Ана жүрегі орындайтын Інжу тобы
Соңғы қоңырау салтанатты жиыны (5–8 сыныптарға арналған сценарий)
Мәтін редакцияланып, тыныс белгілері мен сөйлем құрылысы түзетілді. Бос орындар (пайыз, саны, аты-жөні) бастапқы үлгі бойынша қалдырылды.
Негізгі бөлімдер
- Рәсімдік бөлім (Ту, Әнұран)
- Құттықтау сөздер
- Тақпақтар мен музыкалық нөмірлер
- Жеңімпаздарды атап өту, марапаттау
- Жабылу рәсімі
Ескерту
Төмендегі мәтіндегі ------ және -------------- секілді орындарға өз мектебіңіздің нақты деректерін енгізіңіз.
Сапа көрсеткіші
Биылғы оқу жылы — ------%
Оқу озаттары
Озаттар саны — --------------
Рәсімнің басталуы
Жүргізуші
Рәсімдік мәтінҚұрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, қош келдіңіздер!
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!
5–8 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынын бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші
Мектеп — мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіңе керек асыл мен жауһардай баға жетпес білім байлығын алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя.
Жүргізуші
Дұрыс айтасың. Өйткені жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен — мектептегі соңғы қоңырау салтанаты басталғалы тұр.
Құттықтау сөз
Жүргізуші
Ендеше бүгінгі салтанатты жиынымызды ашу үшін сөз мектеп басшысы Әбдірахман Мұхаметжанұлына беріледі.
Арнау
Еңбегіңіз еленіп, жарқырап жатыр,
Қалаулы деп халқыңыз танып жатыр.
Бірінші түлектер қанат қомдап,
Қанаттарын қияға қағып жатыр.
Ажырамай ұжымнан бір елісіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз!
Сөз берелік мектептің басшысына,
Салтанатты жиынға арналсын тілегіңіз!
Тақпақтар (оқушылар тобы)
1-оқушы
ТақпақМектеп деген — білім кені, жыр кені,
Мектеп деген — ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген — тәрбиеші адамға,
Мектеп деген — даналардың мекені.
Мектеп, мектеп — менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп — шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп — әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп — анам болып көріндің.
2-оқушы
ТақпақМектеп, сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп, сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп, сенсің мені жұртқа сыйлы етіп,
Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің — өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.
3-оқушы
ТақпақМектебім — алтын ұям, құт босағам,
Білімге бастау алдым осы арадан.
Жалықпай табасың деп сен үйреттің
Шешуін қиындықтың тосар алдан.
Мектебім — жұмбақ бағым, құтты мекен,
Ұшырсаң көкке самғап мен де кетем.
Анамның құшағындай елжіретер,
Шуақты сендей сұлу жер бар ма екен?
4-оқушы
ТақпақҰстаздықты таңдап алғым,
Ұстазым, көңілің ақ, пейілің кең.
Дарқандығың шегі жоқ даламен тең,
Әр сөзіңмен зердеме өзің құйдың
Қазақтың қасиетті даналығын.
Дамылсыз шарлап білім-ой арманын,
Өзіңнен жақын адам таба алмадым.
5-оқушы
ТақпақАқ жұлдыздай жарық шашқан түндегідей,
Нұр сәулесін төгер ұстаз жүрегі.
Болашаққа сол жүректен от алып,
Самғай берсін шәкірттердің тізбегі.
Өлкеміздің айналсын өркеніне,
Сенімдерің айналсын серперіне.
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып,
Тек сәттілік елімнің ертеңіне.
Оқу жетістіктері және марапат
Жүргізуші
Биылғы оқу жылы ------% сапа көрсеткішін танытып отыр. Бұл — оқу озаттарының табысы.
-------------- мектебімізде оқу озаттары бар.
Мектептің атын оқушы саны емес, дарынды оқушының даңқы шығарады. Ендеше сол мақтаныштарымызбен таныс болыңыздар!
Сөз оқу ісінің меңгерушісі Сәуле Әбдуәлиқызына беріледі.
Музыкалық сәлем
Ән«Ақ бұлақ»
Орындайтын: 6 «Б» сынып оқушысы Үндіріс Қанағат
Әнші — қалалық «Балапан» байқауының жүлдегері.
Жүргізуші
«Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, ата-аналар атынан --------------------------- сөз береміз.
Ажырамай мектептен бір елісіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Салтанатты жиынға арналсын тілегіңіз.
Би нөмірі
Би«Ана жүрегі» — орындайтын «Інжу» тобы.
Жүргізуші
Мектептің атын республикаға, облысқа, қалаға танытқан оқушыларды атап өтуге рұқсат етіңіздер! Олар — түрлі білім және спорт сайыстарының жеңімпаздары.
Жетістіктер
- 1 Нұралина Жаннұр — республикалық таэквондо жарысынан 2-орын иегері.
- 2 Марлен Әсем — қалалық «Абай оқулары» сайысына қатысып, жүлдегер атанды.
- т.б.
Музыкалық сәлем
Өлең«Қазағым менің» (Күләш Ахметова)
Орындайтын: 5 «Г» сынып оқушысы Әсем Марлен
Жүргізуші
Келесі кезекті мектеп өміріне белсене атсалысқан ата-аналарды марапаттау рәсіміне береміз.
Музыкалық тарту
БиБарша ата-аналардың құрметіне музыкалық сәлем жолдаймыз. Қабыл алыңыздар!
Үнді биі — орындайтын «Інжу» тобы.
Қалалық «Күміс қоңырау» сайысында 2-орын иеленген.
Жабылу бөлімі
Жүргізуші
Әр мектеп әдемі кең ашқан есігін,
Жүректі тербеген сенің де есімің.
Қияға ұшса да кешегі сан түлек,
Ұмытпас бұл үйді — қастерлі бесігін.
Өнерпаздар жарысып сан-салалы,
Жиын десе, той десе жан салады.
Салтанатты жиынның жабылу құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады.
Ән
Қорытынды номер«Бейбітшілік»
Орындайтындар: қалалық сайыстың бірнеше дүркін жеңімпаздары, 6 «Ә» сынып оқушылары Абылай Еркінтегі, Мәди Рүстем.
Жүргізуші
Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!
Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар! Осымен 5–8 сыныптарға арналған салтанатты жиынымыз аяқталды. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылын сәтті қарсы алыңыздар!
Дереккөз
Санат: Қазақша сценарийлер жинағы
Дереккөзі: http:wwwscenarii827-mamyr_25.html