимент жүргізеді.
Мүсін: қазақ ертегісі кейіпкері
Өзіңізге ұнайтын қазақ ертегілеріндегі кейіпкердің мүсінін ермексаздан жасаңыз (мысалы, Қаңбақ шал, Айбарша сұлу).
Дескриптор: тұлғасы мен келбетін ұқсатады; қарапайым тәсілдерді қолданады; ұлттық нақышты сақтай отырып мүсін жасайды.
Көрме: таныстыру және қорғау
Дайын жұмыстарыңызды сынып алдында көрсетіп, таныстырып, қорғаңыз.
Дескриптор: дайын жұмыстарын ұсынады; қорғалған жұмыстарды бағалайды.
2-тоқсан · Сәндік-қолданбалы өнер
Сәндік-қолданбалы өнер: негізгі пішіндер мен ерекшеліктер
Ойлау дағдылары: қолдану- Оқу мақсаты
- 5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу
- Тапсырма
- Сәндік-қолданбалы өнер түрлерін анықтаңыз.
- Дескриптор
- Білім алушы сәндік-қолданбалы өнер түрлерін анықтайды; альбомында (скетчбукінде) жазба жұмыстарын жүргізеді.
Заманауи және дәстүрлі емес материалдар
Ойлау дағдылары: қолдану- Оқу мақсаты
- 5.1.6.2 Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтау
- Тапсырма
- Сәндік-қолданбалы өнерде қолданылатын заманауи және дәстүрлі емес материалдарды анықтап, олардың қасиеттерін зерттеңіз.
- Дескриптор
- Білім алушы заманауи және дәстүрлі емес материалдар мен құрал-жабдықтарды атайды; олардың қасиеттерін зерттейді.
Мысалдар: ағаш, қураған шөп, тал қабығы, сабан, жіп, мата, моншақтар, пластикалық материалдар және т.б.
Құрал-жабдықтарға арналған сандықша
Ойлау дағдылары: қолдану- Оқу мақсаты
- 5.2.2.1 Материалдарды өңдеу үшін қол еңбегі құралдары мен жабдықтарын анықтау, сипаттау және қолдану
- Тапсырма
-
a) Шағын қорапша, желім және т.б. құралдарды пайдаланып, құрал-жабдықтарға арналған сандықша жасап, безендіріңіз.
b) Жұмыс барысын түсіндіріп, көрсетіңіз.
- Дескриптор
- Білім алушы жасанды материалдарды қолданып сандықша жасайды; қауіпсіздік ережесін сақтайды; бұйымды безендіреді.
Дәстүрлі емес материалдардан сәндік бұйым
Нобай + бұйым дайындауНобай (5.1.5.2)
Пластикалық бөтелкелерді немесе пластикалық стақандарды қолданып, кеңсе заттарын салатын заманауи қобдишаның нобайын (эскизін) салыңыз.
Дескриптор: креативті шешім қабылдайды; жаңа идея ұсынып, нобай салады; бірнеше нұсқа ұсынады.
Бұйым дайындау (5.2.3.2)
Салған нобайларыңызға сүйене отырып, пластикалық бөтелкелерді (Sprite, Coca-Cola) және стақандарды (кофе стақандары) қолдана отырып бұйым жасаңыз.
Дескриптор: креативті шешім қабылдайды; ерекше идея ұсынады; желім, қайшы, ыстық желім, скотч және т.б. құралдармен жұмыс істейді.
Қауіпсіздік және гигиена (5.2.6.1)
Практикалық жұмыс барысында техника қауіпсіздігі және қарапайым гигиена ережелерін тізіп жазыңыз және түсіндіріңіз.
Дескриптор: ережелерді тізіп жазады; құрал-жабдықтармен абайлап жұмыс істейді; қауіпсіздік пен гигиенаны қатаң сақтайды.
Өру өнері · Өру түрлері · Материалдар мен құрал-жабдықтар
Оқу мақсаты (5.1.6.2)
Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтау.
Тапсырма
Өру өнерін түрлендіріп, қолданылатын дәстүрлі емес материалдармен танысыңыз және олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтаңыз.
Бағалау критерийі: дәстүрлі емес материалдарды қолданады; олардың қасиеттері мен міндеттерін анықтайды.