Филология ғылымдарының кандидаты

Өмірбаяны

Төкен Әбдірахманов 1917 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызылтас ауылында дүниеге келген.

1941 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Соғыстан кейін Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің аппаратында қызмет атқарды. Сонымен қатар «Пионер» журналының редакторы болды.

1952 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушылық қызметке ауысты. Филология ғылымдарының кандидаты.

Негізгі еңбектері

Жарық көрген кітаптары мен шығармалары төмендегідей:

  • «Қарғаш»
    Өлеңдер жинағы, 1952
  • «Екі ертегі»
    1957
  • «Бекет Өтетілеуов»
    1961
  • «На заре новой эры»
    Монография, 1969
  • «Қожанасыр хикаялары»
    1977

Қысқаша түйін

Туған жылы
1917
Білімі
Филология
Ғылыми дәрежесі
Кандидат