Тәрбие сағат білімділігі

Тәрбие сағатының мақсаты

Білімділік

Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасының әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі ретінде сырттан келген түрлі ұлт өкілдеріне алтын бесік болғанын ұғындыру.

Дамытушылық

Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын құрметтеуге баулу; сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Қазақстандық патриотизмге, елін-жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рух пен патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымаққа, достыққа, Отанын сүюге және қорғауға баулу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Өлең оқу
  • Түсіндіру
  • ТҚЖ (техникалық құрал-жабдық) қолдану

Көрнекіліктер

  • Әр ұлттың ұлттық киімдері
  • Слайдтар
  • Гүлдер, шарлар
  • Қағаздан жасалған ұшақтар

Тәрбие сағатының барысы

I бөлім — Психологиялық даярлық

Мұғалімнің сөзі

Қайырлы күн, балалар! Шеңберге тұрып, жылы жүзбен амандасайық. Бүгін сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар оқушыларды көргеніме ерекше қуаныштымын. Ендеше бір-бірімізге күлімсіреп қарап, бас иіп сәлемдесейік.

Шеңбердегі өлең

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз — Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Оқушы (Ерлан)

Әнұраным — жанұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады Республикам Әнұраны!

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады. Одан кейін сұрақ қойылады: Әнұранның авторлары кімдер?

Сөз авторлары
Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Ән авторы
Шәмші Қалдаяқов

Мемлекеттік рәміздер

Әнұран орындалғаннан кейін әңгіме Қазақстан Республикасының өзге де рәміздеріне жалғасады: Елтаңба мен Ту.

Мемлекеттік Елтаңба

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы — дөңгелек нысанды, көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тараған уықтар көрінеді. Екі қапталында аңыздардағы қанатты пырақтар орналасқан. Жоғары бөлігінде көлемді бесжұлдыз, төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Негізгі бейнелер мен жазу — алтын түстес.

Авторлары: Жандарбек Мәлiбеков, Шоты Уәлиханов.

Оқушы (Айжан)

Қаны да, жаны да қазақтың, Егемен еркіндік — ғажап күн. Жүзінен білінген, Сарайлар төрінде ілінген, Елтаңба — егемен елдің белгісі. Елтаңба — өжеттік, өрліктің белгісі. Елтаңба — тәуекел, ерліктің белгісі. Елтаңба — кемелдік, кеңдіктің белгісі. Елтаңба — өзге елмен теңдіктің белгісі. Елтаңба — егемен елдің белгісі.

Мемлекеттік Ту

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы — көгілдір түсті тікбұрышты мата. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Тудың сабы жағында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, шұғыла, қыран және өрнек — алтын түстес.

Тудың авторы: суретші Шәкен Ниязбеков. Көгілдір түс — халықтың жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниетінің тазалығы мен асқақтығын көрсетеді. Алтын күн — тыныштық пен молшылықтың, ал қыран — еркіндік сүйгіш рухтың нышаны.

Оқушы (Назира)

Жарасқан байрақтың мәні бар, Көк аспан, күн, қыран — сәні бар. Көк байрақ — ашық көк кеңісім, Алтын күн — белгісі жеңістің. Алтын күн көтерген ел құсы — Халқымның батырлық белгісі!

Оқушы (Нұрбол)

Рәміздерім — елдігімнің белгісі, Білу керек, бала дағы ең кіші. Рәміздерім — Әнұран, Ту, Елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Тәуелсіздік туралы ой

Оқушы ой-толғауы

Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата-бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болды. Қазақ халқы талай зорлық пен зобалаңды бастан кешірді. «Азаттықтың ақ таңы атса екен, тәуелсіздік келсе екен» деген арман ХХ ғасырдың соңында жүзеге асты. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан бостандықтың көк туын желбіретті.

Оқушы: Әлішер

Өлең жолдары

Арлан

Туған ел — Қазақстан арайлы. Бүгін саған әлем түгел қарайды. Тәуелсіздік — тұғыры бұл халқымның, Бейбітшілік таңы әр кез арайлы.

Бауыржан

Арайлы азаттықтың нұрын құшқан, Шолпандай жарқыраған күншығыстан. Тәуелсіз Қазақстан — туған елім, Досы көп, бата алмайды бірде дұшпан.

«Тәуелсіздік» сөзінің мәні

Тәуелсіздік — қасиетті ұғым. Оқушылар әр әріпке мағына беріп, ұғымның құндылығын талдайды:

  • Т — теңдік
  • Ә — әдептілік, әлділік
  • У — уайымсыз уақыт
  • Е — егемендік, елдік
  • Л — лағып, лепірме
  • С — сенімділік
  • І — ілтипат, ізет
  • З — зиялы тілек
  • Д — достыққа шақыру
  • І — ілкімділік, сақтық
  • К — көктегі күндей болу

Қазақстанның атаулы күндері

«Тәуелсіздік ұшағы» ойыны арқылы оқушылар маңызды тарихи даталарды еске түсіреді.

1991

  • 16 желтоқсан: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.
  • 1 желтоқсан: жалпыхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.
  • 10 қазан: тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1992–1997

  • 1992, 4 маусым: Ту, Елтаңба, Гимн қабылданды.
  • 1993, 12 қараша: ұлттық валюта — теңге айналымға енді.
  • 1994: ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
  • 1995, 1 наурыз: Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
  • 1995, 30 тамыз: жаңа Ата Заң қабылданды.
  • 1997, 10 желтоқсан: астана Ақмолаға көшірілді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Ассамблея қызметінің нәтижесінде елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әр азаматтың Конституциямен кепілдендірілген құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалануына мүмкіндік беретін келісім мен өзара түсіністіктің айрықша үлгісі қалыптасты.

Көрініс және көпұлтты бірлік

Көрініс

Немересі: Ата, неге біздің елімізде басқа ұлт өкілдері тұрады? Олар Қазақстанға қашан келді, келу тарихы қандай?

Атасы: Оны өздерінен сұрайық.

Слайд көрсетіледі. Әр ұлт өкілдері Қазақстанға келу тарихын айтып, ұлттық тағам ұсынады және өнерлерін көрсетеді.

Мереке (өлең)

Мы дружной семьёю живём в Казахстане, Татары, уйгуры и русские с нами. Так пусть же крепнет во веки веков Дружба народов всех возрастов.

Қазақстан — ортақ шаңырақ

Алтынай

Қазақ жері — қонақжай төрдің жері, Қазақ елі — қаһарман ердің елі. Толқынында тарихтың қуғын көрген, Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Наргиза

Қазақстанда бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Тарихтың белгілі бір кезеңдерінде тағдыр тәлкегін көріп, солақай саясаттың құрбаны болып елімізге қоныстанған көптеген халықтар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

Аружан

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Арайлым

Тілі бөлек болғанменен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан — бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Наргиза (жалғасы)

Қазақ елі — қашаннан да жыр елі, Тарихында тұлғалар көп киелі. Қазақстан аясында бұрыннан Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді. Бір-бірімен тату-тәтті тұрады — Бәрінің де Қазақстан — тұрағы.

Топтық жұмыс

1-топ

«Бірлік» тақырыбына эссе жазады. Кейін жекелеген оқушылар өз жұмыстарын оқып береді.

2-топ

Осы тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтады, ой бөліседі.

Өнер бөлімі

Өлең

Айжан

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Бауыржан

Қазақстан — елім менің, Қазақстан — жерім менің. Саған арнап тартылады Күйім менің!

Күй

«Тепеңкөк» халық күйі орындалады.

  • Сәтпеков Бауыржан
  • Қаскеев Бауыржан
  • Бекенова Аңель

Би және ақ тілек

Қазақ биі орындалады.

  • Төлеуова Айжан
  • Омар Назира

Таир (ақ тілек)

Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз, ұсынамын төрден орын, Досым деген адамға — міне қолым. Әр қазақтың жүрегінде осы тілек: Адамзат, оң сапарда болсын жолың.

Қорытынды

Жаса, жаса, тыныштық — достық бізге тым ыстық. Бірлік — байлық, ырыс — құт.

Хормен: «Туған жер» әні орындалады.

Дереккөз: www.1667-m.html