Қазақстан әдемі, бай, тәуелсіз ел
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан — әсем, бай, тәуелсіз ел. Елімізде әртүрлі ұлт өкілдері тұрады, олар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүреді.
Ұлтым
Қазақ
Ана тілім
Қазақ тілі
Қазақстанда тұратын әрбір адам өз елі үшін еңбек етіп, Отанын қорғап, сүйе білуі керек. Мен де өз Отанымды сүйемін.
Арманым мен мақсатым
Мектепті бітіріп, үлкен азамат болғанда, мен Отанымды қорғау үшін әскерге барғым келеді. Қазақстанға адал қызмет етіп, елімнің дамуына өз үлесімді қосамын.
Мен Қазақстанда туғанымды мақтан етемін және соған қуаныштымын. Отанға деген махаббат — жүректегі ең қастерлі сезім.