Мұрат өте мейірімді бала
Інім және оның сүйікті үй жануарлары
Менің жалғыз інім бар. Оның есімі — Мұрат. Мұрат үй жануарларын өте жақсы көреді. Әсіресе үйдегі мысық пен күшіктің жанында болып, олармен ойнағанды қатты ұнатады.
Мысық пен күшік
Күшік мысықты көрсе, ырылдап айбат көрсетеді. Сол кезде Мұрат мысыққа араша түсіп, оны қорғайды.
Мұрат өте мейірімді бала. Ол күшіктің де, мысықтың да бір-біріне үйренісіп, тату дос болғанын қалайды.
Күшік те Мұраттың тілін алады — оның жанында сабасына түсіп, тыныштала қалады.